Күрделі құрылыс бөлімінің бас маманы

«QazaqGaz Aimaq» АҚ Қарағанды өндірістік филиалы Қарағанды қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
1073

   Конкурс туралы
Құрметті ізденуші!

Біздің компанияға қызығушылық танытқаныңыз үшін рахмет.
Бос орынға жауап бермес бұрын конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:Білім, тәжірибе, дағдылар және т.б. туралы ұсынылатын деректердің анықтығына ізденуші жауапты болады.Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоғы туралы анықтама беру қажет.Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қадағалауыңызды сұраймыз.

Төменде сіз жарияланған бос орнымен таныса аласыз.

Міндеттері:

  • Күрделі құрылыс бөлімінің Нормативтік - техникалық құжаттамасымен және өндірістік нұсқаулықтарымен қамтамасыз ету;
  • Газ тарату желісін жаңғырту бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізу қажеттілігінің негіздемесін тексеру;
  • Құрылыс және реконструкциялау объектілерінің құнын төмендетуді және техникалық-экономикалық көрсеткіштерін жақсартуды қамтамасыз ететін неғұрлым озық технологиялық процестерді, көлемдік-жоспарлау және конструктивтік шешімдерді енгізуге байланысты жобаларға өзгерістер енгізу туралы мәселелерді шешуге қатысу;
  • Ұсынылған және тексерілген сметалар негізінде жұмыстардың негізгі көлемін жасау;
  • Конкурстарды өткізу кезінде әлеуетті мердігерлерге ұсыну үшін объект туралы ақпарат жинауды және жинақтауды ұйымдастыру;
  • Мердігерлік ұйымдарда әзірленген келіп түскен жобалау – сметалық құжаттаманың есебін жүргізуді, оның толықтығын тексеруді және белгіленген тәртіппен келісу және бекіту үшін дайындықты қамтамасыз ету;
  • Тапсырыс берушінің атынан мердігерлік ұйымдар орындайтын газ құбырлары мен олардағы құрылыстарды жаңғырту және күрделі жөндеу жөніндегі құрылыс-монтаждау жұмыстарының орындалуын техникалық қадағалауды жүзеге асыру;
  • Орындалатын жұмыстардың қолданыстағы нормативтік құжаттамасының сапасы мен сәйкестігін тексеру;
  • Пайдаланылатын материалдар мен жабдықтар сапасының сәйкестігін тексеру;
  • Жаңғырту және күрделі жөндеу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жеткізушілермен, құбырлармен, бекіту арматурасымен және т. б. материалдармен уақтылы шарт жасасу үшін материалдар дайындау, жеткізу шарттары мен мерзімдерін келісуге қатысу;
  • Материалдық ресурстардың ұтымды пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру, жоспарлау - экономикалық бөлімге және бухгалтерияға материалдық ресурстардың нақты шығындары бойынша есеп беру;
  • Тендер тәсілімен сатып алуды өткізу үшін қажетті ақпаратты (құжаттарды) дайындау;
  • Филиал ішіндегі шарттарды келісу, контрагенттерге қол қоюға жіберу, шарттарды бухгалтерлік есеп бөлімінде тіркеу;
  • Кіріс және шығыс құжаттардың, бұйрықтардың, өкімдердің, қызметтік жазбалардың мазмұны мен орындалуын бақылауды жүзеге асыру.

Талаптар:

  • Білімі жоғары (техникалық) және инженерлік – техникалық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

Шарттар:

  • Жұмыс уақыты 08 сағат 30 минуттан 18 сағат 00 минутқа дейін түскі асқа 1 сағат 30 минут үзіліспен 12 сағат 30 минуттан 14 сағат 00 минутқа дейін;
  • Екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы – сенбі және жексенбі.