"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Жолды диагностикалау орталығы" филиалының еңбекті қорғау және экология секторының менеджері (15 Грейд)
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- Ұтқыр диагностикалық кешендерде (МДК), ұтқыр диагностикалық зертханаларда (МДЛ), біріккен вагон-дефектоскопта (СВД) жол өлшеу вагондарында (КС), тартқыш-энергетикалық зертханада (ТЭЛ), жол жүру жұмыстарын жүргізуді қоса алғанда, жұмыстарды орындау кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылайды;
- Филиал қызметінің өндірістік қауіпсіздік жөніндегі түйінді көрсеткіштерін ресімдейді және жібереді
- Сектордың жылдық жұмыс жоспарының орындалуын жоспарлайды;
- кәсіптерге және жұмыс түрлеріне қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлейді және өзектендіреді;
- жаңадан қабылданған, уақытша, іссапарға жіберілген қызметкерлермен, өндірістік оқуға немесе практикаға келген оқушылар мен студенттермен, сондай-ақ келушілермен, олар өндірістік алаңдарға барған кезде және мердігерлік ұйымдардың қызметкерлерімен еңбекті қорғау жөнінде кіріспе нұсқама жүргізеді;
- өндірістік алаңдарда, ұтқыр диагностика құралдарында және дефектоскопия цехтарында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау және экология мәселелері бойынша ішкі бақылау жүргізеді;
- ТК ескертулерін және қауіпсіздіктің мінез-құлық диалогтарын уақтылы жою бойынша мониторинг жүргізеді
- Компанияның еңбек қауіпсіздігі жөніндегі инспекциясына еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі есептік нысандарды қалыптастырады және ұсынады
- аудит және тексеру барысында анықталған сәйкессіздіктерді жою бойынша түзету іс-қимылдары жоспарының орындалуын әзірлейді және бақылайды
- өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау жөніндегі жұмысты жоспарлайды және ұйымдастырады.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары (Вагондар, Локомотивтер және электр жылжымалы құрам); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (темір жол көлігі); Электротехника (Радиотехника, электроника және телекоммуникация); Автоматтандыру және басқару; Электр энергетикасы; Стандарттау, метрология және сертификаттау; Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; Құрылыс (Темір жол құрылысы; жол және жол шаруашылығы); Көлік құрылысы; Машина жасау (Технологиялық машиналар мен жабдықтар) Инженерлік жүйелер; Экология; Жылу энергетикасы
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр