Өндірістік үдерістерді автоматтандыру жөніндегі жетекші инженер
768 124 - 768 124 KZT
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС Павлодар қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Лауазымның функционалы:
- ТҮБӨА және АБЖ жабдығының істен шығуын талдау, олардың алдын алу бойынша ұсынымдар;
- қолданыстағы ТҮБӨА және АБЖ техникалық сипаттамаларын, пайдалану шарттарын және оларды қолдану тиімділігін тексеру;
- ауыстыруға, жаңғыртуға, жаңа ТҮБӨА және АБЖ енгізуге техникалық тапсырмаларды әзірлеу;
- кәсіпорында әзірленетін және басқа жобалау ұйымдарынан түсетін жобалау-конструкторлық және техникалық құжаттаманың сараптамасына қатысу;
- басқа ұйымдардың ТҮБӨА және АБЖ монтаждау, іске қосу, баптау, пайдалану және жөндеу бөлігіндегі жұмысын бақылау.
Біліктілік талаптар :
- «Автоматтандыру және басқару», «Технологиялық үдерістер мен өндірістерді автоматтандыру», «Электротехника және автоматтандыру», «Технологиялық процесстерді автоматтандыру және басқару» мамандықтары бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.
- маман лауазымындағы жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес болуы тиіс;
- басқару жүйелері бойынша сертификаттардың болуы (Yokogawa, Siemens және т.б.) құпталады.
Білімі мен дағдылары:
- мемлекеттік, орыс тілдерін білу, ағылшын тілін білу (құпталады);
- Windows және MS Office стандартты бағдарламалық жасақтамасын білу;
- мұнай өңдеу өнеркәсібінде қолданылатын өлшеу принциптерін, өлшеу құралдарының түрлерін білу;
- бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысын, оларды қолдану, қызмет көрсету ерекшеліктерін білу;
- ТҮ АБЖ құру және жұмыс істеу принциптерін білу;
- жоспарлы-алдын алу жөндеу жүйесін, ТҮБӨА және АБЖ техникалық қызмет көрсетуді білу;
- PID cхемаларын, автоматтандырудың құрылымдық схемаларын, ТПБЖА деректер кестелерін, ТПБЖА іске қосу логикасын оқи білу;
- АТХ, ТХ бөлігіндегі жобалық құжаттамамен жұмыс істей білу (негізгі бөлімдер);
- 1С, ЭҚЖ (электрондық құжат айналымы жүйесі), сондай-ақ IBM Maximo жүйесін білу құпталады.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
Ұқсас вакансиялар
«ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Жол диагностикасы орталығы» филиалы жылжымалы диагностикалық зертхана және вагон-гаражының жетекші инженері (Астана)
Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Центр диагностики пути» | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
19.05.2026 | 730
от 416 846
Бұрғылау қондырғысы машинисінің көмекшісі, 5-разряд
"Волковгеология" АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Алматы қ.
15.05.2026 | 247