«KEGOC» АҚ «Батыс ЖЭТ» филиалы Теңіз АЭТ Еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік қызметінің инженері (негізгі қызметкердің әлеуметтік демалысы кезеңіне)

от 335 000 KZT
«KEGOC» АҚ Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Қызметкер болмаған кезде, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
12

Қаралған саны:
214

   Конкурс туралы

Лауазымдық (функционалды) міндеттері:

1) Теңіз АЭТ персоналын электр қорғау құралдарымен, арнайы киіммен және арнайы аяқ киіммен (қолданыстағы нормаларға сәйкес) қамтамасыз етуін жүргізеді;
2) белгіленген нысандар бойынша және тиісті мерзімде еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі бойынша есептілік жасайды;
3) Теңіз АЭТ басшыларына еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулық материалдарды қайта қарауға әдістемелік көмек көрсетеді;
4) Теңіз АЭТ-ның еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі бойынша материалдар мен қызметтерге өтінімдерін қалыптастырады;
5) еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі материалдарды бөледі, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі саласындағы мердігерлік ұйымдардың қызмет көрсетуін бақылайды;
6) белгіленген мерзімде актілерде, жоспарларда, бұйрықтарда және өкімдерде көзделген немесе тексеру актілерінде жазылған еңбек жағдайын жақсарту және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұйғарымдардың, ұсыныстар мен іс-шаралардың орындалуын тексеруді жүзеге асырады;
7) жұмысшыларды және ИТҚ-ді оқытудың және нұсқаудың барлық түрлерінің уақтылы және сапалы жүргізілуін тексеруді, сондай-ақ еңбекті қорғау талаптары мен еңбекті қорғау, өндірістік санитария бойынша нұсқаулықтардың білімін тексеруді жүзеге асырады. Энергетикалық ұйымдарда персоналмен жұмыс істеу қағидаларына сәйкес нұсқаулық жүргізеді;
8) тұрақты бақылау жүргізу жолымен, жұмыс орындарында ТҚЕ сақталуын, еңбекті ұйымдастыру және еңбекті қорғау дұрыстығын орындайды, өндірістік жарақаттану және кәсіптік аурулар жағдайларына жол бермейді
9) жоғары тұрған басшыларға бағынысты персоналмен болған өндірістегі жазатайым оқиғалар туралы уақтылы хабарлайды. Басшылығының өкімі бойынша тексеруге қатысады жазатайым. Олардың мән-жайлары мен себептерін талдайды, олардың туындауына әкелетін кемшіліктерді жою жөнінде нақты шаралар қабылдайды;
10) қызметкерлердің еңбекті қорғау бойынша жаңа және қайта қаралған нұсқаулықтар мен басқа да құжаттарды уақытында зерделеуді ұйымдастырады;
11)жұмыс орындарының, құрал-саймандардың, аспаптардың, сигнализациялардың және блоктаудың, қоршаулардың, желдеткіш жүйелердің, үй-жайлар мен құрылыстардың жай-күйін, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін тексеруді жүзеге асырады. 12) белгіленген мерзімде аталған оқудан, нұсқамадан, тағылымдамадан және білімін тексеруден өтпеген адамдардың мемлекеттік және салалық нормативтік-құқықтық актілерде белгіленген мерзімде еңбек қорғау талаптарын жұмысқа жіберілуін қамтамасыз етеді;
13) персоналдың ауысым алдындағы және ауысымнан кейінгі медициналық куәландыруды жүргізуге бақылау жүргізеді;
14) Жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша жұмыс жүргізеді;
15) ТАЭТ бойынша еңбекті қорғауға қатысты ЖҚҚ және басқа да негізгі құралдардың тапсырыстарында ТМҚ құруды, келісуді, түзетулер енгізуді, есептен шығаруды, ТАЭТ ПАБ SAP ERP жүйесіне есептерді енгізуді бақылауды жүзеге асырады;
Қосымша:   
1) еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарын аттестациялауға қатысады;
2) персоналды тексеру және бақылау, медициналық тексеру, қызметкерлердің еңбек міндеттерін орындауға міндетті медициналық тексеруден өтпей, сондай-ақ медициналық қарсы көрсетілімдер жағдайында жол берілмеуін жүзеге асырады.

Талаптар:
- Жоғары электр энергетикасы немесе техникалық (еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында);
- Электр энергетикасы саласындағы жұмыс өтілі;
- Сертификаттар: өрт қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау курстарынан өткені туралы куәлік;
- MS Office тәжірибелі қолданушысы;
- Қазақ, орыс тілдерін білу.

Шарттар:
Жұмыс орны: Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылдық округі, Бейнеу ауылы, 1-аймақ 50-құрылыс.
Түйіндемені тапсыру мерзімі 2026 жылғы 20 сәуірден 22 сәуірге дейін

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Кәсіби)