«KEGOC» АҚ Комплаенс қызметінің басшысы
Лауазымдық міндеттері:
1) Комплаенс қызметінің қызметіне жалпы басшылықты және үйлестіруді жүзеге асырады, оның жұмысын ұйымдастырады, қызметкерлердің өздеріне жүктелген міндеттерді табысты орындауы үшін қажетті жағдайлар жасайды;
2) комплаенс бойынша ішкі құжаттар мен әдістемелік ұсынымдарды, сондай-ақ Комплаенс қызметінің қызметіне қатысты өзге де құжаттарды әзірлеуді қамтамасыз етеді;
3) Комплаенс қызметінің құзыретіне кіретін ішкі құжаттардың, бұйрықтардың және өзге де материалдардың жобаларын қарайды және келіседі (виза қояды);
4) заңнаманы тұрақты түрде мониторингтеуді жүзеге асырады және реттеуші орта өзгерген жағдайда «KEGOC» АҚ компаниялар тобы қызметіне әсерін айқындайды;
5) «KEGOC» АҚ үшін комплаенс тәуекелдерін бағалау әдіснамасын өзектендіру және енгізу үшін жауапты болады;
6) негізгі бизнес-процестердің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырауын бағалауды, оның ішінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органымен бірлесіп жүргізуді қамтамасыз етеді;
7) комплаенс тәуекелдерін бағалау туралы есепті және оларды азайту жөніндегі іс-шаралар жоспарын дайындауды қамтамасыз етеді. Комплаенс тәуекелдерін бағалау нәтижелері туралы ақпараттың ашылуын қамтамасыз етеді;
8) кешенді Комплаенс бағдарламасын әзірлейді және Директорлар кеңесіне ұсынады. «KEGOC» АҚ компаниялар тобы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі саясаттарды, регламенттер мен рәсімдерді әзірлеуді, оның ішінде Мінез-құлық кодексін (іскерлік әдеп) өзектендіруді қамтамасыз етеді. «KEGOC» АҚ компаниялар тобында Комплаенс бағдарламасының енгізілуі туралы Директорлар кеңесін тұрақты түрде хабардар етеді;
9) «KEGOC» АҚ компаниялар тобының үшінші тұлғаларына тексерулер жүргізеді;
10) «KEGOC» АҚ үшін үшінші тұлғаларды кешенді тексеру әдіснамасын өзектендіру және енгізу үшін жауапты болады. Үшінші тұлғаларды тексерудің автоматтандырылған жүйесін енгізуді қамтамасыз етеді;
11) «KEGOC» АҚ үшін комплаенс саясаттары мен рәсімдерін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі сыртқы реттеуші талаптарды бұзу мәселелері бойынша бастамашылық хабарлау саясатын өзектендіру үшін жауапты болады. Бастамашылық хабарлау құралдарын оңтайландыруды қамтамасыз етеді;
12) корпоративтік қағидалар мен рәсімдерді басшылыққа ала отырып, «KEGOC» АҚ құрылымдық бөлімшелеріне проактивтілік қағидатын ұстана отырып, уақтылы коммуникация мен консультация беруді қамтамасыз етеді; «KEGOC» АҚ-та комплаенс саясаттары мен стандарттарының енгізілуін бақылайды, портфельдік компанияларға ұсынымдар береді; комплаенс бағыттары бойынша қажеттілігіне қарай оқыту жүргізеді, комплаенс жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында;
13) этика және комплаенс стандарттары мен қағидаттарына сәйкестігіне мониторинг жүргізу рәсімін, сондай-ақ жауапты департаменттер мен еншілес ұйымдардан (операциялық бизнес-процестер иелерінен) тұрақты есептерді жинақтау процесін бақылайды. Директорлар кеңесі жанындағы аудит комитетіне/Директорлар кеңесіне комплаенс іс-шараларының орындалу мәртебесі және комплаенс тәуекелдері туралы тұрақты есептілікті дайындауды қамтамасыз етеді;
14) келіп түскен шағым, ақпарат немесе мониторинг нәтижелері негізінде тексерулер жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастырады (ішкі аудит, тәуекелдер және ішкі бақылау, құқықтық қамтамасыз ету, омбудсмен, адами ресурстарды басқару және т.б. өкілдері); қажет болған жағдайда жауапты тұлғаны тағайындайды; тексеру процесін толық аяқталғанға дейін және дауды реттеу шаралары қабылданғанға дейін үйлестіреді; нәтижелері бойынша басшылыққа есептілік ұсынуға жауап береді;
15) заңсыз алынған кірістерді заңдастыру тәуекелдеріне неғұрлым сезімтал өнімдерді, қызметтерді, клиенттерді, үшінші тұлғаларды және өңірлерді айқындауға мүмкіндік беретін тәуекелдерді бағалауды ұйымдастырады. Клиенттермен, жеткізушілермен, үшінші тұлғалармен және аффилиирленген тұлғалармен өзара іс-қимыл барысында заңсыз кірістерді заңдастырудың ықтимал жағдайларын анықтайтын тәуекелдерді кешенді тексеру бағдарламасын енгізуді ұйымдастырады. Ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимыл (AML) шеңберінде ашып көрсетілуге жататын операцияларды айқындайды және есептілікті ұсыну талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді. Басшылық пен қызметкерлердің хабардарлығын және талаптарды сақтауын қамтамасыз ету үшін тұрақты оқытуды ұйымдастырады. Заңсыз кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл талаптарының сақталуына ішкі және сыртқы аудиттің тұрақты жүргізілуін ұйымдастырады;
16) «KEGOC» АҚ-ның әртүрлі департаменттерімен, оның ішінде Заң департаментімен, Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау департаментімен, Ішкі аудит қызметімен, Қауіпсіздік департаментімен, Қамтамасыз ету және қорлар департаментімен этика және комплаенс мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды. ҚР заңнамасының және «KEGOC» АҚ ішкі нормативтік құжаттарының талаптарының сақталуына қатысты құрылымдық бөлімшелер мен қызметкерлердің қызметіне тексерулер жүргізеді;
17) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша реттеуші органдармен (ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, ҚР Бас прокуратурасы, ҚР Президенті жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия және т.б.) өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және үшінші тұлғаларды тексеру үшін деректер базаларын пайдалану мәселелері бойынша;
18) жетекшілік ететін мәселелер бойынша материалдар дайындауды ұйымдастырады және кеңестер мен семинарларға қатысады;
19) Комплаенс қызметінде еңбек және атқарушылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді.
