"KEGOC" АҚ "Ақпараттық телекоммуникациялық жүйелер" филиалының материалдық-техникалық қамтамасыз ету және маркетинг қызметі маманы

Жалақы көрсетілмеген
«KEGOC» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
8

Қаралған саны:
78

   Конкурс туралы
Міндеттері:

- Сатып алынатын материалдар мен кеңсе тауарларының номенклатурасын, сондай-ақ негізгі құралдарды сатып алу үшін жоспарланатын тауарлар номенклатурасын қалыптастыру мақсатында СП және ОСП-дан ақпаратты жинайды және талдайды.

- Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жарияланған сатып алулар бойынша тауарлардың техникалық ерекшелігін мүдделі құрылымдық бөлімшелермен келіседі.

- Қадағаланатын бағыттар бойынша тауарларды жеткізуге арналған шарттардың жасалуын қамтамасыз етеді, мүдделі құрылымдық бөлімшелермен келіседі.

- Тауарлық-материалдық қорларды (бұдан әрі – ТМҚ) кіріске алу бөлігі бойынша материалдық жауапты тұлға (бұдан әрі – МЖТ) болып табылады.

- Филиалдың пайдаланылатын автокөлік құралдары үшін жанар-жағармай материалдарының шығын нормаларын сақтайды.

- Қызмет маманының құзыретіне кіретін қадағаланатын бағыттар бойынша SAP басқару ақпараттық жүйесінің деректер базасына мәліметтерді енгізу жұмысын ұйымдастырады.

- Қадағаланатын шарттар бойынша тауарлар жеткізілген фактісі негізінде төлем рәсімін (алғашқы құжаттарды тексеру, төлем паспортын рәсімдеу, мүдделі құрылымдық бөлімшелермен келісу) ұйымдастырады.

- Филиалдың сатып алуларына қатысатын әлеуетті жеткізушілердің техникалық ерекшеліктерін талдайды және сараптамалық қорытынды дайындайды.

- Инженердің құзыретіне кіретін тауарлар бойынша сатып алу жоспарының орындалуына қатысты сатып алынған тауарлар бойынша есептілікті тұрақты негізде жүргізеді және талдайды.

Қызметтің жұмысын реттейтін ішкі нормативтік құжаттарды әзірлейді және өзектендіреді, сондай-ақ құзыреті шеңберінде ішкі құжаттарға өзгерістер енгізудің орындылығын бақылайды.

«KEGOC» АҚ Басқармасы бекіткен және/немесе ұсынған даму мен жетілдірудің негізгі қағидаттарын Қызметтің қызметінде қолдануды қамтамасыз етеді.


Талаптары:

  • Офистік бағдарламалық жасақтамалармен жұмыс істеу дағдылары болуы (Microsoft Office Word, Microsoft Office Excel, Microsoft Office Outlook);
ҚР заңнамасына және «KEGOC» АҚ ішкі нормативтік құжаттамасына сәйкес тілдерді білу.
Астана қ., Сарайшық ауданы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат
Қарастыратын қызмет бағыттары бойынша сертификаттардың болуы құпталады
Бизнес және басқару / Құқық / Инженерия және инженерлік іс бағыты бойынша техникалық білім
Баға маркетингі, жабдықтау, сатып алу (қалаулы), логистика, сатып алулар мониторингі саласында
Қалаулысы – кемінде 1 жыл жұмыс өтілі болуы

Шарттары:

·         Компанияның бизнесі мен қызметін түсіну;

·         Шешілетін міндеттер шеңберінде заңнаманы, салалық, ұйымдық-өкімдік және нормативтік-техникалық құжаттарды білу;

·         Сатып алу саласындағы арнайы кәсіби білім;

·         Филиал қызметінің саласына байланысты профильдік нарықты білу;

·         «KEGOC» АҚ қызметінің логистикалық аспектілерін білу (сатып алу, қорлар, қоймалау, тасымалдау, кедендік рәсімдеу, сақтандыру, бөлу);

·         Шарттар жасасу тәжірибесінің болуы;

·         Жеткізушілермен келіссөздер жүргізу дағдылары (сендіре білу), сондай-ақ коммуникациялық дағдылар;

·         Тауар жеткізу үдерісін реттеу дағдылары;

·         Коммуникациялық дағдылар, аналитикалық және логикалық ойлау;

·         Ұқыптылық, мұқияттылық, жауапкершілік, дәлдік;

·         Кәсібилік (адалдық, объективтілік және кәсіби этика қағидаттарын қатаң сақтау)

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Магистр
  • Техникалық және кәсіптік білім беру

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Кәсіби)