"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі" филиалының Сарыағаш жол өндірістік-техникалық бөлімінің инженері (электроншы)

от 358 825
Сары-Шаганская дистанция пути Жамбыл облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
252

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Компанияның ақпараттық-есептеу желісін пайдаланушылардың дербес компьютерлерде, ақпараттық жүйелерде, жергілікті есептеу желісінде белгіленген жұмыс қағидаларының сақталуын бақылауды ұйымдастыру;
  • ақпараттық корпоративтік желі мен жергілікті есептеу желісін пайдаланушыларды есепке алуды және тіркеуді қамтамасыз ету;
  • Компанияның ақпараттық корпоративтік желісінде қолдануға рұқсат етілген бағдарламалық-аппараттық қорғау құралдарын техникалық сүйемелдеу. Қорғау бағдарламалық-аппараттық кешенін қолдану нәтижелеріне, сондай-ақ қолдану тәртібіне, сапасына және әдістемесіне талдау жүргізу;
  • ЛВС-да вирусқа қарсы күресті қамтамасыз етуді ұйымдастыру және ұдайы бақылау;
  • ақпараттық жүйелерді пайдалану кезінде туындаған барлық оқыс оқиғалар, оқиғалар мен оларға алғышарттар, ақпараттық жүйелердің деректеріне санкцияланбаған қол жеткізу, ену және өзгерістер енгізу фактілері туралы Тексеру және ақпарат департаментінің инспекторына хабарлау.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі )/орта (техникалық және кәсіптік).
  • Мамандығы: Ақпараттық жүйелер; Автоматтандыру және басқару; Автоматика, телемеханика және байланыс; Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету; Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар; Механика; Математикалық және компьютерлік модельдеу; Есептеу техникасы мен автоматтандырылған жүйелерді бағдарламалық қамтамасыз ету; Электр энергетикасы; Қолданбалы математика; Байланыс желілері және коммутация жүйелері; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі) ;/Автоматтандыру және басқару; Темір жол көлігіндегі автоматика, телемеханика және қозғалысты басқару; Информатика және есептеу техникасы; Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша); Ақпараттық жүйелер (қолдану салалары бойынша); Байланыс, радиоэлектроника және телекоммуникациялар; Радиоэлектроника және байланыс (түрлері бойынша); Электр байланысы мен сымдық хабар таратудың желілік құрылыстарын пайдалану; Оптикалық және электрондық жабдық (түрлері бойынша); Көліктік радиоэлектрондық жабдықты техникалық пайдалану (көлік түрлері бойынша); Аспап жасау (салалар бойынша) Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі); Аспап жасау; Көлік техникасы және технологиялары; Темір жолдың электр техникалық жүйелерін пайдалану; Темір жол көлігінің жедел технологиялық байланыс құрылғыларын пайдалану; Көліктік энергетикалық қондырғыларды пайдалану; Электрлендіру; Тоңазытқыш-компрессорлық машиналар мен қондырғылар; Электрмен жабдықтау; Электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану; Электр энергетикалық жүйелер мен желілер.
  • Жұмыс тәжірибесі: жоғары білім кезінде - кемінде 1 жыл/орта білім кезінде - кемінде 2 жыл, ақпараттық технологиялар саласындағы сертификаттың болуы және/немесе темір жол көлігінің ақпараттық есептеу жүйелері саласындағы жұмыс өтілі 2 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Орташа білім
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж