"KEGOC" АҚ "Ақмола ЖЭТ" филиалының Материалдық-техникалық жабдықтау және шаруашылық қамтамасыз ету қызметінің 2 санатты маманы , уакытша, негізгі жұмыскердің ауысуы мерзіміне
Біліктілікке қойылатын талаптар
|
Білім деңгейі |
Жоғары |
|
Диплом бойынша мамандық (бағыты) |
Техникалық, экономикалық, заңгерлік. |
|
Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі
|
Өндіріс технологиясының, еңбекті және басқаруды ұйымдастырудың негіздері, жабдықтау және қойма операцияларын есепке алуды ұйымдастыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жоспарының орындалуы туралы есептілікті жасау тәртібі. |
|
Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі, жылдар |
3 жылдан кем емес. |
|
Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жылдар |
Қажет емес. |
|
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар
|
Өзінің лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде станциялар мен желілерді техникалық пайдалану саласындағы салалық ережелерді, нормалар мен талаптарды, электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын және өрт қауіпсіздігі қағидаларын білу. |
|
Лицензиялар, сертификаттар |
Жетекшілік ететін мәселелер саласында сертификаттардың болғаны құпталады. |
|
Қосымша талаптар |
ДК-дің тәжірибелі пайдаланушысы (MS Office: Word, Excel, Access, PowerPoint); |
Лауазымдық (функционалдық) міндеттері:
1) сапа менеджменті жүйелері саласындағы білім деңгейін, өндірістік дағдыларын үнемі дербес жетілдіреді, ғылыми-техникалық ақпаратпен танысады;
2) жеткізушілердің коммерциялық (бағалық) ұсыныстарын сұратады, тексереді және талдайды;
3) қызметтің құзыретіне кіретін ТЖҚ бөлігінде орталықтандырылмаған шарттар бойынша жеткізушілермен жұмыс істейді, өткізудің нақты мерзімдерін және шарттардың уақтылы және сапалы орындалуына байланысты басқа да мәселелерді келістіреді;
4) орталықтандырылмаған шарттар бойынша ТЖҚ-ді жүргізу есебін қадағалайды;
5) тендер қорытындылары шығарылып, ТЖҚ бойынша шарт жасалғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде «SAP» жүйесінде келісімшарт пен жеткізуге тапсырысты жасайды;
6) келісімшарт пен жеткізуге тапсырыс жасалғаннан кейін 1 жұмыс күні ішінде қызмет әзірлеген ТЖҚ мониторингіне тиісті деректерді енгізу қажет;
7) жүктерді алуға және жөнелтуге құжаттаманың ресімделуін тексереді;
8) жетекшілік ететін шарттар бойынша жеткізушілердің шарттық міндеттемелерін орындауына бақылау жүргізеді;
9) "SAP" жүйесінде 5 жұмыс күні ішінде ЭШФ қойылғаннан кейін Қабылдау транзакциясын жасайды;
10) өз құзыретіне кіретін қызмет мәселелері бойынша хат алмасуды жүргізеді;
11) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басшылықтың біржолғы тапсырмаларын орындайды;
12) қызметтің жоспарлау және есептілік мәселелері бойынша бұйрықтар, өкімдер мен нұсқаулар жобаларын дайындауға қатысады;
13) апта сайын қызмет басшысының атына апта ішінде атқарылған жұмыс туралы есеп ұсынады;
14) ТМҚ-ды жеткізу бойынша орталықтандырылмаған шарттар бойынша мониторинг жүргізеді;
15) ТМҚ-ды және жабдықтарды қоймаға қабылдауға қатысады;
16) ЕҚжӨҚҚ, РҚжА, ЭЖЖҚ, МжӨЖҚ, ӘШҚ, СжДҚ, ҒмҚЖЦ қызметтері бойынша орталықтандырылмаған шарттар бойынша құжаттарды (қабылдау актілері, ақау актілері, жауапты сақтау актілері) уақтылы рәсімдейді және шарттар аяқталғаннан кейін барлық ілеспе құжаттарды бухгалтерияға тапсырады;
17) Жетекшілік ететін қызметтер (ЕҚжӨҚҚ, РҚжА, ЭЖЖҚ, МжӨЖҚ, ӘШҚ, СжДҚ, ҒмҚЖЦ) шеңберінде тауарды қоймаға қабылдауға қатысады. Тауардың техникалық ерекшеліктерге сәйкестігін, сондай-ақ сапа сертификаттары мен кепілдік құжаттарының болуын тексереді.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Озат)
- Орыс тілі (Озат)