Экономист
«Kazgeology Drilling» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- Бизнес-жоспарды/серіктестіктің даму жоспарын жоспарлау:
• Серіктестіктің Бизнес-жоспары мен Бюджетінің жобасын әзірлейді (оған түзетулерді қоса);
• Бизнес-жоспарды Серіктестіктің Бақылау кеңесінің қарауына бекіту мәселесі бойынша материалдар дайындайды;
• Ақша қаражатының қозғалысы болжамын қалыптастырады. - Өзіндік құнды есептеу:
• Геологиялық барлау жұмыстарын қызмет түрлері бойынша (бұрғылау, геофизикалық жұмыстар және т.б.) өзіндік құн құрылымын экономикалық тұрғыдан негізделген түрде қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
• Бекітілген шығын нормаларын ескере отырып, жобалар/объектілер бойынша жоспарлы өзіндік құнды есептеуді жүзеге асырады.
• Бастапқы есептік деректерді жинауды, тексеруді және жүйелеуді қамтамасыз ете отырып, нақты өзіндік құнды есептеуді ұйымдастырады. - Бизнес-жоспарлау, бюджеттеу, сметалар және өзіндік құнды айқындау процестерінің әдістемесін әзірлеу және жетілдіру:
• Бизнес-жоспарлау және бюджеттеу процестерінің әдістемесін әзірлейді және жетілдіреді;
• Тарифтік сметаларды қалыптастыру, тауарлық өнімнің өзіндік құнын айқындау, лимиттер және шығындарды бөлу процестерінің әдістемесін әзірлейді және жетілдіреді. - Бизнес-жоспардың/серіктестіктің даму жоспарының орындалуы туралы есеп:
• Даму жоспары мен Серіктестіктің Бюджетінің орындалуын мониторингтеу және талдау жүргізеді;
• Серіктестіктің Бизнес-жоспарының орындалуы туралы тоқсан сайынғы есепті қалыптастырады және оны белгіленген тәртіппен Серіктестік басшылығына ұсынады;
• Серіктестіктің Бизнес-жоспарының орындалуы туралы ай сайынғы жедел есепті белгіленген мерзімдерде қалыптастырады. - Серіктестіктің жылдық бюджеті жоспарлау және орындау: • Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелерінің Жылдық бюджетті түзетуге қатысты өтінімдерін қарайды және келіседі;
• Серіктестіктің Бақылау кеңесінің қарауына Серіктестіктің Жылдық бюджетін бекіту және/немесе түзету туралы, сондай-ақ оның орындалуы туралы есеп бойынша материалдарды шығарады.
• Серіктестік қолданыстағы жасалған шарттар шеңберінде орындаушы ретінде қатысатын объектілер бойынша жобалардың бюджеттерін, шығындар сметаларын, қаржыландыру жоспарларын қалыптастыру және орындауын мониторингтеу.
• Ақша қаражатының қозғалысы болжамын қалыптастырады. - Бизнес-нәтижені модельдеу және мақсатты қаржылық параметрлерді дайындау:
• Келісілген бизнес-жоспар мен Серіктестік стратегиясы шеңберінде функционалдық бөлімшелермен бірлесіп Серіктестіктің болашақ қаржылық нәтижесін модельдеуді және басшылық үшін мақсатты қаржылық параметрлерді дайындауды жүзеге асырады. - Бизнес-процестерді оңтайландыруға қатысу:
• Қаржылық ақпаратты талдау негізінде процестердің ашықтығы мен тиімділігін арттырудың мүмкін көздері мен тетіктерін айқындайды;
• Сәйкес жобаларды бастамашылық етеді және олардың орындалуына қол жеткізеді;
• Бағыттар бойынша әдістемені, ВНД, саясаттар мен рәсімдерді әзірлеу процесін қамтамасыз етеді. - Серіктестіктің қаржылық ағындарын басқару: • Ақша бюджетін, Серіктестіктің Төлем күнтізбесін қалыптастырады және олардың орындалуына мониторинг жүргізеді;
• Бекітілген Жылдық бюджетке сәйкестігін бақылауды қамтамасыз ете отырып, төлемдер тізілімін қалыптастырады;
• Серіктестіктің есептік және төлемдік міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етеді, төлем қабілеттілігіндегі болып жатқан өзгерістерді өз қаражаттарының жай-күйін қадағалай отырып уақтылы көрсетеді;
• Ақша қаражатының позициясының мөлшері туралы ақпаратты жинау және талдау процесін жүргізу тәртібін айқындайды, кассалық алшақтықтардың туындау қаупін анықтайды, уақытша бос ақша қаражатын орналастырудың тиімділігін (бұдан әрі – УБА), орналастырылған УБА-ның әртараптандырылу дәрежесін және ақша қаражатының артықтығын айқындайды;
• Алынған ақпаратты өтімділік болжамдарын қалыптастыру кезінде бастапқы дерек ретінде пайдаланады, Серіктестік деңгейінде УБА орналастыру бойынша жоспарланған көрсеткіштерден ауытқуларды бақылайды;
• Ықтимал тәуекелдерді, теріс үрдістерді ерте кезеңде анықтайды және оларды барынша азайту құралдарын айқындайды;
• Корпоративтік орталықтың шетел валютасын конвертациялау көлемдері мен жоспарлары туралы ақпаратты жинауды жүзеге асырады, ақпараттық-талдамалық жүйеде конвертацияға өтінімдерді қалыптастырады, Серіктестіктерге қызмет көрсететін банк-контрагенттердің банктік тарифтері және Қоғамның ДЗО қазынашылық бөлімшелерінен алынған ақпаратты өңдейді;
• ДЗО-дан Серіктестік бойынша берілген ұсынымдар мен нұсқамалардың орындалуы туралы есепті талдайды;
• Ақша қозғалысы туралы есепті қалыптастыру бөлігінде Даму жоспарларының, еншілес және тәуелді ұйымдардың Бюджеттерінің орындалуын талдау мен мониторингтеуге қатысады. - Баланс құрылымын, қазынашылық және кредиттік тәуекелдерді басқару:
• Тәуекелдерді басқаруға жауапты құрылымдық бөлімшеге тәуекелдердің жай-күйі және тәуекелдерді төмендету жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуы туралы уақтылы әрі толық ақпарат ұсынады.
Талаптар:
- Білімі - Қаржы/экономика саласында жоғары білім
- Жұмыс тәжірибесі - Бюджеттік жоспарлау және талдау/бухгалтерлік есеп пен есептілік саласында кемінде 2 жыл
- Сертификаттың болуы құптарлық CFA/DipIFR/ACCA/CIMA
- Функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер:
Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңнамасын, Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының «Шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңын және Қазақстан Республикасының «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Заңын білу;
Тау-металлургия саласының өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді білу;
Өндірістік-шаруашылық қызметтің перспективалық және ағымдағы жоспарларын әзірлеу бойынша білім мен дағдыларды (қаржылық модельдеу);
Бизнес-жоспарларды әзірлеу тәртібін, Серіктестік пен оның бөлімшелерінің өндірістік-шаруашылық қызмет көрсеткіштерін экономикалық талдау әдістерін, активтерді, сметаларды жасау және есептеудің тәртібін, тауарлық өнімнің өзіндік құнын айқындау тәртібін білу;
Халықаралық және ұлттық қаржылық есептілік стандарттарын (ХҚЕС) білу;
Қаржы институттарымен тиімді өзара іс-қимыл жасау дағдылары;
1С, SAP жүйелерінде жұмыс тәжірибесі құптарлық;
Қазақ және орыс тілдерін меңгеру.
Қажетті қабілеттер
- Экономика
- Финансы
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
Ұқсас вакансиялар
«Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС жиынтық балансы және бухгалтерлік есеп бойынша функционалдық бағыт бойынша бас менеджер (18 Грейд)
«Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
09.07.2026 | 445
Жалақы көрсетілмеген
Экономист
«Бірінші жел электр станциясы» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
07.07.2026 | 3897
Экономика және қаржы бөлімінің аға маманы
«GPC Investment» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Атырау қ.
03.07.2026 | 487