Стратегия және бизнесті дамыту департаментінің бас менеджері

«Қазақтелеком» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
12

Қаралған саны:
191

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Компанияның даму стратегиясын әзірлеуге, талдауға және өзектендіруге қатысу;
  • Стратегиялық және аналитикалық материалдарды дайындау;
  • Қаржылық және экономикалық модельдерді әзірлеу;
  • Инвестициялық жобаларды талдау, бағалау және сүйемелдеу;
  • Стратегиялық бастамалардың іске асырылуын мониторингтеу;
  • Басшылық үшін есептіліктер мен презентациялар дайындау.

Білімдері мен дағдылары:

  • Стратегиялық жоспарлау және стратегияны іске асыру процестерін түсіну;
  • Экономикалық және стратегиялық талдау әдістерін білу;
  • Бизнес-жоспарлар мен даму стратегияларын әзірлеу дағдылары;
  • Қаржылық-экономикалық модельдеу дағдылары;
  • Инвестициялық жобалармен жұмыс істеу қағидаттарын түсіну;
  • Деректерді талдау құралдарын еркін меңгеру (Excel, PowerPoint; BI-құралдар — артықшылық);
  • Ағылшын тілін меңгеру — кемінде Upper-Intermediate деңгейінде.

Талаптар:

  • Экономика, қаржы, менеджмент, маркетинг немесе сабақтас салалар бойынша жоғары білім;
  • Қосымша білім (магистратура, MBA, бейіндік курстар) — құпталады;
  • Лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі;
  • Стратегиялық жоспарлау, бизнесті дамыту немесе инвестициялық қызмет жобаларына қатысу тәжірибесі;
  • Ірі компанияларда жұмыс тәжірибесі (телеком, IT саласы — құпталады).

Шарттар:

  • Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа орналастыру;
  • Жұмыс кестесі 5/2, 8 сағаттық жұмыс күні (қоса атқаруға мүмкіндік бар);
  • Жалақыны уақтылы төлеу;
  • Жыл сайынғы еңбек демалысы — 30 күнтізбелік күн.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Орташадан жоғары)
  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Кәсіби)