«ҚазТрансОйл» АҚ Батыс операторлық қызметтер көрсету басқармасының еңбек және қоршаған ортаны қорғау бөлімінің өрт қауіпсіздігі инженері

«ҚазТрансОйл» АҚ Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
6

Қаралған саны:
174

   Конкурс туралы

 

Міндеттері:

1) Басқарма объектілерінде өрттер мен жанулардың алдын алу бойынша ұйымдастырушылық, техникалық және өзге де профилактикалық іс-шаралар кешенін әзірлеу және орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ ықтимал өрттерді уақтылы анықтау, сәтті жою үшін жағдай жасау, персоналдың қауіпсіздігін және эвакуациялануын қамтамасыз ету;

2) Объектілердің өртке қарсы жай-күйін жақсарту бойынша қызметтердің ұсыныстарын және ұсынымдарын қарастыру, оларды еңбек қауіпсіздігі мен еңбек қорғау саласындағы бағдарламаға қосу қажеттілігін анықтау, жоспарланған іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;

3) Өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша ұйымдастырушылық және өкімгерлік құжаттар (ережелер, бұйрықтар, өкімдер және т.б.) жобаларын дайындау, өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықтарды, нұсқамалықтар бағдарламаларын, жадынамаларды әзірлеу, оларды белгіленген тәртіпте қайта қарау, Басқарма бөлімшелерін нұсқаулықтармен қамтамасыз ету;

4) Басқарманың өндірістік объектілерінде еңбек қауіпсіздігі мен еңбек қорғау, өрт қауіпсіздігі бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды тексеруді жүзеге асыруға қатысу;

5) Жаңадан жұмысқа қабылданатын жұмыскерлерге, іссапарға жіберілген жұмыскерлерге, сондай-ақ мердігер ұйымдардың жұмыскерлері мен тәжірибеден өтуге келген студенттерге кіріспе нұсқамалықтар өткізу, Басқарманың бөлімшелерінде өрт-тактикалық оқулар мен өрт-тактикалық сабақтарды уақтылы және сапалы жүргізуді ұйымдастыру, Басқарманың өрт-техникалық комиссиясы жұмысын ұйымдастыру және оған қатысу;

6) өндірісте орын адған өрттердің себептерін талдауды жүзеге асыру, орын алған өрттер мен жанулар, сондай-ақ Қоғамның басқа құрылымдық бөлімшелерінде болған өрттер мен жанулар туралы ақпаратты жұмыскерлердің назарына жеткізу. Өрттер мен жанулар, өрт қауіпсіздігінің жай-күйі туралы  белгіленген нысандар бойынша есептер жасау және белгіленген мерзімде ақпаратты ұсыну;

7) Өрт қауіпсіздігіне қатысты баптар бойынша жоспарланған жылға Басқарма бюджеті жобасын дайындауға қатысу және оны орындау үшін  шаралар қолдану;

8) Стандарттармен, қағидалармен және өзге де нормативтік құжаттармен қарастырылған өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық құжаттаманы рәсімдеу және жүргізу бойынша басшылар мен мамандарға әдістемелік көмек көрсету;

9) Тікелей басшысымен және Басқарма мен  Қоғамның ішкі құжаттарымен өзіне жүктелген, оның құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

 

Талаптары:

кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім

 

Шарттары:

Зиянды факторларсыз, қалыпты еңбек жағдайлары.

5-күндік жұмыс аптасында 8-сағаттық жұмыс күні.

ҚР Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын ресімдеу.

Медициналық сақтандыру.

Оқыту және кәсіби даму.

Ұжымдық шартқа сәйкес әлеуметтік пакет.

Кәсіби ұжым.

Жұмыс орны: Атырау облысы, Атырау қ., Орал тас жолының 5 шақ.

Қажетті қабілеттер

  • знание государственного языка на базовом уровне
  • Требований безопасности и охраны труда, пожарной и экологической безопасности

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)

Бағыттар бойынша сертификаттардың бар болуы қажет

  • Қауіпсіздік техникасы