ГТА бастығы
«Инкай» БК» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Вахталық әдіс
Лауазымдық жауапкершілік:
• Барлық жұмыс істеп тұрған ГТА-ның дайындығына, үздіксіз және апатсыз жұмысына жауап береді, бағынысты қызметкерлердің орналасуын бақылайды, ұңғымалардағы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары бойынша технологиялық процестердің, регламенттердің сақталуын бақылайды, олардың бұзылу себептерін жедел анықтайды және жояды; • Жобалау құжаттамасына, мемлекеттік, салалық және ішкі стандарттар мен регламенттерге сәйкес полигондарды пайдалануды, ұңғымаларда жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді; • Бағынысты қызметкерлерге өндірістік нұсқама беруді жүзеге асырады, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, радиациялық қауіпсіздік және өндірістік санитария, жабдықтар мен құралдарды техникалық пайдалану қағидаларын орындау бойынша іс-шаралар жүргізеді; • Бағынысты қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, радиациялық қауіпсіздік қағидаларын, жұмыс берушінің барлық актілерін, Компанияның саясаттары мен рәсімдерін, өндірістік және еңбек тәртібін, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын және кәсіби әдеп пен эстетиканы сақтауын қамтамасыз етеді; • ГТА-да (қолданыстағы және тоқтатылған технологиялық блоктар) орналасқан жабдықтардың, материалдық құндылықтардың және инженерлік желілердің сақталуын және техникалық жарамдылығын қамтамасыз етеді; • Жабдықтардың, құрал-саймандардың және т. б. жаңа түрлерін жөндеуге, толықтыруға және енгізуге есеп жүргізеді және тізімдер жасайды; • ГТА өндіру, пайдалану процесін қамтамасыз ету үшін материалдарды, қызметтерді және жабдықтарды сатып алуды жүзеге асыру үшін құжаттама жасауға қатысады; • ГТА шеберлерінің қызметін басқарады және бақылайды; • ГТА-да объектілерді реконструкциялау, технологиялық жабдықтар мен инженерлік желілерді жөндеу, өндірістік процестер мен қол жұмыстарын механикаландыру және автоматтандыру жөніндегі жұмыстарды жүргізу мен қабылдауға қатысады, ұйымдастырады; • Өндірістің жаңа технологиялық процестері мен режимдерін, сондай-ақ өндірістік кестелерді әзірлеуге және қолданыстағыларын жетілдіруге қатысады; • Жазатайым жағдайларды/оқиғаларды тергеп-тексеруді жүргізуге қатысады; • Қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы кез келген бастамаларды әзірлеуге және ілгерілетуге қатысады; • Қолайлы еңбек жағдайларын жасау, өндірістің ұйымдастырушылық-техникалық мәдениетін арттыру, жұмыс уақыты мен өндірістік жабдықты ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады; • Озық тәжірибені таратуға, бастаманы дамытуға, өнертапқыштық ұсыныстар мен өнертабыстарды енгізуге жәрдемдеседі; • Ұжымда өзара көмек және талапшыл ортаны құруға, бағынышты қызметкерлердің өндірістік тапсырмаларды уақтылы және сапалы орындауға жауапкершілік пен қызығушылық сезімдерін дамытуға ықпал етеді; • Өндірістік қызмет нәтижелерін талдайды, еңбекақы төлеу қорының жұмсалуын бақылайды, жұмыс уақытын, өндірімді, жалақыны, бос тұрып қалуды (жұмыс уақытын есепке алу табелі, ауысымдық, демалыс кестелері және т. б.) есепке алу жөніндегі бастапқы құжаттардың дұрыс және уақтылы ресімделуін қамтамасыз етеді; • Жұмысшыларды көтермелеу немесе материалдық ықпал ету шараларын қолдану туралы, өндірістік және еңбек тәртібін бұзушыларға тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар дайындайды; • Бағынысты персоналдың біліктілігін және кәсіби шеберлігін арттыру, екінші және аралас мамандықтарға оқыту бойынша жұмысты ұйымдастырады, ұжымда тәрбие жұмысын жүргізеді; • Артта қалған қызметкерлер үшін кейінгілер алдына қойылған міндеттерді өз бетінше шешуге қабілетсіз болған кезде оқу курстарын және дербес тәлімгерлікті (қамқорлықты) ұйымдастырады, ал оқыту қорытындылары қанағаттанғысыз болған кезде басшылыққа атқаратын лауазымына (орындайтын жұмысына) сәйкес келмегені үшін қызметкерлерді жұмыстан босатуға ұсынымдар жібереді; • Жұмысқа кандидаттарға қойылатын талаптар критерийлерін айқындайды және үміткерлерді іріктеуге қатысады; • Ұжымға жұмысқа қабылданғандарды таныстырады, оларды ұжымда бағдарлау үшін қажетті мәліметтермен қамтамасыз етеді, жұмыс жағдайларымен және Компанияның кадр саясатының негізгі қағидаттарымен таныстырады; • Өзіне бағынышты ұжымның Компанияның басқа бөлімшелерімен өзара байланысын қамтамасыз етеді; • Шығындардың есебін жүргізеді және пайдалануға арналған шығындар туралы есептерді жасауға қатысады; • ГТА жылдық бюджетін жасауға қатысады; • ГТА жұмысы кезінде пайдаланылатын жабдық үшін материалды жауапты болады; • Өндірістік тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етеді; • Материалдық және энергетикалық ресурстармен қамтамасыз етуге, жабдықтар мен басқа да негізгі құралдардың техникалық дұрыс пайдаланылуына, шикізаттың, отынның, материалдардың үнемді жұмсалуына жедел бақылауды жүзеге асырады, өндіріс барысының бұзылу себептерін анықтайды, алдын алады және жояды. • Өндірісті жедел жоспарлау, жұмыс орындарын нормалауды, аттестаттауды және рационализациялауды жақсарту, озық тәсілдер мен әдістерді тарату, еңбек шығындарын азайту жөніндегі жұмысқа қатысады. • Өндірістік қызмет нәтижелерін, жабдықтың тоқтап қалуына және жұмыс сапасының төмендеуіне әкелетін себептерді талдайды; • Қажет болған жағдайда, ҚР-ң қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерін, жұмыс беруші актілерінің талаптарын сақтай отырып, қажетті құжаттарды рәсімдеу, қойылған міндеттерді және мердігер ұйымдардың жұмыстарды орындауына бақылауды жүзеге асыру үшін ТЖҚ сатып алу мақсатында өзге ұйымдармен шарт құруды бастамалау; • Қажет болған жағдайда, тұрақты немесе уақытша негізде әрекет ететін комиссияға қатысу; • Бағынушыларын жұмыс беруші актілері және Серіктестіктің басқа да құжатарымен уақтылы таныстыру; • Бөлімше жұмыскерлері арасында міндеттерді дұрыс үлестіру, бағынушылардың лауазымдық нұсқаулықтарын дайындау (бағынушылары болған жағдайда); • Серітестік басшылығының тапсырмасымен, немесе өз бастамасы бойынша Серіктестіктің орындалып жатқан жұмысына қатысты құжаттарды, жұмыс беруші актілерін дайындау; • Бөлімше штатын білікті жұмыскерлерімен жасақтау (бағынушылары болған жағдайда); • Бағынушылары қызметіне және бағынушыларының өз лауазымдық міндеттерін тиісінше орындауына басшылық және бақылау жасау (бағынушылары болған жағдайда); • Жұмыс уақытын есепке алу табелі, жұмыс кестелері, демалыс кестелері, вахта кестелері және т.б. (қажет болған жағдайда) секілді бөлімше жұмыскерлерін басқару бойынша алғашқы құжаттаманы жасау, әзірлеу, жүргізу; • Тікелей бастығы, Бас директордың, және қажетінше жедел, өндірістік, өзге кеңестердің және Серіктестіктің басқа басшыларының жеке тапсырмалары мен қойылған міндеттерін өз уақытында орындау; • Өз құзыреті аясында жеке басының жұмыс беруші актілерін, саясаттар, ережелер, нұсқаулықтар және жұмыскердің еңбек қызметіне қатысты Серіктестіктің басқа құжаттарын орындауын қамтамасыз ету; • Еңбек, ұжымдық шарттар, осы лауазымдық нұсқаулық, жұмыс беруші актілері және де Серіктестіктің өзге бақыланатын құжаттарына сәйкес қойылған мақсаттарды, еңбек міндеттерін адал, уақтылы және сапалы орындау (тиісті көлемде және мерзімінде орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, немесе сұрақтар туындаған жағдайда жұмыскер тікелей бастығына хабарлауы тиіс және қажет болса, міндеттердің, тапсырмалардың және т.б. орындау мерзімін создыруға тиіс); • Еңбек шартын бұзу/тоқтату барысында Серіктестікке тиесілі құжаттар, материалдар және т.б. меншікті еңбек шарты талаптарына сәйкес және бекітілген тәртіпте тапсыру (қажет болған жағдайда); • Демалысқа шықпас бұрын, вахтааралық демалысқа, жұмыс берушімен еңбек қатынастары тоқтатылғанға дейін және т. б., орындаудағы істерді және/немесе материалдарды QMS-00-00-01 нысаны бойынша ауысымшы қызметкерге немесе ауысымшыны алмастыратын қызметкерге не тікелей басшыға беру; • Қолданыстағы шарттар талаптарының орындалуын қамтамасыз етуді тиісті бақылау (бар болса); • МТҚ (материалдық-тауарлық құндылық), негізгі құралдардың тиімді пайдаланылуын және сақталуын, оның ішінде қоймалардан виртуалды қоймаларға ауыстырылғандарын, өз құрылымдық бөлімшесінің материалдық жауапты тұлғаларына бекітілген МТҚ мен негізгі құралдардың сақталуын қамтамасыз ету, сонымен қатар есептен шығару актілерін дайындау. • PRG-COM-02 "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау жөніндегі нұсқаулық" талаптары мен ережелерін сақтау; • PP-COM-01 "Іскерлік этика саласындағы саясат" және REG-COM-05 "Мінез-құлық және іскерлік этика кодексінің»талаптары мен ережелерін сақтау; • RM-02 « «Инкай» БК» ЖШС-ң тәуекел-тәбетін және негізгі тәуекелдеріне төзімділігін анықтау және мониторинг жасау», RM-01 «Инкай»БК»ЖШС-ң негізгі тәуекел көрсеткіштерін анықтау және оларға мониторинг жасау» нұсқаулықтарының, REG-RM-01 «Тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау және «Инкай» БК» ЖШС тәуекелдерін басқару әдістерін айқындау қағидалары» және PP-RM-01 «Инкай» БК» ЖШС-ң тәуекелдерді басқару саясаттарының» ережелерінің талаптарын сақтау (егер жұмыскер тәуекел иесі болса); • Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау үдерістерін, шешімдерді қабылдау үдерісі және Серіктестіктің басқарушылық есептілігін Серітестікке тиісті бизнес-үдерістеріне біріктіру бойынша жұмымтардың орындалуын қамстамасыз ету; • Тәуекелдер деңгейін немесе олардың жүзеге асу салдарларын төмендету мақсатында бизнес-үдерістерді оңтайландыру; • Серіктестіктің Бас директорына және/немесе комплаенс жөніндегі офицеріне және/немесе «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ң «Жедел желісіне» дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық туралы кез келген ақпаратты хабарлау; • Комплаенс жөніндегі офицеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мәселелері бойынша (кіріс хат-хабар алмасуды қоса алғанда), және болған жағдайда қызметтік тексеру туралы ақпарат пен осындай тексерулердің нәтижелерін ұсыну.Білім:
• Жоғары кәсіби (техникалық) – аяқталған. • Мамандықтар бойынша жоғары кәсіби (аяқталған): - «Гидрогеология, инженерлік геология және геоэкология»; - «Геология, пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу және барлау»; - «Тау-кен ісі: Пайдалы қазбаларды жер астында өңдеу».Дағдылар:
