"KEGOC" АҚ "Ақмола ЖЭТ" филиалының Атбасар АЭТ КС-500кВ "Есіл" бастығы
Біліктілікке қойылатын талаптар
|
Білім деңгейі |
Жоғары білім |
|
Мамандығы (диплом бойынша бағыты) |
Кәсіптік (техникалық) білім (электр энергетикалық мамандықтар бойынша) |
|
Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі |
Өндірісті техникалық дайындау және өндірісті жедел басқару бойынша кемінде 5 жыл |
|
Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жыл |
Мамандығы бойынша тәжірибесі 5 жылдан кем емес |
|
Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жыл |
Қажет емес. |
|
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар |
· Нормативтік құқықтық және өзге де құжаттардың талаптарын енгізу дағдылары; · Аналитикалық дағдылар (талдау, нақтылау және жалпылау); · Нормативтік құжаттарды әзірлеу дағдылары; · Жұмыс процесін жоспарлау және оңтайлы ұйымдастыру; · Сыни тұрғыдан ойлау; · Уақытты және бағынышты адамдарды тиімді басқару; · Стратегиялық және шығармашылық ойлау; · Коммуникативтік дағдылар, әріптестердің, серіктестердің және жоғары тұрған басшылықтың сеніміне ие болу қабілеті; · Тыңдай білу, құзыретті кеңестер беру; · Тез үйрену қабілеті; · Ақпараттың үлкен көлемімен жұмыс істеу; · Іскерлік хат алмасу дағдылары. · электр қауіпсіздігі бойынша V топ |
|
Лицензиялар, сертификаттар |
|
|
Қосымша талаптар |
· PC (MSOffice: Word, Excel, Access, PowerPoint тәжірибелі пайдаланушысы; · Қазақ, орыс тілдерін білу. |
- Лауазымдық (функционалдық) міндеттері:
- Техникалық пайдалану қағидаларына, техника қауіпсіздігі қағидаларына, дайындаушы зауыттардың нұсқаулықтарына, табиғат қорғау заңнамасының талаптарына және басқа да қолданыстағы нормалар мен қағидаларға сәйкес жабдыққа, ғимараттар мен құрылыстарға және басқа да объектілерге жедел қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді;
- бағынысты персоналдың Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің, «КЕGОС» АҚ-ның, еңбекті қорғау жөніндегі мемлекеттік және ведомстволық қадағалау органдарының ұйымдық-өкімдік құжаттарына, сондай-ақ лауазымдық нұсқаулықтарға, ішкі еңбек тәртібі қағидаларына, жеке еңбек шарттарына, БМЖ талаптарына сәйкес еңбекті қорғау талаптарын орындауын қамтамасыз етеді;
- 500кВ Есіл ҚС барлық жабдықтарын жөндеудің, техникалық қызмет көрсетудің, сынаудың және тексерудің жылдық, айлық және көпжылдық жоспарларын орындауды ұйымдастырады;
- ААЭТ-пен бірлесіп жұмыскерлерді ұжымдық және жеке қорғану құралдарымен, арнайы киіммен, еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтармен, жұмыстың қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне оқытумен, еңбекті қорғау және өнеркәсіптік санитария жөніндегі стандарттардың, нормалар мен қағидалардың талаптарына сәйкес жұмыс орындарын ұстаумен, жұмыскерлердің денсаулығын мерзімді бақылаумен қамтамасыз етеді;
- жедел құжаттаманы қарайды және жабдықтар мен персоналдың жұмысындағы ақаулар мен бұзушылықтарды жоюға шаралар қабылдайды;
- жабдықтар, электр жеткізу желілері, ғимараттар мен құрылыстар жұмысының сенімділігін арттыруға бағытталған іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;
