Ядролық, радиациялық және физикалық қауіпсіздік департаментінің бас менеджері
«Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
– 5/2
- Қазақстан Республикасында атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындап, оларды уәкілетті органға жолдайды;
- Серіктестіктің мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен және өзге ұйымдармен бірлесіп лицензиялық құжаттама пакетін әзірлеуге қатысады;
- АЭС жобасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған сапа бағдарламасын әзірлеуге қатысады;
- Техникалық регламенттердің, халықаралық талаптардың немесе шыққан елінде бекітілген талаптардың негізінде АЭС жобасының конструкциялары, жүйелері мен элементтеріне қолданылатын инженерлік-техникалық нормалар мен қағидалардың тізбесін әзірлейді;
- Апатқа қарсы іс-шаралар жоспарын әзірлейді;
- АЭС орналастыру алаңдарын таңдау және құрылысын жүргізу бойынша жобалық құжаттаманы дайындауға қатысады;
- Радиациялық апаттардан және олардың салдарларынан персонал мен халықты қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеп, оны жергілікті атқарушы органдармен және уәкілетті мемлекеттік органдармен келіседі;
- Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қажетті ішкі нормативтік құжаттарды әзірлейді;
- Радиациялық қауіпсіздікке қауіп төндіретін авариялық жағдайлар мен технологиялық регламенттің бұзылуы туралы уәкілетті мемлекеттік органдарды уақтылы хабардар етеді;
- Ықтимал радиациялық апаттардың тізбесін және олардың салдары мен радиациялық жағдай болжамдарын әзірлеуді ұйымдастырады;
- Құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті мемлекеттік органдарымен, жеке және заңды тұлғалармен, сондай-ақ шетелдік және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;
- Белгіленген тәртіппен уәкілетті органдарға есептіліктің ұсынылуын қамтамасыз етеді;
- МАГАТЭ миссияларына қатысады;
- Ядролық және радиациялық қауіпсіздік саласындағы шешімдер үшін жауапкершілік көтереді;
- Ақпараттық қауіпсіздік талаптарын және Серіктестіктің ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттарының талаптарын сақтау міндеттемелерін орындайды.
- Талаптар:
- «Ядролық физика», «Ядролық физика және технологиялар» немесе атом энергетикасына ұқсас бағыттар бойынша жоғары білім;
- Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында сертификаттардың болғаны жөн;
- Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті органда, ядролық қондырғыларда немесе ядролық және радиациялық қауіпсіздікпен байланысты халықаралық ұйымдарда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі.
Тәжірибе:
– Ядролық және радиациялық қауіпсіздік саласында жұмыс тәжірибесі;
– АЭС бойынша жобалық, нормативтік және лицензиялық құжаттаманы дайындау және келісу тәжірибесі;
– ҚР мемлекеттік органдарымен ядролық және радиациялық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзара іс-қимыл тәжірибесі;
– Халықаралық жобаларға, инспекцияларға немесе миссияларға қатысу (оның ішінде МАГАТЭ-мен өзара іс-қимыл);
– Жобалық шешімдерді талдау және сараптамалық бағалау, оның ішінде қауіпсіздікті негіздеу жөніндегі есептер;
– Қауіпсіздікті басқару жүйелерін, қауіпсіздік мәдениетін енгізу және персоналды даярлау.
– 5/2
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
Міндетті түрде тілдерді білу
- Ағылшын тілі (Орташа)
- Қазақ тілі (Озат)
- Орыс тілі (Озат)
Ұқсас вакансиялар
Санаты жоқ/II санатты/І санатты/жетекші санатты электртехникалық қондырғылар жөніндегі инженер Бас энергетик бөлімі
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Өскемен қ.
15.04.2026 | 742
Бериллий өндірісі. Электр жабдығын жөндеу және қызмет көрсету бойынша 4-6 разрядты электр монтеры (№ 51-01-13/8231 от 23.12.2025) - 1ед., г. Усть-Каменогорск
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Өскемен қ.
07.04.2026 | 725