• Қазақстан Республикасының орындалатын жұмыс мәселелері бойынша заңнамасы, нормативтік құқықтық актілері; • Орындалатын жұмыстың тиісті мәселелеріне қатысты әдістемелік материалдар; • Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздері; • Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау қағидаларының негіздері; • Қауіпсіздік техникасының және еңбекті қорғаудың, өндірістік санитарияның және өрттен қорғаудың ережелері мен нормалары; • Азаматтық қорғаныс, өндірістік және радиациялық қауіпсіздік салаларындағы ережелері мен нормалары; • СБЕ жүргізу кезінде қолданылатын химиялық реагенттермен (күкірт қышқылы, БФА және т. б.) жұмыс істеу кезінде негізгі химиялық қасиеттерін білу және қауіпсіздік техникасының талаптары; • Персоналды басқару дағдылары; • Ауызша және жазбаша іскерлік қарым-қатынас дағдылары, іскерлік және кәсіби құжаттаманы құру және жүргізу дағдылары; • Жабдықтар мен сызбаларға арналған құжаттарды, оның ішінде технологиялық сызбаларды, диаграммаларды және жұмыс сызбаларын оқи және талдай білу; • Шу-Сарысу уран кені провинциясының қабаттық-инфильтрациялық үлгідегі уран кен орындарының геологиялық және гидрогеологиялық жағдайлары; • Күкірт қышқылды ЖҰС әдісімен өндіру жүйелері мен тәсілдері; • Гидрогеологиялық және геотехнологиялық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі қаулылар, өкімдер мен бұйрықтар, нормативтік және басқа да басшылық материалдар; • Гидрогеологиялық жұмыстардың технологиясы және оларды жүргізу сапасына қойылатын талаптар; • Гидрогеологиялық жабдықтың түрлері және оны техникалық пайдалану ережелері; • Атқарушы құжаттаманы, гидрогеологиялық, геологиялық және геотехнологиялық материалдарды жасау, сақтау және есепке алу ережелері; • Ғылым жетістіктері және гидрогеологиялық және геотехнологиялық жұмыстарды жүргізуде отандық және шетелдік озық тәжірибе; • ЖҰС әдісімен уран өндіруге арналған технологиялық ұңғымалар құрылысының техникасы мен технологиясының негіздері; • Ұңғымалардағы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының түрлері мен әдістері, оларды жүргізу және таңдау себептері; • ГТП жұмысын қамтамасыз ету үшін, оның ішінде ұңғымаларда жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін пайдаланылатын арнайы техника мен технологиялық жабдықтың құрылғысы мен техникалық пайдалану қағидаларын егжей-тегжейлі білу (ЖКМ, ҚЖЫ); • ЖҰС әдісімен пайдалы қазбаларды өндіру процесі туралы толық білім; • Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілері, өндірісті жедел басқару бойынша әдістемелік және басқа материалдар; • Өндіріс барысын есепке алу жүйелері мен әдістері.Қосымша:
• Компанияның стратегиялық мақсатын, миссиясын, көзқарасы мен даму перспективаларын білу; • Компанияның ішкі саясатын, ережелерін, рәсімдерін және ережелерін білу; • Жүргізуші куәлігі – санаты: В, C; • Автомобильді басқару тәжірибесі кемінде 3 жыл;Білетін тілдер:
• Қазақ тілі – еркін меңгеру; • Орыс тілі – еркін меңгеру; • Ағылшын тілі – бастапқы деңгейҰқсас вакансиялар
Геология бойынша бас менеджер
«Taý-Ken Samuryq» Ulttyq tay-ken kompaniyasy» акционерлік қоғамы | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
21.04.2026 | 2938
Семізбай филиалының бас энергетигі қызметіне қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі Электромонтер
«Семізбай-U» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
16.04.2026 | 165
Жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі слесарь 4-разряд
«Қызылқұм» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Қызылорда қ.
22.04.2026 | 34