Тасымалдау құжаттарын өңдеуші операторы Бейнеу стансасы

311868 - 326111
Мангистауское отделение магистральной сети Маңғыстау облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
4

Қаралған саны:
25

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

Кезекшілікке кіріспес бұрын, жоспарлау жиналысына қатысады және нұсқаулықтан өтеді. Кезекшілікті қабылдау кезінде қабылдау-жөнелту жолдарындағы жағдаймен танысады, жүк пойыздарының есептен шығарылмаған жүк пойыздарының құрамдарын тексереді. Тасымалдау құжаттарына өңдеу және қабылдау жасайды. ДУ-40 кітабына міндетті түрде қол қойып локомотив машинисіне жүк құжаттарын тапсырады. Станса кезекшісінің нұсқауы бойынша, жөнелтілетін пойыздың тепловоз машинисінеф.ДУ-61 бланкасын жеткізеді. Вагондарды тіркеу мен техникалық және коммерциялық ақаулармен ажыратудың дұрыстығын тексереді, тасымалдау құжаттарының сақталуын қамтамасыз етеді, жүк вагондарын қайта санауға қатысады, жүк құжаттары бар пакетті алған кезде тасымалдау пакетінашады, құжаттарды іріктеп алады және натурдық параққа қажетті өзгерістерді енгізеді, оларды мөрмен растайды, содан кейін тасымалдау құжатттарын қайтадан пакеттейді. Жергілікті вагондардың тасымалдау құжаттарынакүнтізбелік мөрлерді қояды, олардың нөмерлерін тасымалдау құжаттарын тапсыру журналына жазады, жол ведомостері мен жүк құжаттарды тауар каасасына, ал вагон парақтарын құжаттарды тапсыру журналына тауар кассирі мен жүк және багажды қабылдап тапсырушыға қол қойғызып, сосын аға жүк және багаж қабылдап тапсырушыға тапсырады. Техникалық сабақтарға қатысады, ауысымдар бойынша құжаттарды тапсыру кітабын жүргізеді,ақаулы вагондардың есебін жүргізеді, Тасталған пойыздарға ГУ-23 жалпы нысанындағы актіні жасайды және тауар кассасына 4 данада тапсырады, Кезекші жанындағы оператор бос болмаған жағдайда, станса кезекшісінің нұсқауы бойынша пойыздың машинистеріне жөнелтілер алдында ескертулерді, №24 анықтамасын жеткізіп береді.

 

Біліктілік талаптары:

Білімі:

Жоғары, орта (техникалық, кәсіптік)

Теміржол көлігінде қозғалыспен басқару және тасымалдауды ұйымдастыру;

Жұмыс өтілінсіз.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж