Жылжымалы құрамды жөндеу жөніндегі слесары Өскемен-1 станциясының ТҚКП «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ– «Семей вагон пайдалану депосы» филиалының Өскемен вагон пайдалану депосы

от 243549
ВЧД-24 ЗАЩИТИНСКОЕ ЭКСПЛУАТАЦИОННОЕ ВАГОННОЕ ДЕПО 3 группа Шығыс Қазақстан облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
21

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

Өздерінің мамандануы бойынша ТҚКЖ бригадирінің бор белгілеріне сәйкес вагонда табылған ақауларды жояды, слесарьлар вагонды жөндейді.
Жылжымалы құрамды жөндеу жөніндегі слесарь қызметке Өскемен вагое пайдалану депосы бастығының бұйрығымен тағайындалады және босатылады.
Жұмыс басталар алдында өз міндеттерінің шеңбері бойынша бұйрықтармен, нұсқаулармен танысады.
Сигналдық керек-жарақтар жиынтығында көзделген құрал-саймандардың, өлшеу құралдарының болуын және жарамдылығын тексеру, бекітілген технологиялық процеске сәйкес өзімен бірге жарамды құрал-сайман, өлшеу және бақылау құралдары болу.
Арнайы киімнің, арнайы аяқ киімнің жарамдылығын тексеру, қызметтік міндеттерін орындау кезінде арнайы киімде болу.
Жылжымалы құрамды жөндеу жөніндегі слесарьлар жылжымалы құрамды қарау кезінде анықталған ақаулықтарды вагонда белгіленген белгілерге сәйкес жөндеу жұмыстарын жүргізуге міндетті.
Вагондар мен контейнерлерге қызмет көрсету және жөндеу, вагондар конструкциясының ерекшеліктерін, вагондарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу тәртібін, сондай-ақ қауіпті жүктермен тиелген ақаулы вагондарда жөндеу жұмыстарын қатаң сақтауды білу.
Жөндеуде анықталған тораптар мен вагон бөлшектерінің дұрыстығын жою. Жылжымалы құрамның слесарьлары өздерінің мамандануы бойынша ТҚКЖ бригадирінің бор белгілеріне сәйкес вагонда табылған ақаулықтарды жояды, слесарьлар вагонды жөндейді.

Қосымша талаптар:

Технологиялық және еңбек тәртібін, еңбекті қорғау, жеке қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі ережелер мен нормалардың талаптарын, жабдықтар мен құрал-саймандарды техникалық пайдалану жөніндегі ережелерді, табиғат қорғау, санитарлық нормалардың талаптарын сақтау.
Іскерлік этика және корпоративтік мәдениет нормаларын сақтау;
Қоғам мен Компанияның құпиялылық нормаларын және жергілікті актілерін бұзбай дұрыс ақпаратты уақтылы ұсыну;
Өзінің пайдалануындағы мүлікке ұқыпты қарау және оның сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ басқа қызметкерлердің мүлкіне ұқыпты қарау;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын, сондай-ақ Қоғамның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының қағидаттары мен талаптарын сақтау;
Білімі: белгіленген бағдарлама бойынша орта және арнайы дайындық
Жұмыс тәжірибесі: жұмыс өтіліне талап қойылмайды

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Орташа білім
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Бастапқы)