Уран өндірісінің «В» цехының 4-разрядты аппаратшысы (21.04.2026 жылғы № 46-06-21/2572 - 1 бірлік) - Өскемен қаласы

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
24

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

Істей алуы тиіс: - ерітінділерді сілтісіздендіру, еріту, ыдырату, тұндыру, сүзу және бейтараптандыру процесстерін жүргізуді, олардан металлдарды алу және сүзінді ағынды суларды ағызу мүмкіндігін анықтауды; - қоспаларды немесе негізгі металды тұндыру арқылы ерітінділерді тазартуды; - еріткіштерге және басқа реагенттерге дозалау жүргізу; - ортаның күйін, үлес салмағын, ерітінділерді тазарту дәрежесінің концентрациясын, өнім сапасын, процестер реакцияларының аяқталу уақытын анықтауды; - аппараттарды, технологиялық режимдерді берілген деңгейде ұстап тұруды қадағалауды; - дайын өнім және материалдар мен реагенттердің шығынын есепке алуыды жүргізуді; - қызмет көрсетілетін жабдықты басқару, оның жай-күйін бақылау, жөндеу және жөндеуге қатысуды жүргізуді; - металл ұнтақтарын елеу процесін жүргізуді; - дайын өнімді түсіруін жүргізуді; - қатты және сұйық технологиялық қалдықтарды қайта өңдеудің технологиялық процесін жүргізуді; - реагенттерді дайындау технологиялық процесін жүргізуді; - вакуумдық жүйелерге қызмет көрсету технологиялық процесін жүргізуді; - газ тазалау технологиялық процесін жүргізу.

Білім:

Техникалық және кәсіптік/жоғары техникалық/ жалпы орта – жұмыс берушінің тиісті кәсіби дайындығы болған кезде

Дағдылар:

Білуі тиіс: негізгі және қосалқы жабдықтың құрылымын; - құрылғыларды қайта қосу схемасын; - қызмет көрсетілетін жабдықта арматураның құрылысын, мақсатын және орналасуын; - процестің аппаратуралық-технологиялық схемасын; - ерітінділердің концентрациясын; - пульпаның температурасын, үлес салмағын; - пульпаны тұндыру дәрежесін; - тұндыру процесіндегі коагуляцияның рөлін; - осы процесте қолданылатын шикізаттың, шығарылатын өнімнің, ерітінділердің, сілтілердің, қышқылдардың сапасына қойылатын талаптарды, түрлері мен сипаттамаларын; - технологиялық процестің ауытқуына әсер ететін факторларды; - шикізат пен материалдардың өндірістік ысыраптарының алдын алу және азайту тәсілдерін; - металлдарды барынша айырып алуды қамтамасыз ететін процесстерді жүргізу әдістерін; - режимдік карталарды, қарапайым сызбаларды оқу тәртібні; - қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды пайдалану тәртібін; - техникалық құжаттаманы жүргізу және сақтау тәртібін; - өндірістік-техникалық оқыту бағдарламасы шегінде химия, физика, гидравлика, жылу техникасы, электр техника негіздерін; - сынама алу ережелерін; - металл ұнтақтарының қасиеттерін және олардың сапасын бақылау әдістерін.

Қосымша:

Еңбек шартының мерзімі/ауыстыру мерзімі: - белгіленбеген мерзімге; - 1 жылдан кем емес белгілі бір мерзімге (1 жыл). Еңбек жағдайларының сипаттамасы: - әсер етуге байланысты 1-дәрежелі зиянды еңбек жағдайлары иондаушы сәулелену Жұмыс және демалыс режимі: - бекітілген ауысымдық кестеге сәйкес. Лауазымдық жалақының мөлшері 148 630 теңгеден 308 198 теңгеге дейін Тағылымдама (керегін көрсету, басқасын алып тастау) - 30 жұмыс ауысымынан кем емес мерзімге белгіленеді • «ҮМЗ» АҚ-да қолданылатын еңбекақы төлеу жөніндегі ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес сыйлықақылар мен сыйақылар, оның ішінде: • жыл бойы мерекелік күндерге сыйлықтар (Наурыз мейрамы, Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, Республика күні, Атом саласы қызметкерлерінің күні 2,5 АЕК-тен); • қызметтің түйінді көрсеткіштерін орындауды негізге ала отырып, жыл ішіндегі жұмыс қорытындылары бойынша сыйлықақы беру (1-ге дейінгі мөлшерде); • демалысқа 2-ге дейінгі мөлшерде материалдық көмек; • кірісті жыл сайынғы индекстеу (инфляцияның ресми деңгейі мөлшерінде, бірақ 7%-дан аспайтын мөлшерде); • бір айдағы жұмыс қорытындылары бойынша қызметкерлерге сыйлықақы беру.

Білетін тілдер:

-