Техникалық құжаттаманы ақпараттық сүйемелдеу, цифрландыру және IT департаментінің директоры

«Түркістан БГҚ» ЖШС Шымкент қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
12

Қаралған саны:
263

   Конкурс туралы

Міндеттері:

1) Департамент қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыру, оның қызметкерлерінің жұмысын үйлестіреді, орындау үшін келіп түскен құжаттар мен тапсырмаларды Департамент қызметкерлері арасында бөледі;

2) серіктестік пен мердігерлік ұйымдар жасайтын ресми жобалық құжаттаманы (техникалық құжаттаманы) басқаруды ұйымдастыру және оның тиісті папкаларда сақталуын қамтамасыз ету;

3) инженерлік қызметтер мен жобалау ұйымдары (жобалау институттары, жергілікті және шетелдік жеткізушілер, т. б.) арасында жобалау-техникалық құжаттармен алмасу кезінде өзара байланысты қамтамасыз ету;

4) серіктестіктің барлық жобалары бойынша жобалау құжаттамасын бақылау және сақтау, құжаттаманы бақылау жөніндегі рәсімдер мен құралдарды жасау;

5) Департамент қызметкерлерін өзінің функционалдық міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті нормативтік-құқықтық құжаттармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

6) Департамент қызметіне цифрландыру және IT бөлігінде жалпы басшылықты жүзеге асыру, оның қызметкерлерінің жұмысын үйлестіреді, орындау үшін келіп түскен құжаттар мен тапсырмаларды Департамент қызметкерлері арасында цифрландыру және IT бөлігінде бөледі;

7) құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлеріне техникалық құжаттаманы ұйымдастыру мәселелері бойынша жәрдем көрсету;

8) Департамент құзыреті шеңберінде қажет болған жағдайда мемлекеттік органдар, "Samruk-Kazyna Construction" АҚ және "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ АҚ үшін инвестициялық жобаларды іске асыру барысы туралы ағымдағы есептерді қалыптастыруға жәрдемдесу;

9) Департамент қызметкерлерінің Басқарма Төрағасының, Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасарының тапсырмаларын, орындалуының бақылау мерзімі бар хаттар бойынша тапсырмаларды орындауын бақылауды және мониторингтеуді жүзеге асыру;

10) Департамент қызметкерлерінің ішкі еңбек тәртібі, еңбек тәртібі, коммерциялық құпия қағидаларын, серіктестіктің басқа бөлімшелерінің қызметкерлерімен және бөгде ұйымдармен қарым-қатынас этикасын сақтауын бақылау;

11) мақсатты міндеттерді іске асыру мақсатында Департамент функцияларына кіретін мәселелер бойынша материалдарды келісу және кеңестерге, жұмыс топтарының отырыстарына және басқа да іс-шараларға, серіктестіктің жетекшілік ететін басшылығының шешімі немесе тапсырмасы бойынша қатысу;

12) жобаны іске асыру мәселелерін талқылау бойынша серіктестік басшылығының және қатысушы құрылымдық бөлімшелердің мердігер ұйымдардың өкілдерімен кездесулерін ұйымдастыруға қатысу;

13) Департамент қызметіне байланысты серіктестік басшылығының өзге де тапсырмаларын жүзеге асырады.

Талаптар:

Жоғары кәсіптік білім; техникалық / экономикалық / құрылыс / Ақпараттық технологиялар
Жұмыс тәжірибесі: Жобалық / техникалық құжаттаманы басқару саласында кемінде 7 жыл жұмыс өтілі, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл.

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен Компанияның/квазимемлекеттік сектордың құқықтық және экономикалық құқықтық қатынастарын реттейтін ҚР нормативтік-құқықтық актілерін білуі тиіс

Шарттар:

Жұмыс кестесі 5/2. Жұмыс уақыты 9.00-18.30 сағ. түскі ас 13.00 сағ.-14.30 сағ.
Медициналық сақтандыру
Әлеуметтік пакет