Қоршаған ортаны қорғау қызметі бастығы
1060011 - 1060011 KZT
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС Павлодар қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Лауазым функционалы:
- өндірістің қоршаған ортаға зиянды әсерін азайту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
- кәсіпорынның ҚР Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қолданыстағы заңнамасын сақтауын және мемлекеттік бақылаушы органдардың нұсқамаларын орындауын бақылау; экологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылаушы органдармен жедел өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
- қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы стандарттар мен нормативтерді сақтау бойынша экологиялық заңнаманың талаптарын орындауға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге және енгізуге басшылық жасау;
- қоршаған ортаға эмиссиялар бойынша есептерді дайындауды және экологиялық төлемдер бойынша есептерді дайындауды ұйымдастыру; авариялық шығарындылардың, зиянды заттардың төгінділерінің, қалдықтарды қоршаған ортаға орналастырудың себептері мен салдарын тергеп-тексеруді ұйымдастырады, олардың алдын алу жөнінде ұсыныстар дайындайды; экологиялық оқыту бағдарламаларын әзірлеуге қатысады;
- инспекциялық ұйымдар жүргізетін тексерулерге қатысады. Экологиялық заңнама талаптарын сақтау бойынша кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері мен объектілерін тексеруді ұйымдастырады;
- қоршаған ортаны қорғау бойынша перспективалық және ағымдағы жоспарлар жасауды ұйымдастырады, олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
- Біліктілік талаптар:
- қызмет бейіні бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;
- қоршаған ортаны қорғау жөніндегі лауазымдарда мамандығы бойынша жұмыс өтілі 5 жылн кем емес болуы тиіс (I-II санаттағы объектілерде құпталады);
- біліктілікті арттыру бөлігінде сертификаттардың болуы (құпталады).
Білімі мен дағдылары:
- Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын экологиялық заңнаманы, қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді білу;
- мемлекеттік тілді білу;
- компьютерде жұмыс істеу дағдылары міндетті, MS Office: Word, Excel, Outlook, 1C бағдарламаларын, "Самұрық-Қазына"Электрондық сатып алудың ақпараттық жүйесін білу.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
Ұқсас вакансиялар
Өндірістік бақылау, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау қызметі 2 санатты инженері, негізгі қызметкердің уақытша болмауына байланысты уақытша бос орын.
«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Қарағанды» магистральдық газ құбырлары басқармасы | Қызметкер болмаған кезде
| Қарағанды қ.
03.04.2026 | 129
Өнеркәсіптік бақылау, еңбекті қорғау және қауіпсіздік инженерінің уақытша лауазымы
«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Қостанай» магистральдық газ құбырлары басқармасы | Қызметкер болмаған кезде
| Қостанай қ.
26.03.2026 | 920