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
- Комплаенс саласындағы халықаралық тәжірибелер мен стандарттарды, Қазақстан Республикасының заңнамасын білу, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, ақшаны жылыстату мен терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл, сондай-ақ экстерриториялық юрисдикциясы бар халықаралық санкциялар мен шет мемлекеттердің санкциялары мәселелері бойынша.
- Өзгерістерді басқару шеңберінде әрекет ету дағдылары: ішкі және сыртқы ортада (ауызша, жазбаша, визуалды коммуникация) жоғары деңгейдегі қарым-қатынас және тиімді тұлғааралық өзара іс-қимыл дағдылары, келіссөздер жүргізу дағдылары.
- Комплаенс және этика мәселелері бойынша ішкі корпоративтік құжаттарды, стандарттарды, саясаттар мен рәсімдерді әзірлеу, сондай-ақ комплаенс рәсімдері шеңберінде бизнес-процестерге мониторинг жүргізу, тергеулер жүргізу және этика мен комплаенс саласында есептілік қалыптастыру бойынша тәжірибе мен дағдылар.
- Ірі халықаралық немесе қазақстандық компанияда үшінші тұлғаларға кешенді тексеру (due diligence of third parties / KYC) енгізу және/немесе әкімшілендіру тәжірибесі.
- Комплаенс тәуекелдерін басқару саласындағы жұмыс тәжірибесі.
- Корпоративтік басқару жүйесін түсіну.
- «KEGOC» АҚ-дағы бизнес, қызмет және сатып алу рәсімдерін түсіну.
- Оқыту және тренингтер өткізу дағдылары.
- Қоғамның құрылымын және Қоғам мен еншілес ұйымдардың (бұдан әрі – ЕҰ) қызметін регламенттейтін ішкі құжаттарды білу.
- Еңбекті қорғау және қауіпсіздік, өрт және экологиялық қауіпсіздік қағидалары мен нормаларын білу.
- Іскерлік этика кодексі мен іскерлік қарым-қатынас этика нормаларын білу.
Талаптар:
- Жоғары білімі: құқықтану және халықаралық құқық, немесе қаржы, немесе есеп, немесе аудит мамандықтары бойынша;
- Жұмыс тәжірибесі:
– қызметкерлер саны, активтер көлемі және т. б. бойынша салыстырмалы ірі компанияларда, экономика салалары ұқсас немесе соған жақын компанияларда және (немесе) Қордың портфельдік компанияларында / Қорда — кемінде 5 жыл;
– комплаенс функциясын іске асыру саласында, комплаенс-бағдарламаның негізгі элементтерін жүзеге асыруды қамтитын — кемінде 3 жыл.
- Лицензиялар, сертификаттар:
– комплаенс саласындағы қолданыстағы кәсіби сертификаттардың болуы (кемінде “ICA International Diploma in Governance Risk and Compliance” немесе комплаенс саласындағы халықаралық және ұлттық кәсіби ұйымдар беретін, біліктілік емтиханын тапсыруды көздейтін ұқсас жоғары деңгейлі сертификаттар).
– бизнес-менеджмент, экономика, қаржы немесе құқық саласында LLM/MBA дәрежесінің болуы құпталады.
Қосымша талаптар:
- Мемлекеттік тілді компания қызметінің өңірлік және өзге де ерекшеліктерін ескере отырып, тиімді коммуникация жүргізуге және оқыту өткізуге жеткілікті деңгейде меңгергені жөн, сондай-ақ ағылшын тілін білуі құпталады.
- MS Office бағдарламаларының тәжірибелі пайдаланушысы.
Түйіндемені қабылдау 2026 жылғы 17 сәуірге дейінгі мерзімде (қоса алғанда) жүзеге асырылады.
Қажетті қабілеттер
- Комплаенс