«KEGOC» АҚ «Алматы жүйеаралық электр тораптары» филиалының Орталық аумақтық электр тораптары Жөндеу-пайдалану тобының шебері

Жалақы көрсетілмеген
«KEGOC» АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
764

   Конкурс туралы

                                             БОС ЖҰМЫС ОРНЫ

 «KEGOC» АҚ «Алматы жүйеаралық электр тораптары» филиалының Орталық аумақтық электр тораптары Жөндеу-пайдалану тобының шебері

 Лауазымдық (функционалдық) міндеттері:

         1) қосалқы станцияның тарату құрылғыларының жабдықтарын тиісті деңгейде пайдалануға техникалық басшылық етуді, олардың сенімді жұмысын қамтамасыз етуді, оларды пайдаланудың бірыңғай техникалық саясатын жүргізуді жүзеге асырады;

         2) қосалқы станцияның, электр желілерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, қалыпты режимнің бұзылуын оқшаулау, тұтынушыларды үздіксіз электрмен жабдықтау мақсатында бағынысты персоналдың жұмысын ұйымдастырады;

         3) таратушы құрылғылардың техникалық жай-күйі мен пайдалану деңгейін бақылайды және оған бекітілген таратушы құрылғылардағы жұмысқа техникалық басшылық етуді жүзеге асырады;

         4) қолданыстағы ережелердің, бағдарламалардың, нұсқаулықтардың, директивалық нұсқаулардың, аварияға қарсы нұсқаухаттар мен ақпараттық хабарламалардың орындалуын бақылайды және ұйымдастырады;

         5) тарату құрылғылары жабдықтарын пайдалану жөніндегі техникалық құжаттаманың, нұсқаулықтардың, схемалардың және т.б. болуын және жай-күйін бақылайды;

         6) тарату құрылғыларында жабдықта пайдалану жұмыстарын уақтылы жүргізеді, осы жұмыстарды жүргізуге қатысады;

         7) ҚС жабдықтарын жөндеуге шығарудың жылдық және айлық кестелерін жасайды;

         8) жабдықты жөндеу кезінде бағынышты персоналды үздіксіз қадағалауды және тікелей басшылық етуді жүзеге асырады, жұмыс жүргізу технологиясының сақталуын бақылайды;

         9) «Энергетикалық ұйымдарда персоналмен жұмысты ұйымдастыру қағидаларының» талаптарына сәйкес бағынышты персоналмен жұмыс жасайды;

         10) персоналмен «Алматы ЖЭТ» филиалы басшылығының техникалық ақпаратын, директивалық материалдарын, бұйрықтары мен өкімдерін пысықтайды;

         11) аспаптардың, құрылғылардың, персоналды жеке қорғау құралдарының, баспалдақтар мен басқа да құрылғылардың тиісті тәртіппен жасақталуы мен ұсталуына, еңбек қауіпсіздігі талаптарына жауап береді, оларды сынауды ұйымдастырады;

         12) бағынысты персоналдың біліктілігін тексеру кезінде комиссияның жұмысына қатысады;

         13) жаңа жабдықты пайдалануға қабылдауға қатысады;

                14) жабдықты жөндеуге шығаруға өтінім береді, жұмыс жүргізуге наряд-рұқсаттама мен өкім береді, дайындалған жұмыс орнын тексереді;

         15) жабдықтарды тексереді, олардың дұрыс пайдаланылуын бақылайды;

         16) өзіне бекітілген жабдықтардың авариялары мен істен шығуларын тексеруге және талдауға қатысады;

         17) жұмыс орындарында тазалық пен тәртіпті, жұмыс орындарының жеткілікті жарықтандырылуын, сондай-ақ жұмыс орындарында, өндірістік үй-жайларда өртке қарсы қауіпсіздік шараларының сақталуын қамтамасыз етеді;

         18) бағынысты персоналға техникалық оқыту бойынша сабақ өткізеді;

         19) бекітілген персоналмен қажетті жұмыстарды жүргізеді (лауазым бойынша даярлаудың үлгілік бағдарламасы бойынша дайындау, техникалық оқыту, нұсқамалар, өртке қарсы жаттығулар, курстық оқыту, жұмыс өндірісінің қауіпсіз әдістеріне оқыту);

