«ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Шалқар сигнализация және байланыс дистанциясы техникалық құралдарын пайдалану жөніндегі инженері
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Өндірістік учаскелерді бекітілген техникалық құжаттамамен қамтамасыз ету,өндірістік учаскелерге. Техникалық құжаттаманың берілуін есепке алуды жүргізу;
- Техникалық құжаттаманың ТПЕ талаптарына ,қолданыстағы нұсқаулықтарға,үлгілік жобалық шешімдерге сәйкестігін тексеру,автоматика,телемеханика және телекоммуникациялар департаментінде құжаттаманы өзгерту және бекіту;
- Тізімдеме бойынша схемалардың дистанциясының данасын,қосымша схемалар мен мұрағатты күтіп ұстау;
- Мерзімді түрде учаскелердегі техникалық құжаттаманы дистанция директоры бекіткен кесте бойынша учаскенің данасын дистанциясының данасымен салыстыру;
- Дистанция данасын зертхананың көшірмесімен салыстыру,зертханаға уақытылы жаңа немесе жаңартылған сызбаларды жіберу.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) / орта (техникалық және кәсіптік).
Мамандығы: Теміржол көлігіндегі автоматтандыру және басқару; Теміржол көлігіндегі радиотехника, электроника және телекоммуникация; Теміржол көлігіндегі автоматика, телемеханика және байланыс. - Жұмыс тәжірибесі: талап етілмейді.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж