Әкімшілік департаменттің бас менеджері

«Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
48

Қаралған саны:
568

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Белгіленген мерзімдерде ауызша және жазбаша, толық және қысқартылған аудармаларды орындау және/немесе хаттарды, қызметтік жазбаларды, ұйымдастырушылық-өкімдік, ақпараттық-талдамалық құжаттарды және өзге де мәтіндерді орыс тілінен қазақ тіліне, қазақ тілінен орыс тіліне аудару, сондай-ақ аудармалардың түпнұсқаның лексикалық, стилистикалық және мағыналық мазмұнына дәл сәйкес келуін қамтамасыз ету, қолданылатын ғылыми және техникалық терминдер мен анықтамаларға қойылатын талаптарды сақтау;
  • Қоғамдық, экономикалық және өзге де арнайы әдебиеттерді, нормативтік-техникалық құжаттаманы, ұйымдармен хат алмасу материалдарын, сондай-ақ конференциялар, кеңестер, семинарлар материалдарын аудару;
  • Қазақ және орыс тілдерінде дайындалған аудармаларды редакциялау;
  • Мемлекеттік тілдегі құжаттаманың сапасын бақылау;
  • Әкімшілік сипаттағы тауарлар мен қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу бойынша қажетті құжаттарды дайындауға, сондай-ақ әкімшілік сатып алулардың жылдық жоспарын жасауға қатысу;
  • Қызметтердің сапасын арттыру және шығындарды азайту мақсатында әкімшілік сипаттағы қызметтерді жеткізушілермен және контрагенттермен өзара әрекеттесу;
  • Серіктестіктің әкімшілік қызметіне қатысты негізгі қызмет бойынша бұйрықтарды дайындау және әзірлеу барысында HR-бөлімімен өзара әрекеттесу;
  • Өз қызметінің нәтижелері мен орындалуы туралы есептерді ұсыну;
  • Лауазымдық міндеттерден туындайтын басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындау.

Талаптар:

  • «Аударма ісі», «Филология», «Қолданбалы лингвистика», «Журналистика» мамандықтары бойынша жоғары кәсіби білім;
  • Аударма саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі;
  • Квазимемлекеттік секторда немесе ұлттық компанияларда жұмыс тәжірибесі;
  • Іскерлік хат алмасу деңгейінің жоғары болуы;
  • Қысқа мерзімде үлкен көлемдегі ақпаратпен жұмыс істеу дағдылары;
  • Microsoft Office бағдарламаларын (Word, Excel, Outlook) сенімді меңгеру;
  • Іс жүргізу бойынша ішкі нұсқаулықтар мен рәсімдерді әзірлеу және енгізу қабілеті;
  • Құжат айналымының нысандары мен әдістерін жетілдіру және Серіктестік қызметкерлерінің орындаушылық тәртібін қамтамасыз ету қабілеті;
  • Ақпаратты жедел жинау, талдау және құрылымдау қабілеті.

Жұмыс шарттары:

5/2

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Кәсіби)