«KTZ Express» АҚ Аппарат басшысы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттері:
- Қоғамның, филиалдардың және еншілес әрі тәуелді ұйымдардың HR және әкімшілік блогына басшылық жасау.
- Стратегиялық мақсаттарға сәйкес HR-стратегияны іске асыру және Қоғамды білікті еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету.
- Кадрлық әкімшілендіру, жұмыс уақытын есепке алу және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуы процестерін басқару.
- Еңбекақы төлеу, ынталандыру, KPI және персонал қызметінің тиімділігін бағалау жүйелерін қалыптастыру және дамыту.
- Қызметкерлерді оқыту, дамыту және олардың тартылу деңгейін арттыру процестерін ұйымдастыру.
- Ұжымдық шарттың орындалуын және Қоғамның әлеуметтік саясатының іске асырылуын бақылау.
- «Самұрық-Қазына» АҚ және «ҚТЖ» ҰК» АҚ талаптарына сәйкес жоспарлауды, мониторингті және сатып алу рәсімдерін іске асыруды қоса алғанда, Қоғамның сатып алу қызметін үйлестіру.
- Қоғамның әкімшілік-шаруашылық қызметін және тауарлық-материалдық құндылықтармен қамтамасыз етілуін басқару.
- Қоғамның бюджеттері мен даму жоспарларын қалыптастыруға қатысу.
- Жетекшілік ететін бағыттар шеңберінде мемлекеттік органдармен, еншілес ұйымдармен, сыртқы консультанттармен және өзге де мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасау.
- Жетекшілік ететін қызмет бағыттары бойынша комитеттер мен жұмыс топтарына басшылық жасау.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары; Логистика; Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану; Автоматтандыру және басқару; Электр энергетикасы; Стандарттау, сертификаттау және метрология; Экономика; Менеджмент; Қаржы; Мемлекеттік және жергілікті басқару; Маркетинг; Есеп және аудит; Құқықтану; Халықаралық қатынастар; Халықаралық құқық; Ақпараттық жүйелер және/немесе техникалық/теміржол мамандықтары.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бағыты бойынша кемінде 7 жыл, оның ішінде қызмет бағыты бойынша басшылық лауазымдарда кемінде 4 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Ғылым кандидаты
- Ғылым докторы
Ұқсас вакансиялар