«KEGOC» АҚ «Алматы жүйеаралық электр тораптары» филиалының Қосалқы станциялар қызметінің 2-санатты инженері
Лауазымдық (функционалдық) міндеттері:
1) жоғары вольтты жабдықты монтаждау немесе ауыстыру үшін келер жылға арналған ажырату кестелерінің жобаларын дайындайды;
2) қосалқы станциялар жабдықтарын жөндеу және ЖПЖ жүргізу үшін қажетті жабдықтарға, материалдар мен қосалқы бөлшектерге өтінімдер жасайды;
3) жылдық есепке материалдар дайындайды;
4) мердігерлік тәсілмен жөндеу жұмыстарын орындауға арналған сметаларды есептеу үшін ақаулық актілерін, жұмыс көлемдерінің тізімдеректерін жасайды;
5) жабдықты жөндеуге мердігер ұйымдармен шарттар жасасу үшін материалдар дайындайды, олардың орындалуын бақылайды;
6) қосалқы станциялардан элегаздық ажыратқыштардың ресурстарын есепке алу жөніндегі деректерді жинайды;
7) ҚС жабдығының ЖПЖ жұмыстарына және өзге де НҚ-ға техникалық қызмет көрсетуге ақаулық актілерін дайындайды;
8) сырт ұйымдармен, Атқарушы дирекциямен (АД), сондай-ақ құрылымдық бөлімшелермен хат алмасады;
9) SAP бағдарламасында ЖПЖ және жөндеудің, сондай-ақ басқа да НҚ-ға техникалық қызмет көрсетудің жоспарларын құрады: ТОРО хабарламаларын жасайды, ТОРО тапсырыстарын жасайды, материалдарды ТОРО тапсырыстарына салады, жоспарлар құрастырады, иерархия бойынша тапсырыстарды бекітеді, ақаулық актілерін, жоспарларды, материалдар мен қызметтер тізімдемелерін жүктейді және тексереді;
10) бастықтың барлық әкімшілік-техникалық өкімдерін орындайды.
11) бастықтың осы нұсқаулықта айтылмаған бір реттік тапсырмаларын орындайды;
12) өндірістік база төңірегіндегі Қызметке бекітілген аумақты жинауды орындайды.
Талаптар:
|
Білім деңгейі |
Тиісті мамандық бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім |
|
Диплом бойынша мамандығы (бағыты) |
Электр энергетикасы саласындағы техникалық |
|
Жұмыс тәжірибесі лауазым бағыты бойынша |
Электр энергетикасы саласында
|
|
Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жыл |
лауазым бағыты бойынша кемінде 3 жыл |
|
Басшылық лауазымдағы жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жыл |
- |
|
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар |
· Электр энергетикасы, өндіріс технологиясы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі қағидалары саласындағы мамандандырылған білім; |
|
Лицензиялар, сертификаттар |
• Мүмкіндігінше қызметтің жетекшілік ететін мәселелері саласында сертификаттардың болғаны жөн |
|
Қосымша талаптар |
• Операциялық жүйелермен жұмыс істеу дағдыларыніңболуы (Windows XP, 10); . Кеңселік бағдарламалық жасақтамалармен (Microsoft Office Word, Microsoft Office Excel, Microsoft Office Outlook) жұмыс істеу дағдыларының болуы; • Электрондық құжат айналымы жүйесінде жұмыс істеу дағдыларының болуы. • Қазақ, орыс тілдерін білу |
Еңбек жағдайлары:
- Біліктілікті арттыру жұмыс берушінің есебінен;
- Жұмыс кестесі: 5/2, 8:00-ден 17:00-ге дейін;
- Еңбек демалысы 30 к.к.
- Әлеуметтік пакет: тоқсан сайынғы және жылдық сыйлықақы, оқу демалысына ақы төлеу, еңбек демалысына материалдық көмек;
- Жұмыс орны: Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Қазыбаев көшесі, 23а
- Бос лауазым тұрақты болып табылады.
Түйіндемені қабылдау 2026 жылғы 22 мамырға дейінгі (қоса алғандағы) мерзімде жүзеге асырылады.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Ғылым кандидаты
- Ғылым докторы
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Озат)
- Орыс тілі (Озат)
Ұқсас вакансиялар