Санаты жоқ инженер-бағдарламашы, II-санатты инженер-бағдарламашы Ақпараттық технологиялар орталығының Корпоративтік есептеу желісін жүйелік сүйемелдеу тобы

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
84

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

Дербес компьютерлер мен серверлерде АҚ талаптарына сәйкес "ҮМЗ"АҚ пайдалануға рұқсат етілген тізіміндегі жүйелік, сервистік және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді орнатады, жаңғыртады және баптайды. АҚ талаптарына сәйкес белсенді желілік жабдықты орнатады, жаңартады және баптайды. Желілік және серверлік жабдықтарды, ақпараттық жүйелерді, АТ-сервистерді, КЖЕЖ пайдаланылатын және АТО жауапкершілік аймағындағы деректер базасын басқару жүйелерін әкімшілендіру бойынша жұмыстарды орындайды, деректердің қауіпсіздігін және кіру құқықтарды беруді қамтамасыз етеді. Желілік және серверлік жабдықтардың, ақпараттық жүйелердің, АТ-сервистердің, КЖЕЖ пайдаланылатын және АТО жауапкершілігі аймағындағы деректер базасын басқару жүйелерінің жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз етеді. АҚ талаптарына сәйкес деректер базасын басқару жүйелерінің жұмысын оңтайландырады, жұмыс істеуін мониторингтейді, орнатады, реттейді. Маршрутизациялау және коммутация желілерін баптайды. Ғаламдық Интернет желісіне қосылуды жүзеге асырады. Қашықтан қол жеткізу арқылы пайдаланушыларды КЖЕЖ қосуды ұйымдастырады және баптайды. Серверлік және желілік жабдықтарды, КЖЕЖ қолданылатын және АТО жауапкершілік аймағындағы ақпараттық жүйелерді жоспарлы резервтік көшіру және тестілік қалпына келтіру рәсімдерін орындайды. Ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесі әзірлеген регламентке сәйкес АТО жауапкершілік аймағындағы "ҮМЗ" АҚ желілік және серверлік жабдықтарының, ақпараттық жүйелерінің және деректер базасын басқару жүйелерінің қауіпсіздігіне жаңартуларды орнатады. Басқарылатын желілік және серверлік жабдықтардың жұмысына мониторингілеуді жүзеге асырады. Желілік және серверлік жабдықтардың, ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуі кезінде штаттан тыс жағдайлар туындаған кезде шаралар қабылдайды. АҚ талаптарына және "ҮМЗ"АҚ қолданысындағы нормативтік құжаттарына сәйкес КЖЕЖ ақпараттық жүйелері мен ресурстарын пайдаланушылардың есептік жазбаларын белсендіру, ажырату, жою, өзгерту бойынша жұмыстарды орындайды. АҚ саласындағы "ҮМЗ" АҚ қолданыстағы нормативтік құжаттарына сәйкес АҚ талаптарын орындайды. АТО КЕЖ ЖС тобы бойынша бекітілген жұмыс жоспарларына сәйкес іс-шараларды орындайды. Жұмысқа жіберілген "ӨБЖҚ" БК өтінімдерін есепке алу жүйесіндегі барлық өтінімдерді сапалы және белгіленген мерзімде орындайды. "ӨБЖҚ" БК өтінімдерін есепке алу жүйесінде орындалған жұмыстарды тіркейді. Жаңа ақпараттық технологияларды меңгереді, жаңа ақпараттық жүйелерді енгізуге қатысады, топтың қажеттіліктері үшін коммерциялық бағдарламалық қамтамасыз етуді таңдауға қойылатын талаптарды қалыптастырады. Жұмыс берушінің тиісті актісі негізінде "ҮМЗ" АҚ-да белгіленген тәртіпте персоналды оқыту. Осы нұсқаулық шеңберінде жоғары тұрған басшылықтың және өзінің тікелей басшысының бұйрықтарын, өкімдерін, қызметтік тапсырмаларын және нұсқауларын орындайды. Режимдік талаптарды, мемлекеттік және қызметтік құпияны, құпиялы ақпаратты, ақпараттық қауіпсіздікті, өткізу және объектішілік режимді, еңбек және өндірістік тәртіптерді сақтайды. "ҮМЗ" АҚ еңбек тәртібінің ережелерін сақтайды. №14.025 ЕҚжӨҚҚ ЖҚ сәйкес өндірістік қауіпсіздік саласындағы міндеттерді орындайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған талаптарды сақтайды Ақпараттық инфрақұрылым тораптарының (телекоммуникациялық құрылғылардың, серверлердің және оларда орналастырылған операциялық жүйелердің, деректер базасы мен қосымшаларды басқару жүйелерінің) жауапты әкімшілерінің тізбесін жасайды және өзекті жағдайда ұстайды. "ҮМЗ" АҚ-да пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз етуді бақылайды: бағдарламалық қамтамасыз етуге түгендеу жүргізеді; сатып алынатын коммерциялық бағдарламалық қамтамасыз етудің лицензияларын тіркеуді және есепке алуды орындайды;"ҮМЗ" АҚ КЖЕЖ пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз етудің лицензиялық тазалығының сақталуын бақылайды; "ҮМЗ" АҚ-да қолдануға рұқсат етілген бағдарламалық қамтамасыз етудің тізімін қалыптастырады және өзекті күйде ұстайды.

Білім:

Жоғары тиісті даярлық бағыты бойынша (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: - "6B061"," 7M06 "(халықаралық коды" 0610"): ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, Ақпараттық жүйелер, Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, Информатика; - "6В063"," 7М063", ("0612" халықаралық коды): Ақпараттық қауіпсіздік; - "6B071, ("0710" халықаралық коды): Автоматтандыру және басқару.

Дағдылар:

санаты жоқ инженер-бағдарламашы - -Windows ОЖ-мен жұмыс істеу дағдылары, желілік технологиялардың негіздерін білу. II санатты инженер-бағдарламашы - Windows ОЖ-ны орнату, баптау және сүйемелдеу дағдылары, желілік технологиялардың негіздерін білу, АҚ негіздерін білу.

Қосымша:

Еңбек ақы мөлшері: Санаты жоқ инженер-бағдарламашы 334 598 теңгеден бастап 512 153 теңгеге дейін. II санатты инженер-бағдарламашының 351 328 теңгеден бастап 537 761 теңгеге дейін.

Білетін тілдер:

-