«KEGOC» АҚ «Алматы жүйеаралық электр тораптары» филиалының Балқаш маңы аумақтық электр тораптарының технигі
Лауазымдық (функционалдық) міндеттері:
1) АЭТ бастығының барлық әкімшілік-техникалық өкімдерін орындайды;
2) ережені және лауазымдық нұсқаулықтарды әзірлейді, ЕҚ және ЛН-мен таныстыру бойынша жұмыстарды жүзеге асырады, оларды өзектендіреді, БАЭТ ЕҚ және еңбеккерлердің ЛН есепке алынған даналарын жүргізуді ұйымдастырады;
3) белгіленген талаптарға сәйкес іс қағаздарын жүргізеді, БАЭТ құжаттамасын сақтайды және мұрағатқа тапсырады;
4) негізгі және айналым қаражаты бойынша қажетті құжаттаманы жүргізеді, Бүркіт ҚС материалдық жауапты тұлғаларының (бұдан әрі - МЖТ) негізгі және айналым қорларын есептен шығаруды ресімдейді;
5) Бүркіт ҚС, ЭЖЖ учаскесінің техникалық құжаттамасына қажетті өзгерістер мен түзетулер енгізеді;
6) ай сайын айналым қаражатын есептен шығару нәтижелері бойынша өндірістік-техникалық қызметке жібере отырып, жөндеу және ЖПЖ бойынша есептерді дайындайды, SAP ERP жүйесінің бағдарламасына материалдарды есептен шығаруды енгізеді және Филиалдың бухгалтериясына материалдық есептерді тапсырады;
7) Филиалдың бөлімдері мен бөлімшелері үшін IBM Notes, MetaDOC жүйесінде БАЭТ-тің қажетті шығыс құжаттамасын ресімдейді;
8) кіріс және шығыс құжаттаманы өңдейді, қажет болған жағдайда бұйрықтардың, өкімдердің, нұсқаулардың орындалуын бақылайды;
9) еңбек тәртібінің белгіленген нормалары бойынша және жеке еңбек шарттарына сәйкес филиал бөлімшелерімен бірлесіп, персоналды қорғау құралдарымен, арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен, сабынмен, қолғаптармен және арнайы тағамдармен қамтамасыз етеді;
10) материалдар мен құралдардың ұтымды және үнемді пайдаланылуын, БАЭТ-тің қарамағындағы барлық негізгі және айналым құралдарының сақталуын, негізгі құралдарды балансқа қабылдау актілерін уақтылы ресімдеуді, бөлшектелген және тозған жабдықтарды, құндылығы төмен мүліктер мен құралдарды дұрыс есептен шығаруды, сондай-ақ меншікті айналым қаражаты нормативінің сақталуын қамтамасыз етеді;
11) 500кВ Үлкен ҚС, Бүркіт ҚС-120, Толқын ҚС-121, Балықшы ҚС-122, ЭЖЖ ӨУ жабдықтарына ЖПЖ жүргізуге қажетті қосалқы бөлшектер мен материалдарға, құрал-саймандарға өтінімдерді бақылайды;
12) БАЭТ еңбеккерлерінің іссапар шығыстары бойынша аванстық есептерді ресімдейді және Филиалдың бухгалтериясына тапсырады;
13) БАЭТ еңбеккерлерінің біліктілігін арттыру (разряд) бойынша және жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, ауыстыру бөлігінде ПЖБ-ға ұсыну үшін құжаттарды ресімдейді;
14) келесі жылға БАЭТ негізгі және қосалқы өндірісінің іссапарларына жоспарланған шығындарды құрастырады және SAP ERP жүйесінің бағдарламасына деректерді енгізеді.
Талаптар:
|
Білім деңгейі |
орта кәсіптік (техникалық) білім |
|
Диплом бойынша мамандығы (бағыты) |
техникалық білім |
|
Жұмыс тәжірибесі лауазым бағыты бойынша |
-
|
|
Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жыл |
Жұмыс өтілі талап етілмейді |
|
Басшылық лауазымдағы жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жыл |
- |
|
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар |
· Электр энергетикасы, өндіріс технологиясы, қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі қағидалары саласында мамандандырылған білім; · Электр энергиясын өндіру, тасымалдау және тарату саласындағы теориялық және практикалық білім; · Филиалдың электр желісінің схемасын, негізгі жабдықтың параметрлері мен құрамын білу; ·Желілерді техникалық пайдалану саласындағы салалық ережелерді, нормаларды, талаптарды, электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасын, өрт қауіпсіздігі қағидаларын өз қызметін жүзеге асыру кезінде БАЭТ қолданатын құжаттар тізбесінде айқындалған көлемде білу; · Коммуникациялық дағдылар; · Кәсіпқойлық (адалдық, объективтілік және кәсіби этика қағидаттарын қатаң сақтау); · Электр қауіпсіздігі бойынша біліктілік тобы ІІ топтан төмен болмауы тиіс; |
|
Лицензиялар, сертификаттар |
• Жетекшілік ететін мәселелер саласында сертификаттардың болғаны жөн |
|
Қосымша талаптар |
• MS office тәжірибелі пайдаланушысы; • Қазақ, орыс тілдерін білу. |
Еңбек жағдайлары:
- - Біліктілікті арттыру жұмыс берушінің есебінен;
- Жұмыс кестесі: 5/2, 8:00-ден 17:00-ге дейін;
- Еңбек демалысы 30 к.к.
- Әлеуметтік пакет: тоқсан сайынғы және жылдық сыйлықақы, оқу демалысына ақы төлеу, еңбек демалысына материалдық көмек;
- Жұмыс орны: Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Үлкен к.
Бос лауазым тұрақты болып табылады.
Түйіндемені қабылдау 2026 жылғы 06 мамырға дейін (қоса алғандағы) мерзімде жүзеге асырылады.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Ғылым кандидаты
- Ғылым докторы
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Озат)
- Орыс тілі (Бастапқы)
Ұқсас вакансиялар