«ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы жол және құрылыс департаментінің Техникалық саясат жөніндегі менеджері (15 грейд)
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Жиынтық есепті құрастыруды және қызметтік-техникалық ғимараттардың, жол қашықтықтарының модульдік ғимараттарының нақты жай-күйін талдауды жүзеге асырады;
- Филиалдардың өтінімдерін қалыптастыруды және қорытуды, Департаменттің тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспарының жобасын қалыптастыруға қатысуды, сондай-ақ конкурстық рәсімдерді (қызметтік-техникалық ғимараттарды, модульдерді жөндеу және жаңғырту, өндірістік ғимараттарда жылыту жүйесін сығымдау) жүргізуге өтінімдерді қалыптастыруды және ұсынуды жүзеге асырады;
- Филиалдардың өтінімдері негізінде сатып алуға жоспарланған жұмыстар мен қызметтерге баға сараптамасын жүргізуге сұрау салуларды қалыптастырады;
- Филиалдар мен Департаменттің қажеттіліктері үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған тендерлік құжаттаманы дайындауға және қалыптастыруға қатысу, тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге техникалық шарттар мен техникалық ерекшеліктерді қалыптастырады;
- Филиалдардың баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүргізуіне бақылауды жүзеге асырады;
- Филиалдар мен Департаменттің қажеттіліктері үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша шарттар жасасу мониторингін, тауар-материалдық құндылықтар мен жабдықтарды жеткізуді, сондай-ақ қызметтік-техникалық ғимараттарды, модульдерді, теміржол өткелдерін күрделі және ағымдағы жөндеу жоспарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру, жоспардың орындалуы туралы есептер дайындау;
- Филиалдар арасында негізгі құралдарды беру және қайта бөлу жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асырады: құжаттарды жинау, Дирекцияның, Компанияның қатысы бар құрылымдық бөлімшелерімен келісу және бұйрық шығару;
- Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу комитетіне Департаменттің тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу көлемін келісуге қатысады;
- Департаменттің негізгі қызметі бойынша шығыстар жоспарының орындалуын талдауды жүзеге асыруға, Дирекцияның, Компанияның құрылымдық бөлімшелерінің сұрау салулары бойынша қажетті анықтамалар мен ақпаратты ұсынуға қатысады;
- Техникалық саясат бойынша функционалдық бағыт шеңберінде тауарлық-материалдық құндылықтардың НВЛ және НЛ болуы бойынша есеп жүргізу.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
- Мамандығы: Құрылыс (темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы; Көпірлер мен көлік тоннельдері); Көлік, көлік техникасы және технологиялары; көтергіш-көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтарын техникалық пайдалану;
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Ғылым кандидаты
- Ғылым докторы