МЕТАЛДАР ЖӘНЕ ПІСІРУ ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ ПІСІРУ ЖӨНІНДЕГІ ИНЖЕНЕРІ

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС Шымкент қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
2175

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілерін;
  • орындалатын жұмыс мәселесі бойынша әдістемелік және басқа да материалдарды;
  • жұмыс істеу принциптерін, техникалық сипаттамаларын;
  • зертхана жабдықтарын, оны пайдалану ережелерін;
  • әрекеттегі стандарттарды, техникалық шарттарды;
  • техникалық құжаттамаларды жасау және ресімдеу бойынша ережелер мен нұсқауларды;
  • технологиялық жабдықтарды және құбырларды, резервуарларды, қысым ыдыстарын пісіру және термиялық өңдеу бойынша нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарын;
  • пісірудің және кесудің барлық түрлерін пайдаланып технологиялық жабдықтарды дайындау және жөндеу тәртібін;
  • технологиялық жабдықтарға термиялық өңдеу жүргізу және термоөңдеу режимін бақылау;
  • технологиялық жабдықтарға және тұрбаларға пісіру және термиялық өңдеу технологиясын жасау;
  • қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өрт және газ қауіпсіздігі қағидаларын және нормаларын, ҚР табиғатты қорғау заңнамасын.

Талаптар:

  • І санаттағы инженер: тиісті мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және ІІ санаттағы инженер лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл.
  • ІІ санаттағы инженер: тиісті мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және санаты жоқ инженер лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
  • Инженер: жұмыс өтіліне талап қойылмайтын тиісті мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білімі немесе тиісті мамандығы бойынша орта техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби) білімі және І санаттағы техник лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.