Станса кезекшісі Бейнеу стансасы парк Б НЖС-14
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
Кезекшілікке кіріспес бұрын планерлік кеңеске қатысады және нұсқаулықтан өтеді, пойыздар қозғалысының және маневрлік жұмыстардың қауіпсіздігін, еңбекті қорғау нормалары мен жеке қауіпсіздік техникасын сақтауды қамтамасыз етеді, жүктің ағып кетуін және басқа да коммерциялық ақауларды жою бойынша жедел шаралар қабылдайды, вагондарды кірме жолдарға уақытылы беруді және жинауды орындайды. СКБ және байланыс құрылғыларының қалыпты жұмысы бұзылған кезде пойыздарды қабылдау және жөнелту маршруттарын дайындаудың дұрыстығын тексереді., кезекшілікке кіріскен кезде стансаның қабылдау-жөнелту паркінің жағдайымен, СКБ құрылғыларын тексеру журналындағы жазбалармен, қолданыстағы жедел бұйрықтармен танысады, курбельдік жәшіктер мен штативтегі пломбалардың бар жоғын тексереді, одан кейін СКБ құрылғыларын тексеру журналына жазба жасайды, стансада қозғалыс кезінде регламенттік келіссөздерді нақты және түсінікті жүргізеді, маневрлік жұмыстарды жүргізуге басшылық жасайды. ДУ-67 журналына жазба жасай отырып, барлық жолдардағы тежегіш башмактардың орналасқан жерін үнемі есепке алады, СКБ және байланыс құрылғылары ақаулы болған кезде белгі беруші немесе пойыз құрастырушы арқылы жолдың, бұрмалардың және секцияның бос екенін, маршруттың дайындалғанын тексереді. Станса бойынша кезекші оператор немесе СТЦ операторы арқылы пойыз машинисіне аралық жолды, шығу бағдаршамы сигналдарын (ДУ-50, ДУ-52, ДУ-55, ДУ-56, ДУ-64 және жазбаша рұқсат) жүріп өту құқығына рұқсатты тапсырады, кезекшілік кезінде пойыз құжаттамасын жүгізеді: жолдарды тексеру журналы, бұрмалар, СКБ және байланыс құрылғылары, ДУ-58 диспетчерлік өкімдер журналы, ДСП тіркелетін бұйрықтар журналы, пойыз диспетчерлерінен станса жұмысының 3-6 сағаттық кезеңіне арналған жоспарды алады, вокзал бойынша кезекшіге жолаушылар пойыздарының келуі және жөнелтілуі туралы алдын ала телефон арқылы хабарлайды, кезекшілікті тапсырар алдында ауысымдық тапсырманың орындалу қорытындысын шығарады және олар туралы станса бастығына немесе орынбасарына баяндайды, тасымалданатын жүктердің сақталуын, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін және вагон паркінің сақталуын қамтамасыз етеді.Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі)
- Орташа(техникалық және кәсіптік)
- Саласы бойынша мамандығы: Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру (теміржол көлігі)
- Жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалыспен басқару (саласы бойынша); Теміржол көлігінде қозғалыспен басқару және тасымалдауды ұйымдастыру.
- Жұмыс өтілі: 2 жылдан кем емес, соның ішінде станса орталық постының кезекшісі/парк кезекшісі/2-3 класс станса кезекшісі/ 4-5 класс бастығы/ сұрыптау дөңесінің кезекшісі/пойыз құрастырушысы/ станса операторы/
- Жұмыс өтілі: 3 жылдан кем емес, соның ішінде станса орталық постының кезекшісі/парк кезекшісі/2-3 класс станса кезекшісі/ 4-5 класс бастығы/ сұрыптау дөңесінің кезекшісі/пойыз құрастырушысы/ станса операторы/
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж