«KTZ Express» АҚ портфельді басқару департаментінің директоры
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттері:
- Қоғамның жобалар портфелін басқару қызметін жүзеге асырады, оның ішінде Қоғамның еншілес және тәуелді ұйымдарын (бұдан әрі – ЕТҰ) тиімді басқару бойынша іс-шараларды орындайды, ЕТҰ акционері (қатысушысы) функцияларын іске асыру бөлігінде қызмет атқарады, Қоғамның ЕТҰ бойынша корпоративтік шешімдердің уақытылы қабылдануын қамтамасыз етеді.
- Бекітілген ЕТҰ-лардың өндірістік және қаржылық мәселелер бойынша қызметіне талдау жүргізеді, сондай-ақ олардың мониторингін жүзеге асырады. Бекітілген ЕТҰ қызметінің сандық және сапалық көрсеткіштерін белгілеу бойынша ұсыныстарды келіседі және әзірлейді.
- Қоғам компаниялар тобы активтерінің құрылымын оңтайландыруға қатысады.
- ЕТҰ бойынша корпоративтік шешімдердің уақытылы қабылдануын бақылауды жүзеге асырады.
- ЕТҰ жарғылық капиталдарын ұлғайту және толықтыру бойынша мәліметтерді жинақтау мен мониторингтеуді, олардың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ ЕТҰ жобаларын тиімді инвестициялау бойынша ұсыныстар дайындайды.
- Департаменттің жұмыс жоспарларының орындалуын, Департаменттегі еңбек, технологиялық және атқарушылық тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
- Департаментке жұмыс үшін келіп түсетін барлық құжаттаманың орындалуын және орындауға жіберілуін (бұрыштама қоюды) бақылайды, шығыс құжаттамасының сәйкестігін тексереді, талдайды, келіседі және қол қояды.
- Қоғамда және «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да жергілікті актілерге және Қоғам мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының жазбаша тапсырмаларына сәйкес құрылатын жұмыс топтары мен комиссиялардың жұмысына қатысады.
- Қоғам мен ЕТҰ активтерін басқаруға қатысты өндірістік процестердің тиімділігіне тексеру және талдау жүргізеді, сондай-ақ оларды жетілдіру және түзету бойынша Қоғам басшылығына ұсыныстар енгізеді.
- Қоғам мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен және жауапты тұлғаларымен Қоғам мен ЕТҰ активтерін басқару мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Мамандығы: Экономика; Менеджмент; Қаржы; Маркетинг; Есеп және аудит; Ақпараттық жүйелер; Құқықтану; Көлік, көлік техникасы және технологиялары; Логистика және/немесе теміржол саласындағы мамандықтар.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бағыты бойынша кемінде 6 жыл, оның ішінде қызмет бағыты бойынша басшылық лауазымдарда кемінде 4 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр