«KTZ-Khorgos Gateway» ЖШС инженерлік қамтамассыз ету бөлімінің бас энергетигі
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- 10 кВ трансформаторлық қосалқы станциялардың (ТП-1С, ТП-2С, ТП-3С, ТП-4С, ТП-1П), рельсті жүрістегі порталдық крандардың RMG41t-31.1m (RMG 1, 2, 3), RTG41T-23.47M және басқа да электрлік жабдықтардың (тиеу-түсіру техникалық құралдары мен терминалдың жарықтандыру құралдары) тәулік бойы үздіксіз, техникалық дұрыс пайдаланылуын және сенімді жұмысын қамтамасыз ету;
- Инженер-электриктер мен ауысымдық электриктердің жеке қорғаныс құралдарын, арнайы киім мен арнайы аяқ киімді пайдалануын бақылауды қамтамасыз ету;
- Инженерлік-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің инженер-электриктері мен электриктерінің жұмысын бақылау;
- Электр бөлігі бойынша жылдық бюджетті тиісті түрде қалыптастыруды және уақтылы орындауды қамтамасыз ету, өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
- Электр бөлігі бойынша техникалық құралдардың, ғимараттар мен құрылыстардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында ТРУ-ды сатып алуға ЕНС ТРУ кодтарымен өтінімдерді уақтылы әзірлеу және ұсыну;
- Біліктілікті арттыру мақсатында жоспарлы техникалық сабақтар өткізу;
- Электр қондырғыларының жай-күйін, пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасының сақталуын, электр энергиясын дұрыс пайдалануды, электр энергиясын есепке алу мен өткізуді тұрақты бақылауды жүзеге асыру;
- Инженерлік-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің механиктері мен инженер-механиктерінің табелін жасау;
- Өлшеу құралдарының техникалық жай-күйін және электр энергиясын есепке алу құралдарының дұрыс жұмысын бақылау, есептеу аспаптарының көрсеткіштерін уақтылы алу;
- Оперативтік журналда қалыпты сызбадан ауытқулар туралы жазбалардың жүргізілуін бақылау, қоректендіру және секциялау сызбасының жай-күйі, ажыратылған жабдық және жоспарлы жұмыстардың орындалуы туралы ақпарат беру;
- Электр жабдықтары мен жүйелерге техникалық спецификациялар әзірлеу.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Мамандығы: Көлік, көліктік техника және технологиялар (вагондар, локомотивтер және электр жылжымалы құрам); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі); Электротехника (Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар); Автоматтандыру және басқару; Электр энергетикасы; Стандарттау, метрология және сертификаттау; Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; Құрылыс (Теміржол құрылысы; Жол және жол шаруашылығы); көлік құрылысы; Машина жасау (Технологиялық машиналар мен жабдықтар) инженерлік жүйелер; Экология; Жылу энергетикасы.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 5 жыл, оның ішінде қызмет бейіні бойынша басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Ұқсас вакансиялар