Бухгалтерияның жетекші маманы (декреттік демалыс кезеңіне)

«Шардара су электр станциясы» АҚ Шардара қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
26

   Конкурс туралы

         Міндеттері:

1) мереке күндері жұмыс уақытын және жұмыс істеген мереке күндерін есепке алу табелін жүргізуге;

    2) жиынтық жасай отырып, Қоғам қызметкерлерінің жалақысын есептеуді және ауыспалы бөлігін есептеуді және шығындардың элементтері бойынша бөлуді жүргізуге;

     3) жалақы бөлігінде басқа дебиторлар мен кредиторлардың есебін жүргізуге;

     4) әлеуметтік салық бойынша есепті, міндетті зейнетақы жарналары бойынша мәліметтерді, жеке тұлғалардың жеке табыс салығы бойынша және төлем көзінен салық салынатын табыстар бойынша есеп-қисапты жүргізуге және жасауға;

     5) қызметкерлерге белгіленген мерзімде беру үшін жалақының есебін уақтылы жасауға;

атқару парақтары бойынша есеп айырысулардың есебін жүргізуге;

     7) Бас бухгалтердің және Жетекші маманның еңбек функцияларына кіретін Бас маманның тапсырмаларын орындауға;

     8) жоғарыда аталған өкілеттіктер шегінде автоматтандырылған бухгалтерлік бағдарламалар жүйесіне есепке алу деректерін енгізу;

     9) «Qazaq Green Power PLC» жария компаниясының еншілес ұйымдары үшін комплаенс тәуекелдерді басқару жөніндегі саясатта белгіленген талаптарды сақтау;

     10) жасалған немесе жоспарланып отырған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы нөлдік шыдамдылық қағидаты бойынша белгілі болған жағдайда дереу Қоғам басшылығына, «Комплаенс» қызметіне хабарлайды немесе жедел желіге жүгінеді, мүдделер қақтығысына жол бермейді;

     11) Тәуекелдерді басқару жөніндегі саясатта баяндалған ережелерді, Ішкі бақылау жүйесі туралы ережені және Ішкі бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі ережені басшылыққа алады;

      12) тәуекелдер бойынша тренингтерге міндетті түрде қатысуды жүзеге асырады.

      13) халықаралық стандарттарға сәйкес корпоративтік менеджмент жүйесінің (бұдан әрі - КСМ) талаптарын орындау: ISO 9001 сапа менеджменті жүйесі, ISO 45001 денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету менеджменті жүйесі, ISO 14001 экологиялық менеджмент жүйесі, ISO 50001 энергетикалық менеджмент жүйесі және ISO 37001 сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесі.

      14) ISO 9001, ISO 14001, ISO 45001, ISO 50001 және ISO 37001 халықаралық стандарттарының талаптарын білуі тиіс.

             Талаптары:

жоғары экономикалық білім немесе орта арнайы білім;                                          мамандығы бойынша жұмыс өтілі  кемінде 1 жыл;                                                компьютерді жақсы меңгерген, 1С: ERP жүйесінде жұмыс істей білу.

Тестілеу заңнаманың негіздерін білу, бухгалтерлік есеп, салықтар мен алымдар, зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтік және медициналық сақтандыру, сондай-ақ азаматтық және еңбек құқығы туралы негіздерді түсіну жөніндегі мәселелерді қамтиды.

            Шарттары:

жетекші маман пайдаланатын мүліктің сақталуын қамтамасыз ету;                                    еңбек тәртібін, қауіпсіздік ережелерін, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, өндірістік санитария мен өрт қауіпсіздігін (ӨҚЕ) сақтау, 5 күндік жұмыс аптасы, жұмыс кестесі 9.00-ден 18.00-ге дейін. Жұмыс орын мына мекен-жай бойынша орналасқан: Түркістан облысы, Шардара ауданы, Шардара қаласы, Елмұратов көшесі, № 13 үй.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Колледж

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Орташа)