"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС локомотивтерді пайдалану департаментінің жедел-өкімдік жұмыс тобының (15 грейд) менеджері

от 482 846
«ҚТЖ – ЖҮК ТАСЫМАЛЫ» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
40

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • менеджменттің интеграцияланған жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмысқа қатысу;Қызмет шеңбері бойынша құжат айналымын жүргізу, қорытындыны дайындау, хаттардың, жоспарлардың, есептердің жобаларын келісу және оларды қарау (орындау)нәтижелері бойынша хат алмасу;
  • электрондық құжат айналымы жүйесіндегі жұмысты және істер номенклатурасын жүргізуді қоса алғанда, іс жүргізу жөніндегі басшылық құжаттардың сақталуы: хат-хабарлар, жоспарлар, есептер, талдаулар және басқа да құжатталған ақпарат;
  • калькуляция есептеулерін, баға белгілеу бойынша ақпарат жинауды, шарттар жасасуды, шарттардың орындалуын бақылауды, ТЖҚ қабылдауды, орындауға өтінімдер беруді, жетекшілік ететін жобалар бойынша төлемдерді бақылауды жүргізеді;
  • кіріс шарттарын (оның ішінде бөгде ұйымдармен) жасасу: локомотивтерді мүліктік жалдау (жалға алу), локомотив бригадаларының қызметтерін ұсынуға (локомотивтерді сүйемелдеу, локомотивтерді іске қосу), жылдамдық өлшегіш таспалар мен кассеталарды ашу бойынша қызметтерді ұсынуға қызмет шеңбері мен құзыретіне жататын шарттардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді;
  • "Қазақстан темір жолы "ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының филиалдарында Локомотив машинистерін (жылу тарту, электр тарту), Локомотив машинистерінің (жылу тарту, электр тарту), машинист-нұсқаушылардың (оның ішінде оқыту бойынша), жылдамдық өлшегіш ленталар мен тіркеу кассеталарын транскрипциялау жөніндегі инженерлерді даярлау бойынша курстарды жоспарлау және ұйымдастыру"- "Теміржол көлігі қызметкерлерінің оқу орталықтары";
  • серіктестіктің филиалдары бойынша оқыту/біліктілікті арттыру топтарын қалыптастыру;
  • жаппай жұмысшы кәсіптерін даярлау және қайта даярлау бойынша қызметтер көрсетуге келіп түскен құжаттармен (орындалған жұмыстар актілері, жиынтық актілер, шот-фактуралар, курсанттардың тізімдері) жұмыс істеу;

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
  • Мамандығы: Көлік, көліктік техника және технологиялар (локомотивтер және локомотив шаруашылығы), тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл жұмыс.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр