Басқару департаментінің бас менеджері
«Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- Белгіленген мерзімдерде ауызша және жазбаша, толық және қысқартылған аудармаларды және/немесе хаттар, қызметтік жазбалар, ұйымдастырушылық-реттеуші, ақпараттық-талдау құжаттары мен басқа мәтіндерді орыс тілінен қазақ тіліне, қазақ тілінен орыс тіліне аударып, аудармалардың лексикалық, стилистикалық және мағыналық мазмұнына дәл сәйкестігін қамтамасыз ету, қолданылатын ғылыми және техникалық терминдер мен анықтамаларға қойылатын талаптарды сақтау;
- Қоғамдық, экономикалық және басқа арнайы әдебиеттерді, нормативтік-техникалық құжаттаманы, ұйымдармен хат алмасу материалдарын, сондай-ақ конференциялар, мәжілістер, семинарлар материалдарын аудару;
- Қазақ, орыс тілдерінде дайындалған аудармаларды редакциялау;
- Мемлекеттік тілдегі құжаттаманың сапасын бақылау;
- Әкімшілік сипаттағы тауарлар мен қызметтерді сатып алу ұйымдастыру және өткізу бойынша қажетті құжаттарды дайындауға қатысу, сондай-ақ әкімшілік сатып алулардың жылдық жоспарын жасау;
- Қызмет көрсету сапасын жақсарту және шығындарды азайту мақсатында әкімшілік сипаттағы контрагенттермен және қызмет жеткізушілерімен өзара әрекеттесу;
- Лауазымдық функционалдық міндеттерінен туындайтын басшылықтың басқа тапсырмаларын орындау.
Талаптар:
- «Аударма ісі», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Филология», «Қолданбалы лингвистика» мамандықтары бойынша жоғары кәсіби білім.
- Мемлекеттік немесе квазимемлекеттік секторда кемінде
5 жыл;
Жоғары деңгейдегі іскерлік хат алмасу.
Қысқа мерзімде үлкен ақпарат көлемдерімен жұмыс істеу дағдылары.
Microsoft Office (Word, Excel, Outlook) бағдарламаларын сенімді меңгеру;
Ішкі нұсқаулықтар мен құжат айналымы процедураларын әзірлеу және енгізу қабілеті;
Құжат айналымының формалары мен әдістерін жетілдіру және Товарищество қызметкерлерінің орындаушылық тәртібін қамтамасыз ету қабілеті;
Ақпаратты тез жинау, талдау және құрылымдау дағдылары.
Шарттар:
- 5/2
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Кәсіби)
- Орыс тілі (Кәсіби)