Екібастұз қ. "KEGOC" АҚ "Солтүстік ЖЭТ" филиалының Күрделі құрылыс қызметі Жоба-сметалық құжаттаманы талдау, есепке алу және сараптау тобының Жетекші инженері

461 700 - 461 700 KZT
«KEGOC» АҚ Екібастұз қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
58

   Конкурс туралы
Міндеттері:
  1. арнайы:

1) құрылыс- монтаждау жұмыстарының орындалуына техникалық қадағалауды және мердігерлік құрылыс ұйымдарынан аяқталған объектілерді қабылдауды жүзеге асырады;

2) күрделі құрылыс жоспарларының орындалу барысын, құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемдеріне, мерзімдері мен сапасына, сондай-ақ қолданылатын материалдардың, бұйымдар мен конструкциялардың сапасына, бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға, жұмыс сызбаларына, құрылыс нормалары мен қағидаларына, стандарттарға, техникалық шарттарға сәйкестігін бақылайды;

3) құрылыс, қайта жаңғырту объектілерінің құнын төмендетуді және техникалық-экономикалық көрсеткіштерін жақсартуды қамтамасыз ететін неғұрлым прогрессивті технологиялық процестерді, көлемдік-жоспарлау және конструктивтік шешімдерді енгізуге байланысты, жобаларға өзгерістер енгізу туралы мәселелерді шешуге қатысады;

4) салу барысындағы жобалық шешімдердің өзгерістерін қарауға және келісуге қатысады, қажет болған жағдайда материалдарды, бұйымдарды, конструкцияларды (құрылыс объектілерінің сапасын төмендетпей) ауыстыру жөніндегі мәселелерді жедел шешеді;

5) құрылыс-монтаждау жұмыстарының мерзімнің бұзылуына және сапасының нашарлауына әкелетін себептерді зерттейді, алдын алу және жою бойынша шаралар қабылдайды;

6) жетекшілік ететін объектілер бойынша аяқталған құрылыс-монтаж жұмыстары мен объектілерді техникалық қабылдауды жүзеге асырады, қажетті техникалық құжаттаманы ресімдейді;

7) жетекшілік ететін құрылыс объектілерін қабылдау және оларды пайдалануға беру жөніндегі комиссияның жұмысына қатысады;

8) құрылыс ұйымдарының кемшіліктер мен ақауларды жою сапасын және комиссия белгілеген мерзімдерді бақылайды;

9) аяқталған құрылыс-монтаждау жұмыстарының есебін жүргізеді және жетекшілік ететін объектілер бойынша күрделі құрылыс жоспарларының орындалуы туралы есептілікті жасау үшін қажетті деректерді дайындайды;

10) күрделi құрылыс көлемдерi бойынша келесi жылға арналған инвестициялық бағдарламаның жобасын қалыптастыруға  және ағымдағы жылғы инвестициялық бағдарламаны түзетуге қатысады;

11) жетекшілік ететін объектілерге қатысты бұйрықтар мен өкімдер жасайды;

12) өз құзыреті мәселелері шеңберінде басқа бөлімшелермен және атқарушы дирекциямен өзара ic-қимыл жасайды;

     13) жобалау-сметалық құжаттаманың кіріс бақылауын қамтамасыз етеді;

14) қабылдау, оның ішінде жасырын жұмыстарға бақылауды жүзеге асырады;

15) жетекшілік ететін объектілер бойынша жоспарланатын шығындарды қалыптастыруға қатысады;

16) жабдыққа тапсырыс беру және жобалау-іздестіру жұмыстарын орындау үшін объектілер салуға қызметтермен негіздеме дайындайды;

17) қызметтермен бірлесіп жетекшілік ететін объектілерді жобалауға арналған тапсырмаларды дайындайды;

18) жобалаумен, техникалық қадағалауды қамтамасыз етумен, жобалау мен құрылысқа арналған негіздемелермен байланысты жетекшілік ететін объектілерді салу мәселелері бойынша өндірістік қызметтермен, аумақтық электр тораптармен (бұдан әрі - АЭТ) өзара іс-қимыл жасайды;

19) геодезиялық бақылауды ұйымдастырады.

  20) жұмыс берушіге адамдардың өмірі мен денсаулығына, жұмыс берушінің және қызметкерлердің мүлкінің сақталуына қатер төндіретін туындаған жағдай туралы, сондай-ақ бос тұрып қалудың туындағаны туралы хабарлайды;

21) «Жобалар портфелін басқару» модулі SAP «Project & Portfolio Management» жүйесінде:

 а) «Солтүстік ЖЭТ» филиалы инвестициялық қызметінің портфельдік жобаларын қалыптастыру үшін жобаларға бастамашылық жасайды және жоспарлайды

22) Қызмет жетекшілік ететін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер шарттары бойынша Электрондық сатып алудың ақпараттық жүйесіне (ЭСАЖ) есепті толтырады;

23) ЖСҚ мұрағатын есепке алу, пайдалану және оның сақталуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жүргізеді.

Талаптар:
Білім деңгейі - жоғары білім;
Диплом бойынша мамандығы (бағыты) - Электроэнергетика, Құрылыс;
Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі-Электр энергетикасы, құрылыс саласындағы маман лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман