Нарықты зерттеу қызметінің жетекші талдаушысы ҚБД

«Қазақтелеком» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
35

Қаралған саны:
530

   Конкурс туралы

Міндеттері:
- В2В сегментінде өңірлік және республикалық масштабта қызметтерді ілгерілету бойынша маркетингтік белсенділіктер мен маркетингтік акциялардың жылдық жоспарын қалыптастыру.
- В2В/В2G сегментінде өңірлік және республикалық масштабта жылдық маркетингтік жоспарды қалыптастыру.
- В2В сегментінде өңірлер бөлінісінде маркетингтік және жарнамалық белсенділікті іске қосу және іске асыру, бақылау.
- Әрбір сегменттің немесе сегменттер тобының ерекшелігін ескере отырып, клиенттік базаны сегменттеу және корпоративтік сегменттегі өнімдерді позициялау үшін деректер жинау.
- В2В сегментінде өңірлер бөлінісінде жаңа және қолданыстағы қызметтерді сату мониторингі.
- Сату бөлімшелері үшін жарнамалық акциялар бойынша тренингтер өткізу.
- Сату бөлімшелерімен өткізілетін акциялардың тиімділігін бағалау және түзету жұмыстарын, аралық және қорытынды нәтижелер бойынша талдамалық есептілікті қалыптастыруды жүзеге асыру.
- B2B сегментінде жаңа өнімдерді әзірлеуге және қызметтер топтамасын қалыптастыруға қатысу.
- Корпоративтік сегменттегі қолданыстағы және жаңа өнімдер бойынша клиенттік тәжірибені зерделеу, ағымдағы және перспективалық қажеттіліктерді талдау.
- Бәсекелестердің стратегиялары мен маркетингтік құралдарын түсіндірумен бәсекелестер бойынша егжей-тегжейлі есепті қалыптастыру үшін деректерді жинау: күшті және әлсіз жақтары, енгізілген жаңалықтар, нарықтық тауашалар, тарифтік саясат, сервис деңгейін бағалау.
- Тауарлық-материалдық қорларды "Сату бойынша шығыстар - жарнама" бабы бойынша есептен шығаруды жүргізу. Өңірдің паспортын, нарық серпінін, макроөңір нарығында компанияның қамтылуын қалыптастыру, даму үшін әлеуеттің болуы, сегменттер бөлінісінде макроөңір қызметінің тиімділігін бағалау, жаңа бизнес объектілері базасын қалыптастыру, жаңа бизнес объектілері құрылысының мониторингі, B2B/B2G сату бөлімдері үшін қорытындылары мен ұсынымдары бар талдамалық жазба жүргізу.
- Макроөңірде бәсекелестер картасын жасау жөніндегі жұмысқа қатысу (қатысу, үлес). Макроөңірде бәсекелестердің аумақтық қатысуы бойынша бастапқы деректерді қалыптастыру. 

Талаптар:
жоғары экономикалық/қаржылық/маркетингтік/техникалық білімі және мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы керек.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр