«ҚТЖ-Жолаушылар локомотивтері» ЖШС Нұр-сұлтан ст. өңірлік пайдалану локомотив бөлімінің (азаматтық қорғаныс бойынша) жетекші маманы

от 463 359
ТОО «КТЖ-Пассажирские локомотивы» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
38

Қаралған саны:
259

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Қысқа және орта мерзімді кезеңдерге арналған Серіктестік қызметінің мақсаттарын, міндеттерін және негізгі тиімділік көрсеткіштерін талдау негізінде құзырет шеңберінде болжайды.
  • Шектелген ақпаратты ашудың алдын алу, терроризмге қарсы қауіпсіздікті ұйымдастыру, жұмылдыру дайындығы, корпоративтік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша Серіктестіктің қызмет жоспарларына енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу және осы бағыттар бойынша есеп береді.
  • ЦКБ-мен бірлесе отырып, алаяқтық және басқа да құқық бұзушылықтарға қатысы бар тұлғаларды жұмысқа қабылдауды болдырмау мақсатында Серіктестік қызметкерлерін жұмысқа қабылдау кезінде үміткерлер туралы қосымша ақпаратты тексереді және жинайды.
  • Шектелген ақпаратты қорғау, терроризмге қарсы қауіпсіздік, сондай-ақ корпоративтік (ішкі, экономикалық) және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Серіктестік қызметкерлерінің құқықтық мәдениетін арттыру бойынша профилактикалық жұмыстарға, брифингтер, оқыту іс-шараларын өткізуге қатысады.
  • Серіктестік бөлімшелеріне шектелген ақпаратты қорғау, терроризмге қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ корпоративтік (ішкі, экономикалық) және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Серіктестік қызметкерлерінің құқықтық мәдениетін арттыру бойынша тексерулер жүргізеді.
  • Коммерциялық құпияны және корпоративтік қауіпсіздікті қорғау саласындағы бұзушылықтарға қызметтік тергеу және тексеру жүргізеді.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
  • Мамандығы:  Көлік, көлік техникасы және технологиялары; Логистика (салалар бойынша); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану; Автоматтандыру және басқару; Экономика; Менеджмент; Мемлекеттік және жергілікті басқару; Юриспруденция; Халықаралық құқық; Құқық қорғау қызметі; Ақпараттық жүйелер; Мұрағаттану; Құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету және/немесе теміржол мамандықтары.
  • Жұмыс тәжірибесі: талап етілмейді.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр