«ҚТЖ-Жолаушылар локомотивтері» ЖШС кеңсе тобының бас менеджері (16 грейд)

от 436 348
ТОО «КТЖ-Пассажирские локомотивы» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
7

Қаралған саны:
78

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Кеңсе тобының қызметін жоспарлайды.
  • "ҚТЖ-Жолаушылар локомотивтері" ЖШС Басқарма Төрағасының (Бас директордың) төрағалығымен апта сайынғы аппараттық кеңестерді дайындауды және өткізуді ұйымдастырады.
  • "ҚТЖ-Жолаушылар локомотивтері"ЖШС Басқарма Төрағасының (Бас директордың) хаттамалық тапсырмасының уақтылы орындалуын қамтамасыз етуді бақылайды.
  • "ҚТЖ" ҰК " АҚ Басқарма Төрағасының хаттамалық тапсырмасының уақтылы орындалуын қамтамасыз етуді бақылау.
  • Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелері мен филиалдарына анықтамалар-ескертулерді, бақылау құжаттарының орындалу мерзімдері туралы қызметтік жазбаларды дайындау және жолдау, орындалу барысын реттеу, белгіленген мерзімде құжаттардың өтуін және ресімделуін бақылайды
  • Кеңсе тобының қызметі туралы есептер мен ақпараттарды бақылайды.
  • Құжатталған ақпаратты құжаттарда белгіленген мерзімде жетекшілік ететін мәселелер бойынша Компанияның құрылымдық бөлімшелеріне ұсынады
  • Кеңсе тобының жергілікті актілерін әзірлеуге және өзектендіруге қатысады.
  • ЭҚЖ-да орындау карточкаларының толтырылуын тексеру оларды есепке алу, бақылаудан алу, орындау мерзімдерін бақылайды.
  • "ҚТЖ "ҰК" АҚ және "ҚТЖ-Жолаушылар локомотивтері"ЖШС фирмалық бланкілерін (хаттар, бұйрықтар, өкімдер) пайдалану туралы есептерді дайындауды және тапсыруды бақылайды.
  • Серіктестік басшылығының атына бақылау тапсырмаларын орындау мерзімдерін бұзу фактілері туралы баяндайтын қызметтік жазбаларды ұсыну арқылы уақтылы хабардар етеді.
  • Бақылау құжаттарының орындалуының күнделікті мониторингін жүргізеді.
  • Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелеріне құжаттармен жұмыс мәселелері бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді.
  • Сыртқы кіріс және шығыс құжаттарды тіркеу бойынша жұмыс және шешімдердің орындалуын бақылайды.
  • Кеңсе тобы жұмысының анализын жасау.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
  • Мамандығы: Құжаттау және құжаттамалық қамтамасыз ету; Мұрағаттану; Мемлекеттік және жергілікті басқару; Экономика; Менеджмент; Қаржы; Маркетинг; Журналистика; Филология; Әлеуметтану; саясаттану; Әлеуметтік жұмыс; Құқықтану; Халықаралық қатынастар; Аударма ісі; Қоғаммен байланыс және/немесе теміржол мамандықтары.
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 4 жыл, оның ішінде қызмет бейіні бойынша басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр