«KEGOC» АҚ «Оңтүстік ЖЭТ» филиалы Релелік қорғау және электр автоматикасы қызметінің жедел-есептеу тобының инженері Шымкент қ.
от 266 000 KZT
«KEGOC» АҚ Шымкент қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Білімі: жоғары / жоғары оқу орнынан кейінгі білім / орташа техникалық білім
Білім профилі: Электр энергетикасы саласындағы техникалық
Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі және жалпы еңбек өтілі: электр энергетикасы саласында, жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім алу үшін жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар талап етілмейді. Техникалық, кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі (орта арнаулы, орта кәсіптік) білімі болса, мамандық бойынша кемінде жұмыс өтілі 3 жыл болуы тиіс.
Білім профилі: Электр энергетикасы саласындағы техникалық
Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі және жалпы еңбек өтілі: электр энергетикасы саласында, жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім алу үшін жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар талап етілмейді. Техникалық, кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі (орта арнаулы, орта кәсіптік) білімі болса, мамандық бойынша кемінде жұмыс өтілі 3 жыл болуы тиіс.
Кәсіби сертификаттардың / сертификациялардың болуы: апаттық режимдерде электр шамаларын есептеу және релейлік қорғау тағайыншамаларын есептеу бағдарламаларымен жұмыс бойынша курстардан өткендігі туралы сертификаттардың болуы құпталады.
Білуге тиіс:
- Электр желілерін техникалық пайдалану саласындағы салалық қағидалар, нормалар мен талаптарды, электр қондырғыларын пайдалану кезінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерін, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі ережелерін – өз лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде меңдеру.
- Электр қауіпсіздігі бойынша кемінде II біліктілік тобының болуы.
Жұмыс дағдылары:
- Қысқа тұйықталу (бұдан әрі- ҚТ) және басқа апаттық режимдер кезіндегі токтар мен кернеулерді есептей білу;
- «Оңтүстік ЖЭТ» филиалының әуе желілеріндегі (ӘЖ), қосалқы станция (ҚС) жабдықтарындағы апаттық режимдердегі электр шамаларын есептеу және барлық қосылыстар бойынша релейлік қорғау тағайыншамаларын есептеу бағдарламаларымен жұмыс істей білу;
- Дербес компьютерде пайдаланушы деңгейінде жұмыс істей алу; құжат айналымы жүйесі арқылы мемлекеттік тілде келіп түсетін ақпаратты құжаттың мазмұнын және негізгі ережелерін түсіну деңгейінде қабылдап, қызметтік міндеттерін орындау үшін жеткілікті түрде пайдалана білу.
Негізгі лауазымдық міндеттері:
- Айлық жұмыс жоспарын орындау;
- Басқа кәсіпорындардың РҚА қызметтері ұсынған 110кВ және одан жоғары ӘЖ, сондай-ақ диспетчердің жедел басқаруына берілетін немесе қабылданатын басқа да электр жабдықтарының РҚА 4-топ құрылғыларының тағайыншамаларын келісу;
- Жобаларды қарастыруға және сараптауға қатысады;
- «KEGOC» АҚ ЖО ҰДО РҚА қызметімен ӨДО диспетчердің жедел басқаруындағы 3-топ құрылғыларының тағайыншамаларын келісу;
- «KEGOC» АҚ ЖО ҰДО РҚА қызметіне РҚА 2-топ құрылғылары мен 3-топ құрылғыларының селективтілік карталарын, сондай-ақ ҚТ токтарын есептеу және тағайыншамларды таңдау үшін қажетті деректерді ұсыну;
- ҚТ токтарын есептеу және тағайыншамаларды таңдау үшін қажетті реактанстар мен басқада мәләметтерді кәсіпорындардың РҚА қызметтеріне жолдау;
- ӨДО диспетчерінің жедел басқаруымен 220-500 кВ әуе электр желілерінде материалдарды дайындайды және зақымдану орнын анықтайды.
- Есептеу секторының инженерлік-техникалық персоналының біліктілігін арттыруға қатысады;
- Өзінің біліктілігін арттыру, семинарлар мен кеңестерге қатысу, озық кәсіпорындардың тәжірибесін, өз қызметінің бағыты бойынша арнайы әдебиеттер мен мерзімді басылымдарды зерделеу.
Жұмыс орны «KEGOC» АҚ «Оңтүстік жүйеаралық электр тораптары» филиалының әкімшілік ғимаратында орналасқан: Шымкент қ., Б. Момышұлы даңғылы, 27.
Түйіндемелерді қабылдау мерзімі – 2026 жылғы 22 мамырын қоса алғанда.
Қажетті қабілеттер
- Знание принципов работы релейной защиты
- знание расчета токов и напряжений при коротком замыкании для устройства РЗА
- Методики измерений параметров релейной защиты и работы электротехнического оборудования
- знание отраслевого законодательства в сфере электроэнергетики;
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Колледж
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Озат)
- Орыс тілі (Озат)
Ұқсас вакансиялар
«KEGOC» АҚ «Оңтүстік ЖЭТ» филиалы Релелік қорғау және электр автоматикасы қызметінің РҚА құрылғыларын пайдалану тобының инженері Шымкент қ.
«KEGOC» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Шымкент қ.
19.05.2026 | 57
от 266 000 KZT
KEGOC АҚ «Оңтүстік ЖЭТ» филиалының Қүрделі құрылыс қызметінің инженері Тараз қаласы
«KEGOC» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Шымкент қ.
19.05.2026 | 1017
от 243 600 KZT
"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "магистральдық желінің Шымкент бөлімшесі" филиалының Шымкент электрмен жабдықтау дистанциясының 2 класты Манкент ст. 2 тобы учаскесінің (байланыс желісі ауданының) бастығы
Шымкентская дистанция электроснабжения | Еңбекпен толық қамтылу
| Шымкент қ.
18.05.2026 | 172
от 206 986