«KEGOC» АҚ «Алматы жүйеаралық электр тораптары» филиалының Жоспарлау-экономикалық бөлімінің жетекші экономисі»

Жалақы көрсетілмеген
«KEGOC» АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
14

Қаралған саны:
228

   Конкурс туралы

Лауазымдық (функционалдық) міндеттері:

1) Пайдалану департаменті үшін пайдалануға арналған есептік шығындарды дайындайды;

2) ӘБҚ-ның және бөлімшелер бойынша қызметтерді іске асырумен айналысатын персоналдың іссапар шығыстарын ұтымды пайдалануды жоспарлайды және бақылайды және Атқарушы дирекцияға іссапар шығыстары бойынша есепті уақтылы ұсынады;

3) ӘБҚ-ның және қызметтерді сатумен айналысатын персоналдың, Филиалдың іссапар шығыстарын талдамалы есепке алу кодтары бойынша есепке алуды және талдауды жүзеге асырады; 

4) Жоспарлау-экономикалық бөлімнің персоналына іссапар куәліктерін ресімдейді, олардың есептік құжаттармен бірге Филиалдың бухгалтериясына тапсырылуын бақылайды;

5) бөлімшелер бойынша және тұтас Филиал бойынша қалааралық және халықаралық байланысты ұтымды пайдалануды жоспарлайды және оған бақылау жүргізеді;

6) техникалық-экономикалық көрсеткіштерді талдауды жүзеге асырады;

7) Жоспарлау-экономикалық бөлімнің персоналы үшін лауазымдық нұсқаулықтарды әзірлейді;

8) Жоспарлау-экономикалық бөлімі персоналының лауазымдық нұсқаулықтарын мерзімді тексерулердің есебін жүргізеді;

9) жаңадан қабылданған Жоспарлау-экономикалық бөлімнің персоналын БМЖ құжаттарымен, Жоспарлау-экономикалық бөлімнің қызметіндегі қолданыстағы өрт қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нұсқаулықтарымен таныстырады;

10) жаңадан шығарылған және қайта шығарылған құжаттарды ескере отырып, жыл сайын Филиалдың Жоспарлау-экономикалық бөлімінің қолданыстағы БМЖ ішкі құжаттарының тізбесін әзірлейді;

11) Жоспарлау-экономикалық бөлімнің персоналын Жоспарлау-экономикалық бөлімнің қызметіне қатысты жаңадан басып шығарылған (өзгертілген) БМЖ құжаттарымен таныстырады;

12) Филиалдың мүлкіне түгендеу жүргізу кезінде жұмыс комиссиясының құрамында болып, түгендеу комиссиясына қатысады;

13) Жоспарлау-экономикалық бөлімде техникалық-экономикалық құжаттаманың жүргізілуін және сақталуын қамтамасыз етеді;

14) Жоспарлау-экономикалық бөлім персоналының жыл сайынғы демалыс кестесін жасайды және оның сақталуын бақылайды;

15) жетекші экономистің осы нұсқаулығында айтылмаған бастықтың біржолғы тапсырмаларын орындайды;

16) ай сайын қаржыландыру жоспары үшін іссапар шығыстары бойынша өтінімдер дайындайды және ауытқулардың себептерін анықтайды;

17) SAP КБААЖ-ға іссапар шығыстары бойынша деректердің енгізілуін бақылайды және оны бюджет жобасымен салыстырады;

18) экономикалық білім деңгейін үнемі жетілдіріп отырады;

19) ресімделген шарттардың, баға ұсыныстары бойынша хаттамалардың мемлекеттік сатып алу жоспарына сәйкестігін қадағалайды.

 

Талаптар:

Білім деңгейі

Жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім

Диплом бойынша мамандығы (бағыты)

Бизнес және басқару

Жұмыс тәжірибесі

лауазым бағыты бойынша

Экономикалық жоспарлау саласында

 

Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жыл

Кемінде 5 жыл

Басшылық лауазымдағы жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жыл

-

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар

·         Талдамалық есептерді дайындау дағдылары;

·         Қаржылық және бухгалтерлік есептің, ХҚЕС базалық білімі;

·         Өндірістік-шаруашылық қызмет көрсеткіштерін экономикалық талдау әдістерін білу;

·         Іскерлік хат алмасу дағдылары;

·         Ақпараттың үлкен көлемімен жұмыс істеу;

·         Уақытты тиімді басқару;

·         Деректерді өңдеу және статистикалық болжамдарды тексеру, модельдеу негіздері туралы базалық білім;

·         Зейінділік, ұқыптылық, жауапкершілік, нақтылық, стресске төзімділік;

·             Кәсібилік (адалдық, объективтілік және кәсіби этиканың басқа да қағидаттарын қатаң сақтау);

·             Электр қауіпсіздігі бойынша біліктілік тобы ІІ топтан төмен болмауы тиіс;

Лицензиялар, сертификаттар

Мүмкіндігінше экономика немесе қаржы магистрі дәрежесінің болуы

Қосымша талаптар

Тәжірибелі ДК пайдаланушысы (MSOffice: Word; Excel ; Outlook)

• ERP СО-модуль (SAP) тәжірибелі пайдаланушысы;

• Қазақ, орыс тілдерін білу

 

 

Еңбек жағдайлары:

 

  • - Біліктілікті арттыру жұмыс берушінің есебінен;

  - Жұмыс кестесі: 5/2, 8:00-ден 17:00-ге дейін;

  - Еңбек демалысы 30 к.к.

  - Әлеуметтік пакет: тоқсан сайынғы және жылдық сыйлықақы, оқу демалысына ақы төлеу, еңбек демалысына материалдық көмек;

  • Жұмыс орны: Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 162/7

 

  • Бос лауазым 09.01.2028ж. дейін уақытша болып табылады (3 жылға дейін бала күтімі бойынша демалыс кезеңінде).

 

Түйіндемені қабылдау 2026 жылғы 18 мамырға дейін (қоса алғандағы) мерзімде жүзеге асырылады.

 

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)