Жетысу облысы өндірістік-шаруашылық қамтамасыз ету цехының бастығы

«Қазақтелеком» АҚ Талдықорған қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
89

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • цех қызметкерлеріне жүктелген тапсырмалардың дұрыс әрі уақтылы орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
  • сатып алуға арналған өтінімдердің орындалуын, тауарлы-материалдық қорларға (бұдан әрі – ТМҚ) және негізгі құралдарға жеткізушілерден баға ұсыныстарын сұратуды бақылау;
  • өңір дивизиондарының құрылымдық бөлімшелерінің негізгі құралдар мен материалдарға деген қажеттіліктерін зерделеу, СФ-мен келісу арқылы ТМҚ, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу жоспарларын қалыптастыру;
  • операциялық бюджетті (бұдан әрі – ОБ) / капиталдық салымдар бюджетін (бұдан әрі – БКСБ) қалыптастыруға қатысу және бақылау, сондай-ақ ОБ/БКСБ орындалуын бақылау және мониторинг жүргізу;
  • шарттық міндеттемелердің орындалуын бақылау (тауарларды орталық қоймаға жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету);
  • есепті кезеңге белгіленген жоспарлы көрсеткіштерден әкімшілік шығыстардың артуына жол бермеуді қамтамасыз ету;
  • филиал қызметкерлерінің жұмыс орындарын өндірістік-шаруашылық тұрғыдан қамтамасыз етуді (кеңсе тауарлары, жиһаз, шаруашылық заттар және т.б.) бақылау және жүзеге асыру, сондай-ақ олардың сақталуын қадағалау, уақтылы жөндеу жүргізу, шығындарын есепке алу және белгіленген есептілікті жасау; орталық/цех бойынша белгіленген есептіліктің ұсынылуын бақылау;
  • бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес азаматтық ғимараттар мен құрылыстарды салуды, қайта жаңғыртуды, күрделі және ағымдағы жөндеуді ұйымдастыру;
  • құрылыс, күрделі және ағымдағы жөндеу мәселелерін үйлестіру;
  • ғимараттарды күтіп ұстау және шаруашылық қызмет көрсету бойынша бақылау;
  • мердігерлердің ағымдағы жөндеу жұмыстарын орындауын, өндірістік және қызметтік үй-жайларды, ауланы, көшелер мен ғимараттарға іргелес тротуарларды тазалау жұмыстарын бақылау;
  • барлық құрылымдық бөлімшелер мен бірліктерде Мемлекеттік өртке қарсы бақылау органдарының нұсқамаларының орындалуын бақылау, СФ объектілеріне өрт-техникалық тексерулер жүргізу;
  • Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексі және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өндірістік санитария бойынша өзге де заңнамалық және нормативтік құжаттардың талаптарын орындауды қамтамасыз ету;
  • Қоғамда еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша жұмысты ұйымдастыру қағидалары стандартының орындалуын қамтамасыз ету;
  • су құбыры, кәріз және жылу желілерінде, лифт шаруашылығында апаттық жағдайларды жедел жоюды және олардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету.

Талаптар:

  • жоғары/жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
  • кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.