НСВМ департаменттың бас менеджері ДЦБ

«Қазақтелеком» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
4

Қаралған саны:
132

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • «Ұлттық бейнемониторинг жүйесі» (ҰБЖ) жобасы аясында бағытты тиімді басқару: бейнебақылау және бейнеаналитика компоненттерін жобалау, енгізу және пайдалануды жоспарлау, үйлестіру және бақылау.
  • Негізгі мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу, техникалық шешімдердің сапасын бақылау, мерзімдер мен стандарттардың сақталуын қамтамасыз ету.
  • ҰБЖ дамыту жол картасын қалыптастыру және іске асыруға қатысу, нормативтік және техникалық талаптарды сақтау, процестерді стандарттау.
  • Департаменттің нақты бағытын жетекшілік ету, менеджерлердің тапсырмаларды орындауын бақылау.
  • Есептер, аналитикалық анықтамалар және презентациялар дайындау.
  • ҰБЖ қызметтері бойынша табыстың өсуін және төлемдердің уақытылы түсуін қамтамасыз ету.
  • Жобалардың бюджетін (CAPEX/OPEX) бақылау және қаржылық тәртіпті сақтау.
  • Бейнеаналитика модульдерін (бет-әлпетті тану, нөмірлерді тану, адамдардың шоғырлануын анықтау) енгізу және масштабтау, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау.

Талаптары:

  • Жоғары техникалық немесе IT-білім (ақпараттық технологиялар, телекоммуникациялар, автоматтандыру, киберқауіпсіздік, инженерлік жүйелер).
  • Бейнебақылау, ақпараттық қауіпсіздік, DevOps, ITSM, PMP/PRINCE2 салаларында қосымша білім/сертификаттар болғаны құпталады.
  • Таратылған бейнебақылау және бейнеаналитика жүйелерінің архитектурасын түсіну.
  • Техникалық жобаларды үйлестіру және басқару тәжірибесі.
  • IT-инфрақұрылым бойынша білім: серверлер, желілік жабдықтар, бейнекамералар және бейнетіркеу құрылғылары.
  • Бейнеаналитикамен, бейнедеректерді өңдеу және сақтау жүйелерімен жұмыс істеу дағдылары (соның ішінде AI/ML қолдану арқылы).
  • Қазақ және орыс тілдерін білу міндетті, ағылшын тілі — құпталады (Intermediate деңгейінен төмен емес).
  • Ұқсас салаларда кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі: IT-инфрақұрылым, бейнебақылау, интеграциялық жобалар.

Шарттары:

  • Қазақстандағы ең ірі телекоммуникациялық компанияда жұмыс.
  • Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа орналастыру.
  • Жұмыс кестесі: 5/2, 8 сағаттық жұмыс күні.
  • Жалақының уақытылы төленуі.
  • Бәсекеге қабілетті жалақы деңгейі.
  • Жақсы әлеуметтік пакет.
  • Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы – 30 күнтізбелік күн.
  • Еңбек демалысына материалдық көмек.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр