Әкімшілік директор
«Қазақтелеком» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- Құқықтық және реттеушілік сүйемелдеу департаментінің, сатып алу және жабдықтау департаментінің, корпоративтік басқару секторының және процестерді қолдау секторының қызметін үйлестіру мен бақылауды, сондай-ақ серіктестіктің әкімшілік-шаруашылық және материалдық қамтамасыз ету мәселелері бойынша жетекшілік ететін бөлімшелердің қызметін үйлестіру мен бақылауды қамтамасыз ету;
- Жетекшілік ететін бөлімшелердің құзыреті шегінде серіктестіктің даму жоспарларын, бюджет жобасын және сатып алу жоспарын әзірлеу, келісу және бекіту, сондай-ақ олардың орындалуы мен іске асырылуын қамтамасыз ету бойынша қызметін үйлестіру және бақылау;
- Жетекшілік ететін бөлімшелердің серіктестіктің өзге бөлімшелерімен, бас компаниямен, мемлекеттік, құқық қорғау және өзге де органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимылы мәселелері бойынша қызметін үйлестіру және бақылау;
- Әлеуетті серіктестердің, бәсекелестердің және өзге де мүдделі заңды және жеке тұлғалардың ұсыныстары мен мүмкіндіктері бойынша ақпарат жинау және талдау мәселелері бойынша жетекшілік ететін бөлімшелердің қызметін үйлестіру және бақылау;
- Серіктестіктің негізгі қызмет түрлері мен бағыттары бойынша ұсыныстар мен/немесе ескертулер енгізу мәселелері бойынша жетекшілік ететін бөлімшелердің қызметін үйлестіру және бақылау;
- Жетекшілік ететін бөлімшелердің өз қызметінің нәтижелері мен мақсаттарына қол жеткізуін қамтамасыз ету бойынша қызметін үйлестіру және бақылау;
- Жетекшілік ететін бөлімшелердің атқарушылық, еңбек және қаржылық тәртіпті сақтауын, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі мен өмірді және денсаулықты қорғау шараларын сақтауын бақылау;
- Серіктестіктің және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық, қаржылық, техникалық және өзге де тәуекелдерді уақтылы анықтау, бағалау және алдын алу мәселелері бойынша жетекшілік ететін бөлімшелердің қызметін үйлестіру және бақылау;
- Шарттар мен өзге де құжаттарды жасау, келісу, қол қою және орындау, сондай-ақ оларда көрсетілген нәтижелерге қол жеткізу мәселелері бойынша жетекшілік ететін бөлімшелердің қызметін үйлестіру және бақылау;
- Серіктестік қызметіндегі процестерді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу, халықаралық тәжірибе мен үздік әлемдік практикаларды IT және телекоммуникация нарығының заманауи жағдайын ескере отырып енгізу мәселелері бойынша жетекшілік ететін бөлімшелердің қызметін үйлестіру және бақылау;
- IT және телекоммуникация нарығындағы әлемдік және отандық көшбасшыларды тарту және олардың тауарларын, жұмыстарын және қызметтерін пайдалану мәселелері бойынша жетекшілік ететін бөлімшелердің қызметін үйлестіру және бақылау;
- Серіктестік қызметтерін ілгерілету және оның жағымды имиджін қалыптастыру мәселелері бойынша жетекшілік ететін бөлімшелердің қызметін үйлестіру және бақылау;
- Серіктестік, бас компания, мүдделі мемлекеттік және өзге де органдар мен ұйымдар өткізетін ұжымдық, бұқаралық, имидждік, спорттық, қайырымдылық және өзге де іс-шараларға қатысу мәселелері бойынша жетекшілік ететін бөлімшелердің қызметін үйлестіру және бақылау;
- Серіктестік пен бас компания басшылығының өзге де тапсырмалары мен бұйрықтарын орындау мәселелері бойынша жетекшілік ететін бөлімшелердің қызметін үйлестіру және бақылау;
- Директорлар/бағыт жетекшілерінің өкілеттіктерді бөлу және өзара алмастыру құрылымына сәйкес бекітілген жетекшілік ететін бөлімшелердің қызметін үйлестіру және бақылау.
Талаптар:
- Жоғары заңгерлік және экономикалық білім;
- Ұйымдардың әкімшілік, шаруашылық және корпоративтік басқару саласында, басым түрде квазимемлекеттік секторда кемінде 10 жыл жұмыс тәжірибесі;
- Сатып алу және қаржы-экономикалық қызметті, заңгерлік сүйемелдеуді, кадрлық іс жүргізуді, жобалау мен құрылысты жүзеге асыратын бөлімшелерді басқару тәжірибесі, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл;
- Телекоммуникация саласында жұмыс тәжірибесі, IT және өзге де материалдық инфрақұрылымды жобалау, салу және жабдықтау тәжірибесі құпталады;
- Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен, жобалық және мердігер ұйымдармен, компаниялар мен ұйымдардың жоғары басқару органдарымен өзара іс-қимыл тәжірибесі;
- ҚР заңнамасының негізгі функционалдық міндеттерге қатысты салаларын білу (ҚР Еңбек, Азаматтық және Құрылыс кодекстері, ҚР ҚНжЕ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, корпоративтік этика және ақпараттық қауіпсіздік кодексі);
- Сатып алуды жүзеге асыру тәртібінің негіздерін білу;
- Деректерді өңдеу орталықтарын (Data Center), IT инфрақұрылымды жобалау, салу, жабдықтау, пайдалану, олардың үздіксіз және тұрақты жұмысын қамтамасыз ету негіздерін білу.
Шарттар:
- ҚР Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа орналастыру;
- 5/2 жұмыс кестесі, 8 сағаттық жұмыс күні;
- Уақтылы жалақы төлеу;
- Жыл сайынғы еңбек демалысы — 30 күнтізбелік күн.
Қажетті қабілеттер
- Лидерские и управленческие навыки
- Умение анализировать информацию в целях принятия благоприятных решений для компании
- Высокий уровень организаторских способностей
- Навыки проведения деловых переговоров
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Магистр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Ағылшын тілі (Кәсіби)
- Қазақ тілі (Кәсіби)
- Орыс тілі (Орташадан жоғары)
Ұқсас вакансиялар
Жобаларды іске асыру қызметінің басшысы
«Қазақтелеком» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
18.05.2026 | 96
Суасты ТОБЖ қызметінің басшысы
«Қазақтелеком» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
18.05.2026 | 76
Бизнесті дамыту қызметінің жобалық менеджері
«Қазақтелеком» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
16.05.2026 | 150