- филиалда қолданылып жүрген тәртіпке сәйкес техникалық, жедел және бухгалтерлік есептілікті жасауды және ұсынуды қамтамасыз етеді;
- аварияларды, ажыратуларды, өрттерді тергеп-тексеруге, тергеп-тексеру нәтижелері бойынша көзделген іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуге қатысады;
- материалдар мен негізгі құралдарды жоспарлы есептен шығаруды және кіріске алуды жүргізеді;
- қолданыстағы қағидаларға сәйкес 500кВ Есіл ҚС персоналымен жұмысты ұйымдастыруға және жүргізуге, сондай-ақ жұмыс орындарын аттестаттау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға жауап береді;
- Жабдықтарды жөндеуге және олармен жұмыс орындары мен жұмыскерлерді қамтамасыз етуге арналған жергілікті нұсқаулықтарды, технологиялық карталарды әзірлеуді ұйымдастырады;
- «КЕGОС» АҚ құжаттамасының талаптарын, оның ішінде 500кВ Есіл ҚС қызметіне сәйкес келетін БМЖ саласында орындалуын қамтамасыз етеді;
- тиісті құжаттарды ресімдей отырып, құрылыс-монтаждау жұмыстарының жүргізілуіне жүйелі және сапалы қадағалау жүргізеді, ақаулары мен кемшіліктері бар объектілерді пайдалануға қабылдауға жол бермейді;
- объектілерді жөндеу, ЖЭЖ, реконструкциялау, қайта жарақтандыру, күрделі салу көлемдерін, жабдыққа, материалдар мен қосалқы бөлшектерге қажеттілікті жоспарлауды жүргізеді;
15) жабдық жұмысындағы бұзушылықтарды, өрттерді жоюға, авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге жауап береді
16) 500кВ Есіл ҚС электр желісінің объектілерін, ғимараттарын, құрылыстарын, мүлкін өртке қарсы күзетпен күзетуді қамтамасыз етеді.
17) жаңа техниканы, НОТ-ты және рұтымгерлік жоспарларын енгізу жөніндегі іс-шараларды орындайды;
18) ҚС жабдықтарын пайдалану және жөндеу бойынша тәжірибе алмасуға қатысады.
19) кадрларды іріктеуге қатысады;
20) ААЭТ құзыретіне кіретін Техникалық кеңеске, семинарларға, кеңестер мен конференцияларға материалдар дайындайды.
21) жұмыс берушіге адамдардың өмірі мен денсаулығына, жұмыс беруші мен жұмыскерлердің мүлкінің сақталуына қатер төндіретін туындаған жағдай туралы, сондай-ақ бос тұрып қалудың туындауы туралы хабарлайды.
22) қосалқы станцияның барлық қызметіне басшылық жасайды, пайдалану және жөндеу жұмыстарын орындауға байланысты барлық мәселелер бойынша қосалқы станцияның шеберіне, жедел және жөндеу персоналына өкімдер береді;
23) ТПЕ, ТҚЕ, ӨҚЕ, нұсқаулықтар мен басқа да нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес қосалқы станция жабдығының, РҚА құрылғыларының, телеөлшеу құралдарының жұмыс режиміне тәулік бойы жедел қызмет көрсетуді және бақылауды ұйымдастырады;
24) Жабдықты жөндеуге шығаруға жоспарлы, жоспардан тыс және авариялық өтінімдерді пысықтайды және ЖДТ-ға береді;
25) қосалқы станцияның электр жабдықтарының жұмысын жүйелі есепке алуды және талдауды жүргізеді;
26) қосалқы станция жабдығының ақаулары мен бұзушылықтарын уақытылы анықтауды және жоюды ұйымдастырады;
27) өрт қауіпсіздігі қағидаларының талаптарына сәйкес аумақты, ғимараттарды, қосалқы станция орынжайларын, персоналдың жұмыс орындарын күтіп-ұстауды ұйымдастырады;
28) ақаулы актілерді енгізу, SAP бағдарламасында материалдарды есептен шығару жөніндегі жұмыстарды жүргізеді;
Ұқсас вакансиялар