         20) ОАЭТ жабдықтарына қосалқы бөлшектер мен материалдарға өтінімдер жасайды;

         21) «Алматы ЖЭТ» филиалының 500кВ «Алматы» ҚС бойынша жабдықтарды жөндеуге шығарудың көпжылдық жоспар-кестесіне сәйкес жабдықтарға жөндеу жүргізу үшін жұмыс жүргізудің қажетті жобаларын әзірлейді, атқарылған жұмыс туралы есептік құжаттарды дайындайды;

         22) ҒмҚ ЖПЖ және жөндеуге ақаулық актілерін жасайды.

         2) қосымша:

- еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі іс-шаралардың орындалуына бақылау жүргізеді – ОАЭТ-те электр слесарьларының, электр-газбен дәнекерлеушілердің ҚР ТҚҚ, ҚР ТПҚ, ҚР ӨҚҚ  бойынша емтихандарды уақтылы тапсыруын бақылайды;

- «Алматы ЖЭТ» филиалының ОАЭТ 500кВ «Алматы» ҚС бойынша жедел ауыстырып қосуға, жедел келіссөздерге қатысады және оларды бақылайды;

- мінез-құлық аудитін жүргізуге қатысады;

- бастықтың осы нұсқаулықта айтылмаған біржолғы тапсырмаларын орындайды.

Талаптар:

Білім деңгейі

орта кәсіптік/жоғары білім

Диплом бойынша мамандығы (бағыты)

электр энергетикасы саласындағы техникалық білім

Жұмыс тәжірибесі

лауазым бағыты бойынша

электр энергетикасы саласындағы білім

Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жылдар

Жоғары біліммен электр қондырғыларында кемінде 1 жыл/орта біліммен электр қондырғыларында кемінде 3 жыл

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар

• Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын

(бұдан әрі - ТПҚ), Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын (бұдан әрі - ТҚҚ), Энергетикалық кәсіпорындар үшін өрт қауіпсіздігі қағидаларын (бұдан әрі - ӨҚҚ), лауазымдық нұсқаулықтарды, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды білуге біліктілік тексеруден өту – бастапқыны лауазымға тағайындалған күннен бастап 1 айдан кешіктірмей,  мерзімдіні ТҚҚ бойынша жылына 1 рет, ТПҚ, ӨҚҚ бойынша «Алматы ЖЭТ» филиалының біліктілік комиссиясында 2 жылда кемінде 1 рет.

• желілерді техникалық пайдалану саласындағы салалық қағидаларды, нормаларды, талаптарды, электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасын, өз қызметін жүзеге асыру кезінде ОАЭТС-те қолданылатын құжаттар тізбесінде айқындалған көлемде өрт қауіпсіздігі қағидаларын білу;

• Электр қауіпсіздігі бойынша V  біліктілік тобының болуы.

Лицензиялар, сертификаттар

• Жетекшілік ететін мәселелері саласында сертификаттардың болғаны жөн

Қосымша талаптар

• Windows XP, Windows 7  операциялық жүйелерімен жұмыс істеу дағдылары; кеңселік бағдарламалық жасақтамалармен (Microsoft Office Word, Microsoft Office Excel, Microsoft Office Outlook) жұмыс істеу дағдыларының болуы, мемлекеттік тілді және/немесе орыс тілін білу.

 Еңбек жағдайлары:

- Біліктілікті арттыру жұмыс берушінің есебінен;

- Жұмыс кестесі: 5/2, 8:00-ден 17:00-ге дейін;

- Еңбек демалысы 30 к.к.

- Әлеуметтік пакет: тоқсан сайынғы және жылдық сыйлықақы, оқу демалысына ақы төлеу, еңбек демалысына материалдық көмек;

Жұмыс орны: Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Теміржол а.о., Қазыбек бек ст.

Бос лауазым тұрақты болып табылады.

Түйіндемені қабылдау 16.04.2026ж. дейінгі (қоса алғандағы) мерзімде жүзеге асырылады.