Лауазымдық жауапкершілік:
Істеуі керек: - шаймалау, еріту, тұндыру, сүзгілеу, сарқынды және жуылған сулар мен ерітінділерді бейтараптандыру, олардан металдарды алу және залалсыздандырылған сарқынды суларды ағызу мүмкіндігін анықтау процестерін жүргізу;
- қоспаларды немесе негізгі металды тұндыру арқылы ерітінділерді тазарту;
- еріткіштер мен басқа да реагенттерді дозалауды жүргізу;
- ортаның жай-күйін, үлес салмағын, ерітінділерді тазалау дәрежесінің шоғырлануын, өнім сапасын, процестер реакциясының аяқталу уақытын анықтау;
- аппараттарды, технологиялық режимдерді берілген деңгейде ұстауды бақылау;
- дайын өнімнің және материалдар мен реагенттердің шығысының есебін жүргізу;
- қызмет көрсетілетін жабдықты басқаруды, оның жай-күйін бақылауды, жөндеуді және жөндеуге қатысуды;
- металл ұнтақтарды елеу процесін жүргізу;
- дайын өнімді түсіруді жүргізу
- қатты және сұйық технологиялық қалдықтарды өңдеудің технологиялық процесін жүргізу;
- реагенттерді дайындаудың технологиялық процесін жүргізу;
- вакуумдық жүйелерге қызмет көрсетудің технологиялық процесін жүргізу;
- газ тазартудың технологиялық процесін жүргізу.Білім:
Техникалық және кәсіптік/жоғары техникалық/жалпы орта - жұмыс берушінің кәсіптік даярлығы болған кездеДағдылар:
Білуге тиіс: - қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы мен техникалық сипаттамасы;
- аппараттарды ауыстырып қосу схемасы;
- қызмет көрсетілетін жабдықта арматураның құрылысы, мақсаты және орналасуы;
- процестің аппаратуралық-технологиялық схемасы;
- ерітінділердің концентрациясы;
- қойыртпақтың температурасы, үлес салмағы;
- қойыртпақтың тұндыру дәрежесі;
- тұндыру процесіндегі коагуляцияның рөлі;
- ерітінділердің, сілтілердің, қышқылдардың, шығарылатын өнімнің негізгі қасиеттері, құрамы және сапасына қойылатын талаптар, осы процесте қолданылатын шикізаттың түрлері мен сипаттамалары;
- технологиялық процестің ауытқуына әсер ететін факторлар;
- шикізат пен материалдардың өндірістік шығындарының алдын алу және қысқарту тәсілдері;
- металдарды барынша шығаруды қамтамасыз ететін процестерді жүргізу әдістері;
- режимдік карталар, күрделі емес сызбаларды оқу тәртібі;
- қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды пайдалану тәртібі;
- техникалық құжаттаманы жүргізу және сақтау тәртібі;
- өндірістік-техникалық оқыту бағдарламасы шегінде химия, физика, гидравлика, жылу техникасы, электротехника негіздері;
- сынама алу ережесі;
- металл ұнтақтардың қасиеттері және олардың сапасын бақылау әдістері.Қосымша:
Еңбек шартының мерзімі/ауыстыру мерзімі: - белгіленбеген мерзімге;
- 1 жылдан кем емес белгілі бір мерзімге (1 жыл).
Еңбек жағдайларының сипаттамасы: - әсер етуге байланысты 1-дәрежелі зиянды еңбек жағдайлары
иондаушы сәулелену
Жұмыс және демалыс режимі:
- бекітілген ауысымдық кестеге сәйкес.
Лауазымдық жалақының мөлшері 148 630 теңгеден 308 198 теңгеге дейін
• «ҮМЗ» АҚ-да қолданылатын еңбекақы төлеу жөніндегі ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес сыйлықақылар мен сыйақылар, оның ішінде: • жыл бойы мерекелік күндерге сыйлықтар (Наурыз мейрамы, Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, Республика күні, Атом саласы қызметкерлерінің күні 2,5 АЕК-тен); • қызметтің түйінді көрсеткіштерін орындауды негізге ала отырып, жыл ішіндегі жұмыс қорытындылары бойынша сыйлықақы беру (1-ге дейінгі мөлшерде); • демалысқа 2-ге дейінгі мөлшерде материалдық көмек; • кірісті жыл сайынғы индекстеу (инфляцияның ресми деңгейі мөлшерінде, бірақ 7%-дан аспайтын мөлшерде); • бір айдағы жұмыс қорытындылары бойынша қызметкерлерге сыйлықақы беру.Білетін тілдер:
-