Байланыс орталығының супервайзері (Астана қаласы)
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- бірыңғай байланыс орталығының қызметін бақылау және жүзеге асыру;- ББО кураторымен келісілген жоспар бойынша операторларға оқыту жүргізу;
- операторлардың жұмыс кестесін құру;
- ықтимал клиенттерге қоңырау шалу/хабарлама жіберу, маркетингтік бастамалар және қоғам қызметтері бойынша операторларға тапсырмалар беру;
- қоңырауларды күнделікті негізде талдау және тыңдау, қателермен жұмыс жүргізу;
- клиенттердің шағымдарымен/талап-тілектерімен жұмыс істеу;
- қоғамда белгіленген регламенттерді, жұмыс стандарттарының нормативтік-құқықтық актілерін (НҚА) және тәртіпті сақтау;
- өтініштерді Қоғамның ББО ақпараттық жүйесіне (АЖ) енгізу;
- кіріс хаттарды пошта арқылы өңдеу;
- ББО атқарған жұмыстары туралы ай сайынғы есептерді дайындау;
- ББО клиенттерінің барлық өтініштерін уақтылы әрі сапалы өңдеу арқылы клиенттердің қанағаттану деңгейін жоғары дәрежеде қамтамасыз ету;
- клиенттердің қанағаттану деңгейі бойынша сауалнамалар жүргізу, сауалнама нәтижелері бойынша есеп дайындау;
- шағымдармен және ұсыныстармен жұмыс істеу;
- қызмет көрсету сапасын бақылау.
Біліктілік талаптары:
Бизнес-әкімшілендіру; Автоматтандыру және басқару; Ақпараттық жүйелер; Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету; Математикалық және компьютерлік модельдеу; Информатика; Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар; Математика; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі); Есеп және аудит; Экономика; Менеджмент; Қаржы; Маркетинг; Туризм.
Call/байланыс орталықтары саласындағы қызмет бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.
Қосымша талаптар:
Міндетті: Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, оның ішінде "Акционерлік қоғамдар туралы", "Теміржол көлігі туралы" және жауапкершілік аймақтары мен орындалатын функциялар шеңберіндегі қызметте қолданылатын өзге де талаптарды білу.
- қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білу;
- байланыс орталықтарының жұмысын білу;
- ТҚБ, БО жүйелерін білу;
- клиенттермен сауатты және анық сөйлесе білу;
- Microsoft office туралы білім.
Ішкі және сыртқы коммуникациялар бойынша сертификаттардың болуы, конфликтің мәселерді басқару құпталады.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Ағылшын тілі (Озат)
- Қазақ тілі (Озат)
- Орыс тілі (Озат)
Ұқсас вакансиялар