Лауазымдық жауапкершілік:
Істей алуы керек:
- уран концентратын түсіру және ыдыс пен көліктік қаптама комплектілерін (ҚТК) кіріс бақылауы бойынша технологиялық процесті жүргізу;
- ыдыс пен ҚТК-ны дезактивациялау бойынша технологиялық процесті жүргізу;
- ҚТК бөлшектеу және дайындау бойынша технологиялық процесті жүргізу;
- ыдысты дайындау және өлшеу бойынша технологиялық процесті жүргізу;
- жеке қорғану құралдарын пайдалануға;
- жабдықты жөндеуге дайындау;
- ҚТК ұсақ жөндеу жұмыстарын жүргізу.Білім:
Техникалық және кәсіптік деңгейден төмен емесДағдылар:
Білуге тиіс:
- құрамында уран бар шикізаттың, жартылай фабрикаттар мен өнімнің физикалық-химиялық қасиеттері;
- қызмет көрсетілетін жабдықтың (көліктік буып-түю жинақтарының, пневмоинструменттің, жүк көтергіш механизмдердің), бақылау-өлшеу аспаптарының (шикізат пен жартылай фабрикаттардың массасын өлшеу құралдарының) құрылысы, коммуникация схемасы;
- улы және агрессивті заттарды сақтау ережесі;
- шикізат пен жартылай фабрикаттарды қабылдау жөніндегі құжаттарды ресімдеу ережесі;
- шикізат пен жартылай фабрикаттарды есепке алу жөніндегі нұсқаулық;
- шикізат пен дайын өнімге қойылатын мемлекеттік стандарттар;
- технологиялық және жұмыс нұсқаулықтары;
- өз жұмыс орнында еңбекті ұтымды ұйымдастыру;
- еңбек заңнамасының негіздері;
- өндіріс экономикасының негіздері.Қосымша:
Еңбек шартының мерзімі/ауыстыру мерзімі: - уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру уақытына
Шарттардың сипаттамасы
1-дәрежелі зиянды еңбек жағдайлары:
иондаушы сәулелену
Жұмыс және демалыс режимі - 5 күндік жұмыс аптасында 7.30-дан 14.42-ге дейін, демалыс күндері: сенбі және жексенбі
Лауазымдық жалақының мөлшері 148 630 теңгеден 308 198 теңгеге дейін
Тағылымдама - 30 жұмыс ауысымынан кем емес мерзімге белгіленеді
• «ҮМЗ» АҚ-да қолданылатын еңбекақы төлеу жөніндегі ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес сыйлықақылар мен сыйақылар, оның ішінде: • жыл бойы мерекелік күндерге сыйлықтар (Наурыз мейрамы, Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, Республика күні, Атом саласы қызметкерлерінің күні 2,5 АЕК-тен); • қызметтің түйінді көрсеткіштерін орындауды негізге ала отырып, жыл ішіндегі жұмыс қорытындылары бойынша сыйлықақы беру (1-ге дейінгі мөлшерде); • демалысқа 2-ге дейінгі мөлшерде материалдық көмек; • кірісті жыл сайынғы индекстеу (инфляцияның ресми деңгейі мөлшерінде, бірақ 7%-дан аспайтын мөлшерде); • бір айдағы жұмыс қорытындылары бойынша қызметкерлерге сыйлықақы беру.Білетін тілдер:
-