«KEGOC» АҚ «Ақпараттық телекоммуникациялық жүйелер» филиалының Алматы өңірлік орталығының телекоммуникациялар тобының байланыс тораптары секторының инженері (уақытша)

Жалақы көрсетілмеген
«KEGOC» АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
7

Қаралған саны:
171

   Конкурс туралы
Міндеттері:

  • кезекші инженердің функцияларын орындайды, ауысымға келген кезде ақпараттық-телекоммуникациялық кешеннің жұмыс қабілеттілігіне тұрақты қашықтықтан мониторингті жүзеге асырады, нұсқаулыққа сәйкес жүйелердің жұмыс істемеуі анықталған кезде бастапқы диагностиканы орындайды және регламентке сәйкес жауапты тұлғаларды хабардар етеді;
  • электрондық-диспетчерлік журналда ақпараттық-телекоммуникациялық кешен жабдықтарын енгізу және жұмыстан шығару бойынша жоспарлы және авариялық өтінімдерді және олардың мәртебесін қалыптастырады, сондай-ақ өзіне-өзі қызмет көрсету порталында инциденттер мен сұрау салуларды тағайындауды жүргізеді;
  • ақпараттық-телекоммуникациялық кешен жабдығының жай-күйі туралы тәуліктік анықтаманы қалыптастырады, оның нұсқаулыққа сәйкес мүдделі тұлғаларға жіберілуін қамтамасыз етеді;
  • пайдалану құжаттамасын жүргізуді жүзеге асырады;
басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындайды.

Талаптары:
  • жұмыс дағдылары: автоматты телефон станциясының жабдықтарын және кепілдендірілген қуат жүйелерін монтаждау / орнату / баптау;
  • электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидалары, энергетикалық кәсіпорындар үшін өрт қауіпсіздігі қағидалары, электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидалары, Электр қондырғыларын орнату қағидалары талаптарының негіздерін білу;
компьютерлік жабдықтың, перифериялық құрылғылардың, талшықты-оптикалық байланыс желісінің, радиорелелік байланыс желісінің, спутниктік байланыстың, автоматты телефон станциясының, белсенді желілік жабдықтың, электр энергетикасы саласындағы технологиялық процесті басқарудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс принципі негіздерінің базасын білу.
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды жүргізетін оқу орталықтарында оқудан өткені туралы куәліктің болғаны жөн.
қазақ, орыс, ағылшын (мүмкіндігінше) тілдерін білу.
Жоғары білім - талап етілмейді / техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім кемінде үш жыл.

Шарттары: 
Қызметкердің жұмыс орны Алматы қаласында, Алмалы ауданы, Шевченко көшесі, 162/7 ("KEGOC" АҚ филиалының ғимараты Алматы жүйеаралық электр желілері) орналасқан.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Магистр
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Орташа)
  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Кәсіби)