Вахта емес Өскемен қ. Уран өндірісі «Р» цехының 3-разрядты дезактиваторшысы (16.04.2026 жылғы № 46-06-21/2513 өтінім - 1 бірлік)

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
120

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

Технологиялық процесті реттеуді; арнайы автокөлікті, жабдықты, мүкәммалды және үй-жайларды берілген әдістеме бойынша әртүрлі айлабұйымдарды және регламенттелетін дезактивациялайтын ерітінділерді қолмен, сондай-ақ арнайы жабдықты қолдана отырып дезактивациялау. Радиоактивті заттармен бетінің ластану түріне байланысты дезактивациялаушы құрамның түрін анықтау. Сынаппен ластанған бетті демеркуризациялауды жүргізу. Берілген рецептура бойынша дезактивациялайтын құрамды, газсыздандыратын заттарды дайындау. Мүкәммалды, айлабұйымдарды Ағымдағы жөндеуді орындау.

Білім:

Жалпы орта білімнен төмен емес

Дағдылар:

Білуге тиіс: дезактивациялайтын құрамдардың негізгі физикалық-химиялық қасиеттері. Дезактивациялайтын құрамдарды дайындау ережесі, жабдыққа әсер ету. Жеке қорғаныс материалдары мен құралдары. Қорғаныс техникасы. Дезактивациялық жабдықтың құрылысы. Радиоактивті ластанулардың шекті рұқсат етілген деңгейлері мен шоғырлануы. Радиоактивті заттармен және иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеудің санитариялық қағидалары. Бақылау-өлшеу аспаптарының мақсаты және қолдану шарттары. Жұмыс мүкәммалын ұстау және радиациялық гигиена қағидалары.

Қосымша:

Еңбек шартының мерзімі/ауыстыру мерзімі: - белгіленбеген мерзімге; - 1 жылдан кем емес белгілі бір мерзімге (1 жыл) Шарттардың сипаттамасы 1-дәрежелі зиянды еңбек жағдайлары: иондаушы сәулелену Жұмыс және демалыс режимі - 5 күндік жұмыс аптасында 7.30-дан 14.42-ге дейін, демалыс күндері: сенбі және жексенбі Лауазымдық жалақының мөлшері 141 552 теңгеден 293 522 теңгеге дейін Тағылымдама кемінде 30 жұмыс ауысымы мерзіміне белгіленеді • «ҮМЗ» АҚ-да қолданылатын еңбекақы төлеу жөніндегі ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес сыйлықақылар мен сыйақылар, оның ішінде: • жыл бойы мерекелік күндерге сыйлықтар (Наурыз мейрамы, Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, Республика күні, Атом саласы қызметкерлерінің күні 2,5 АЕК-тен); • қызметтің түйінді көрсеткіштерін орындауды негізге ала отырып, жыл ішіндегі жұмыс қорытындылары бойынша сыйлықақы беру (1-ге дейінгі мөлшерде); • демалысқа 2-ге дейінгі мөлшерде материалдық көмек; • кірісті жыл сайынғы индекстеу (инфляцияның ресми деңгейі мөлшерінде, бірақ 7%-дан аспайтын мөлшерде); • бір айдағы жұмыс қорытындылары бойынша қызметкерлерге сыйлықақы беру.

Білетін тілдер:

-