Бизнесті дамыту қызметінің жобалық менеджері

«Қазақтелеком» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
7

Қаралған саны:
154

   Конкурс туралы
Міндеттері:

1. Ұсынылған деректерге сәйкес сату бағыттарынан клиенттік сервис бойынша және өнімді дамыту бойынша қажеттіліктерді талдауға қатысады.
2.Жобаның тапсырыс берушісі ұсынған деректерге сәйкес жобалардың болжамды кірістері мен шығыстарын айқындау үшін бизнес-жоспарлау сатысында Қоғамның құрылымдық бөлімшелерімен, сондай-ақ қаржылық-экономикалық көрсеткіштерді одан әрі есептеу үшін Қоғамның мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасайды.
3.Қоғамның техникалық бағытымен бірлесіп жобалардың техникалық шешімін қалыптастыруға қатысады.
4.Жобалар аяқталғанға дейін іске асыру сатысында жобаларды және жобалардың бағдарламаларын басқарады.
5.Жобаларды іске асыруға қатысатын бөлімшелердің іс-қимылдарын үйлестіруге және мониторингтеуге қатысады.
6.Қоғамның құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп бөлімшенің құзыреті шеңберінде жобаларды техникалық, логистикалық, қаржылық, заңдық демеу үшін жауапты тұлғалардың жұмыстарды орындауын бақылайды.
7.Жобаға тартылған бөлімшелерден ұсынылатын жобаны іске асыру жөніндегі есептерді шоғырландырады.
8.Жобаның тапсырыс берушісімен және Қоғамның басқа да құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп жобалардың (CAPEX, OPEX, кірістер, техникалық шешім, мерзімдер) өзгерістерін басқарады.
9.Жоба кезеңдерінің орындалу мерзімдерін және тәуекелдердің туындауын бақылайды және мониторингілейді, көрсетілген үдерістерге қатысатын бөлімшелермен өзара іс-қимыл жасайды және бақылайды.
10.Қоғамның мүдделі құрылымдық бөлімшелері ұсынған деректерге сәйкес жоба көлемдерінің қорытынды нақты орындалуы бойынша деректерді қалыптастырады.
11.Бөлімшенің құзыреті шеңберінде Филиалдың құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп жобалардың пост-мониторингі үдерісіне қатысады.
12.Бөлімше қызметі шеңберінде басшылықтың сұраныстары бойынша есептерді және апта сайынғы, ай сайынғы, тоқсандық, жартыжылдық, жылдық есептерді жасайды және ұсынады.
13.Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша лауазымдық нұсқаулықтарда белгіленген еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қызметкерлердің құқықтары мен міндеттерін сақтау және орындау.
14.БМЖ және АҚМЖ жұмыс күйінде қорғау және жақсарту бойынша іс шараларға қатысу.
15.БМЖ және АҚМЖ арасындағы сәйкессіздіктердің себептерін жою үшін түзетулер енгізу және түзету әрекеттерін орындау.

Талаптар:

  • Жоғары (техникалық, математикалық, қаржылық немесе экономикалық) білім;
  • Телекоммуникация саласында немесе мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі;
  • Ресми хат алмасу жүргізу, келіссөздер және коммуникация дағдылары;
  • Стратегиялық және жүйелі ойлау дағдылары;
  • Күшті басқарушылық және коммуникациялық дағдылар;
  • Лауазымды атқаруға қажетті деңгейде мемлекеттік тілді меңгеру;
  • Ағылшын тілін білу артықшылық болып табылады.