Күрделі құрылысқа бақылау жүргізу дирекциясының бас менеджері
«Самұрық - Энерго» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Функционалдық міндеттері:
- Жобалардың күнтізбелік-желілік кестелеріне талдау жүргізу және іске асырудың негізгі мерзімдері мен кезеңдерінің орындалуын бақылау.
- Апталық, айлық, кезектен тыс және өзге де есептік, талдамалық әрі презентациялық материалдарды дайындау, сондай-ақ жоба қатысушылары ұсынатын деректерді шоғырландыру.
- Тапсырмалар тізілімін жүргізу, олардың орындалу мерзімдері мен мәртебесін бақылау, мерзімі өткен және ауытқулар туралы хабардар ету.
- Жобалық құжат айналымын жүргізу, оның ішінде кеңес хаттамаларын, хаттар тізілімін, кіріс және шығыс хат-хабарларды бақылауды, сондай-ақ құзыреті шегіндегі өзге де құжаттарды жүргізу.
- Күрделі жобаларды іске асыру мәселелері бойынша кеңестерге, жұмыс кездесулеріне және өзге де іс-шараларға қатысу.
- Күрделі жобаларды іске асырудағы тәуекелдер, ауытқулар және проблемалық мәселелер бойынша талдамалық ақпарат дайындау, жиынтық материалдар қалыптастыру және анықталған мәселелер туралы хабардар ету.
- Мониторинг пен есептілікке қажетті ақпаратты алу, өзектендіру және шоғырландыру бөлігінде жоба қатысушыларының өзара іс-қимылын үйлестіру.
- Күрделі жобалар бойынша корпоративтік тәсілдерді, есептілік нысандарын және мониторинг құралдарын қолдануға және жетілдіруге қатысу.
- Күрделі жобаларды мониторингтеу және сүйемелдеу үшін пайдаланылатын электрондық жүйелермен, тізілімдермен және өзге де цифрлық құралдармен жұмыс істеу.
- Күрделі жобаларды іске асырудың құндық көрсеткіштері туралы ақпаратты жинау, шоғырландыру және есептік әрі талдамалық материалдарда көрсету
- Инженерлік-техникалық, экономикалық, қаржылық, басқарушылық немесе өзге де сабақтас мамандықтар саласы бойынша жоғары кәсіби білім.
- Жобаларды басқару, құрылыс, жоспарлау немесе талдау саласында кәсіби сертификаттарының болғаны құпталады.
- Кәсіби қызмет бейініне сәйкес кәсіби саладағы практикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
- Жобаларды басқару негіздерін білу және түсіну (жобаның өмірлік циклі, қатысушылардың рөлдері, жобаларды басқарудың базалық қағидаттары);
- Жобаларды іске асыру кестелерін жоспарлау және талдау қағидаттарын білу (L1-L4 жұмыс кестелерінің құрылымы, сыни жол, жұмыстардың өзара тәуелділігі, бақылау кезеңдері);
- Есептілікті дайындау және бақылауды жүзеге асыру қағидаттарын білу (есеп түрлері, деректерді шоғырландыру қағидаттары, жобаларды іске асырудың негізгі көрсеткіштері);
- Құжат айналымын жүргізу тәртібін білу (кеңес хаттамалары, Қазақстан Республикасының құрылыс саласындағы заңнамасы, құрылыстағы атқарушылық құжаттама, электрондық құжат айналымы жүйелері);
- Құрылыс процестерін білу (жұмыстардың негізгі түрлері: жер жұмыстары, жалпы құрылыс жұмыстары, монтаждау, электрмонтаждау, іске қосу-баптау жұмыстары, құрылысқа қатысушылардың өзара байланысы);
- Ауытқулар мен тәуекелдерді мониторингтеу қағидаттарын білу (тәуекел түрлері, ауытқуларды анықтау, проблемалық мәселелерді эскалациялау қағидаттары);
- Дирекция құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қоғамның корпоративтік рәсімдері мен ішкі нормативтік құжаттарын білу;
- Коммуникация және үйлестіру дағдылары (кеңестерге қатысу, шешімдерді тіркеу, бірнеше мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасау, іскерлік хат алмасу дағдылары);
- Деректермен жұмыс істеу дағдылары (ақпаратты жинау, құрылымдау және талдау, деректердің дұрыстығын тексеру, талдамалық жиынтықтар дайындау);
- Цифрлық дағдылар (электрондық құжат айналымы жүйелері, кестелерді талдау және мониторингтеу бағдарламалары, Microsoft Office);
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман